Тері гигиенасы. Тері және оның қосымша түзінділерін (шаш, тырнақ)
таза ұстау керек.
Терінің лас болуы көптеген ауруларға себеп болуы мүмкін. Сондықтан
күн сайын душқа түсіп, дененің ашық бөліктерін: аяқ-қолды, мойынды
және т.б. жүйелі түрде жуып отыру керек. Қолды жумай бет терісін
ұстауға болмайды. Жекебас гигиенасын сақтамау – көптеген тері
жұқпаларына себеп болады.
А дәрумені жетіспеген кезде тері құрғап,
жарылып кетеді.
Шашты оның түріне қарай күту керек. Шаш майлылығы жоғары
болған кезде оны жиі жуу қажет.
Аяқ пен қол тырнақтарын уақытында алып отыру керек. Себебі
тырнақ астында микроағзалардың едәуір бөлігі жиналады. Тырнақ ма-
ңайындағы кез келген жара мен зақымды сутегі тотығымен, йодпен, зе-
ленкамен және т.б. зарарсыздандыру керек.
Тері тазалығы мен саулығына киім мен аяқкиім де әсер етеді. Егер
киім мен аяқкиім жасанды теріден, ауа өткізбейтін материалдан жасал-
са, онда теріге зор зиян келтіреді. лас тері өз қызметін толық атқара ал-
майды және тері ауруларына ұшырайды. Сондықтан киім мен аяқкиімге
қойылатын бас ты талап – ауа өткізуі және ылғал сіңіруі қажет.
Бактериялық, саңырауқұлақ және паразит жануарлар туды- ратынаурулар,теміреткі,қышымақотыр,безеубөртпесі,А дәрумені,дерматолог. Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217