А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет234/252
Дата24.10.2023
өлшемі5,1 Mb.
#188074
түріКнига
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   252
Байланысты:
Биология 《8》
uPVjmoSnRZS8KcUm0uaB3GIghuMv8h1vVtGqSigX, 369700
271
Менингит –
ми мен жұлынның қабынуынан болатын жұқпалы ауру.
Мениск – 
тізе буынының оны құрайтын сүйектердің қисықтығының 
сәйкессіздігін тегістейтін және буындағы күрт соққыны жұмсартатын ішкі және 
сыртқы орақтәрізді шеміршегі. 
Метаболизм 
– зат алмасу дегенді білдіреді. 
Метеоризм 
– асқорыту жолында газдардың жиналуы.
Мешел
(рахит) – балаларда Д витамині түзілуінің бұзылуынан болатын ауру.
Ми бағаны 
– ми бөлімі. Ортанғы, артқы (мишықты қоса) және сопақша 
мидан тұрады.
Микседема 
– қалқанша безден бөлінетін гормонның жетіспеуінен болатын 
ауру.
Миозин 
– жуан бұлшық ет талшықтарын түзетін нәруыз.
Миокард
– жүректің бұлшық етті қабаты.
Мишық
– ми бөлімі, артқы ми бөлігі. 
Моноциттер
– қорғаныштық қызмет атқаратын түйіршіксіз лейкоцит 
жасушалары.
Морфин
– көкнәр құрамындағы алкалоид. Медицинада ауырсынуды басатын 
дәрілік зат ретінде қолданылады. 
Мутациялар
– табиғи немесе жасанды түрде пайда болатын ағзаның 
генетикалық материалындағы – хромосомалары мен гендеріндегі қайта құрулар 
мен бұзылуы нәтижесінде тұқым қуалайтын қасиеттерінің өзгерістері.
Мутуализм 
– симбионттардың бірі екіншісіне қандай да бір пайда әкелетін 
симбиоздың бір түрі. 
Н
Нақұрыстық
, қауқарсыздық – олигофренияның жеңіл түрі. Танымдық 
үдерістердің төмен деңгейімен, негізінен, дерексіз ойлаумен, мінез-құлықты 
ерікті түрде нашар бақылаумен сипатталады.
Наркоз 
– сананы және ауырсыну сезімталдығын жойып, жасанды түрде терең 
ұйқы тудыру.
Натрий хлориді, ас тұзы, NaCl 
– маңызды тағамдық қоспа.
Невропатолог
(невролог) – жүйке жүйесінің ауруларын емдейтін дәрігер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет