А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет221/252
Дата24.10.2023
өлшемі5,1 Mb.
#188074
түріКнига
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   252
Байланысты:
Биология 《8》
uPVjmoSnRZS8KcUm0uaB3GIghuMv8h1vVtGqSigX, 369700
261
Альвеола (лат.
alveolus
– ұяшық, көпіршік) – 1) өкпе бронхыларының өте 
ұсақ тармақтарының ұшындағы капиллярларға толы домалақ немесе сопақша 
көпіршіктер. 
Альдостерон
– адам мен жануарлар ағзасындағы минералды зат (Na, К) 
және су алмасуын реттейтін бүйрекүсті безі қыртысты затының гормоны 
(кортикостероид гормоны). 
Амнезия
– еске түсіре алмау белгілері бар аурудың түрі. Негізінен жақында 
болған оқиғаларды немесе өткен оқиғаларды толық еске түсіре алмау. 
Анализаторлар
немесе талдағыштар – шеткі қабылдағыш бөлімдерден 
басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни 
ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен 
байланыстырып түрған рефлекторлық доғаның сезімтал бөлігі.
Аналық без 
– жұмыртқа жасушалары түзілетін және жетілетін аналық 
жыныс безі.
Анатомия
– адам ағзасының құрылысы туралы ғылым. 
Андрогендер
– аталық жыныс гормондары. 
Анемия
(қаназдық) – қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен 
болатын ауру. 
Анестезия
, жансыздану. Анестетик күшімен сезімнен айырылу. Белгілі бір 
жерінің ауырғанын сезбейтіндей етіп жансыздандыру.
Аносмия
– иіс сезу түйсігінен айырылу.
Антибиотиктер
– микроағзалардың өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын 
микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат.
Антигендер
– ағзаға әртүрлі жолмен енген және оған қарсы жүретін иммундық 
реакциялар нәтижесінде адам мен жануарлар денелерінде қарсыденелер 
(антиденелер) түзілетін, табиғаты ағзаға жат ірі молекулалы протеиндік заттар 
және полисахаридтер.
Антисептика
– антисептикалық емдік профилактикалық шаралар жиынтығы. 
Антиденелер
немесе қарсы денелер – адам мен жануарлар ағзасына енген 
жат бөгде ірі молекулалы протеиндік заттарға (антигендерге) қарсы иммундық 
реакциялар нәтижесінде түзіліп, олардың зиянды әсерлерін жоятын протеиндік 
заттар.
Антропогенез
– антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму 
тарихын, оның жеке биологиялық түр болып қалыптасуын және адамзат 
қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға 
сүйене отырып, зерттейтін негізгі саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет