149
ет күші ғана емес,
байламдардың иілгіштігі, сүйектердің беріктігі, зат
алмасу белсенділігі, жүрек, буын, өкпе және т.б. жағдайы тәуелді бола-
ды. Денешынықтыру жаттығулары аурулардың алдын алуға және емдеу-
ге көмектеседі (емдік денешынықтыру).
Ежелгі Грекияда бұлшық ет күшіне үлкен мән берген. Әйгілі дәрігер
Гиппократ денешынықтыру жаттығуларының денсаулықты нығайтуға
және ауруды жеңуге әсер көрсететінін дәлелдеді. Спартада дене тәрбиесінің
қатаң жүйесі болды (б.з.д. VIII–VI ғғ.). Таза ауа мен еркін қозғалу арқылы
денсаулықты нығайту үшін нәрестелерді жаялыққа орамады.
Балалар-
ды қараңғылықтан қорықпауға, жыламауға, тамақ таңдамауға үйретті.
7 жасқа дейін балалар отбасында өсті. 7 жастан 18
жасқа дейін жас
спарталықтар гимназияда тәрбиеленді, ол жерде,
негізінен, спортпен
(жүгіру, секіру, күресу, аң аулау, әскери ойындар және т.б.) шұғылданды
(84-сурет). Олар қартайғанша жауынгер болып қалды. Кейіндеу Афиныда
(б.з.д. V ғ.) жасөспірімдер әскери-денешынықтыру даярлығын ғана емес,
жан-жақты білім алды.
Қазақ халқы дене тәрбиесіне үлкен мән берген. Бала жүре бастаған
кезден атқа мінгізіп үйреткен. Халық ойындары, күрес түрлері, әскери
біліктілік
төзімділікке, бұлшық еттің күшті болуына, ептілікке,
қырағылыққа жаттықтырды.
Қазіргі кезде спорттың алуан түрлері, гимнастика және басқа
да белсенді денешынықтыру түрлерімен шұғылдануға болады. Бұл
жаттығулармен үздіксіз, аптасына ең аз дегенде 9 сағат шұғылдану керек
(85-сурет).
84-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: