195
гаплоидты жасушалар ірілеу болғандықтан
мегаспоралар
деп атайды. Со-
дан соң бұл «спораның» гаплоидты жасушаларынан гаметофит жасуша-
лары (аналық бүрде – мегагаметофит және аталық бүрде – микрогаме-
талар) түзіледі. Споралы өсімдіктерге қарағанда тұқымды өсімдіктердің
гаметофиттері өздігінен фотосинтездеуге, ризоидтары арқылы топырақтан
су мен басқа заттарды соруға қабілетті болмайды. Бұл белгілі бір бөлігі
тіршілігін жоятын, гаплоидты жасушалар.
Гаметофиттердің тірі жасу-
шаларынан гаметалар түзіледі.
Қарағайдың аталық гаметалары – спермийлер
тозаңқабында
бола-
ды. Тозаңқаптың немесе шаң тәрізді тозаң дардың әрқайсысы екі қалың
қабықтан, екі тыныс саңылауы болатын тозаң түтікшелері
және екі
гаплоидты спермийден тұрады. Мұндай тозаңдар желмен оңай тарала-
ды. Тозаңданғаннан кейін спермийлер
жұмыртқа жасушасына тозаң
түтігі арқылы жеткізіледі. Спермийдің біреуі жұмыртқа жасушасын
ұрықтандырады.
Аналық гаметалар – (жұмыртқа жасушалары) аналық бүрде түзіледі.
104-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: