42
Балықтар класы
– желбезекпен тыныс алатын су жануарлары.
Денесі бас, дене және құйрық болып бөлінеді, қабыршақпен қапталған.
Ал қозғалу мүшелері жүзбеқанаттары болып табылады.
Қосмекенділер класы
– жартылай су жануарлары. Дернәсілдері
суда (не ылғал ортада) дамиды, желбезекпен тыныс алады. Ересек
қосмекенділерде эволюция барысында алғаш рет өкпесі пайда болды.
Денесін жалаң шырышты тері қаптайды, ол тыныс алуға 40% қатысады.
Қозғалу мүшелеріне екі жұп аяғы (алдыңғы және артқы) жатады.
Жорғалаушылар класы
– құрлықты толық игерген және 100%
өкпемен тыныс алуға көшкен жануарлар. Қозғалу мүшелеріне екі жұп
аяғы жатады (жыландар мен кейбір кесірткелерде аяқ болмайды). Олар
жорғалау
арқылы қозғалады. Осыған байланысты класс атауы шыққан.
Сондықтан олардың денесі қабыршақпен (жылан, кесіртке), қалқаншамен
(қолтырауын) немесе сауыт пен (тасбақа) қапталған.
Құстар класы
– құрлықты ғана емес, ауа тіршілік ортасын да
игерген жануарлар. Құстардың басты сыртқы ерекшеліктері – қозғалу
мүшесі, қанаттарының болуы. Денесі қауырсынмен жабылған, ол
жылуды сақтайды және қанатының қалыптасуына қатысады. Тағы да
бір маңызды ерекшелігі – ауыз мүшесі. Яғни тістері жоқ тұмсығының
болуы.
Сүтқоректілеркласы
– қазіргі жануарлардың ішіндегі ең жетілген
(прогрессивті) класс. Терісінде май және тер бездері бар және жүнмен
қапталған. Ең маңыздысы – баласын қоректендіру үшін түзілген және
осы класқа атау болған
сүт бездері
болады. Сүтқоректілердің сыртқы
ерекшеліктері – сыртқы құлақ, тұмсығындағы сезімтал талшықтары
(мұрты, қасы), денесінің астында орналасқан аяқтары, ал тістері күрек,
ит тіс және азу тіс болып бөлінген.
Омыртқалылардың әрбір класының ішкі құрылысының көптеген
ерекшеліктері бар. Біз тек сыртқы ерекшеліктерін қарастырдық.
Буынаяқтылар, желілілер, желбезектер, хелицерлер, желі,
жүйкетүтікшесі,сүтбездері.
Достарыңызбен бөлісу: