55
ұйқы безінің өзегі ашылады (37-сурет). Ашішекте қоректік заттар
қорытылады да, қан мен лимфаға сіңіріледі. Бұл ашішектің ішкі бетіндегі
микроскопиялық
ішекбүрлері
арқылы жүреді.
Тоқішекте
қанға су (95%-ға дейін), дәрумендер мен минералды
тұздар сіңіріледі. Тоқішектің басталған жері соқырішек деп аталады.
Соқырішектің төменгі шетінде ұзындығы 8–9 см-дей құрттәрізді өсінді
ап
-
пендикс
болады. Сүтқоректілердің соқырішегінде ферменттердің әсерінен
өсімдік жасұнығы ыдырайды. Сонымен, тоқішекте кейбір дәрумендер
(В тобындағы және т.б.) синтезделеді. Тоқішек тікішекпен, ал тікішек
аналь тесігімен аяқталады. Тамақтың қорытылмаған қалдықтары аналь
тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: