58
§13. Асқазан-ішек жолдарының аурулары
және тамақтану гигиенасы
Асқорыту жолы ауруларының және тамақтан уланудың
себептерін
анықтау
Асқорыту мүшелерінің қандай ауруларын білесіңдер? Ол аурулардың алдын
алу туралы не білесіңдер?
Асқазан және ішек ауруларын
ауру тудыратын микроағзалар (бакте-
риялар, қара пайым дар) және вирустар тудыруы мүм кін. Көбінесе ағ за ға
ішек жұқпасының (инфекция) қоздырушылары қайнамаған су,
жақсы
жуылмаған көгөністер мен жеміс-жидектер, лас ыдыс-аяқ, кір қол және
сақтау мерзімі өтіп кеткен тамақ өнім дері арқылы түседі. Микроағзалар
тез көбейеді, ағзаны улайтын улы заттар бөліп шығарады.
Қауіпті
ауруларға
дизентерия (тышқақ), ішсүзегі (тиф), тырысқақ (холера)
және т.б. жатады.
Асқазан-ішек жолдары ауруларының жұқпаларын көбі несе шыбындар
мен тарақандар да таратады. Сондықтан осы жәндіктермен күресуге назар
аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: