§9. Жануарлардың басым типтері мен олардың кластары Буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын
ерекше белгілері бойынша тану
Жануарлардың қандай типтерін білесіңдер? Олардың қандай айыр ма- шылықтары бар? Хитин, желі, сыртқы және ішкі қаңқа дегеніміз не? Олар қандай жануарларға тән? Жануарлардың басым типтері. Қазіргі кезде жер жүзінде біржасу-
шалы және көпжасушалы жануарлардың әртүрлі тип тері бар. Олардың
барлығы эволюция барысында жетіліп, тіршілік ортасына жақсы
бейімделді. Бірақ жануарлардың екі типі басқа жануарлар дүниесінен
күрт ерекшеленеді. Бұлар – түрлер және дара саны ең көп
буынаяқтылар типі. Екін шісі эволюция барысында ең соңында пайда болған, ең жетілген
желілілер типі.