128 Білу және түсіну: 1. «Тері гигиенасы» деген түсініктің мағынасын айтыңдар.
2. Саңырауқұлақ тудыратын аурулар дегеніміз не? Олар қандай болады?
3. Неліктен тері аурулары қауіпті екенін түсіндіріңдер.
қолданылуы: 1. Өсіп кеткен тырнақ не үшін қауіпті екенін мысалдар келтіріп дәлел-
деңдер.
2. Бактериялар тудыратын безеу бөртпесінің алдын алу шаралары
қандай?
3. «Тері ауруларының алдын алу шаралары» деген жаднама жасаңдар.
Талдау: 1. Тері ауруларының белгілерін талдаңдар. Ауру және оны қоздырушылар
арасындағы байланысты анықтаңдар.
2. Адамның терісінде өзіне тән түсі бар жарық (проплешины) пайда бол-
ды. Бұл жараны қандай паразит ағза тудырады?
3. Адамның саусақтарының арасы басылмай қышиды. Бұл ауруды
қандай паразит тудырады?
4. Тері ауруларының пайда болу себептері мен жұғу жолдарын сыз-
ба түрінде бейнелеңдер. Сонымен қатар алдын алу шараларын
көрсетіңдер.
Синтез: 1. Терісінде көптеген жарықтары (проплешины) бар сиырды күтетін
адамға қандай ауру жұғуы мүмкін?
2. Ауру қоздырушыларының жүйедегі орындарын критерий бойын-
ша жүйелеңдер. Олар терінің қандай жұқпалы ауруларын келтіріп
шығарады және олармен күресудің қандай шараларын білесіңдер?
Бағалау: 1. Адам ағзасында не жетіспегенде терісі құрғақ болады әрі жарылып
кетеді?
2. Сыныпта мынадай мәселені талқылаңдар: адам терісіне зақым келмеу
үшін қандай киім қажет?
3. Мына адамдардың қайсысы тері ауруларынан жақсы қорғалғаны
туралы пікірлеріңді айтыңдар: 1) жиі жуынатын, тісін тазалайтын
және гигиенаны қадағалайтын; 2) спортпен айналысатын, дұрыс
тамақтанатын және дәрумендер ішетін.
Пікірталас: Егер жеке гигиена ережесі сақталатын болса, теріде қандай да бір
проб лема туындауы мүмкін бе?
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217