А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет112/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Бастың бұлшық 
еттері:
1 – маңдай бұлшық еттері;
2 – самай бұлшық еттері; 
3 – көздің айналасындағы 
шеңберлі бұлшық еттер; 
4 – ауыздың айналасындағы 
шеңберлі бұлшық еттер;
5 – шайнау бұлшық еттері;
6 – мойын мен кеудені 
қозғалтатын бұлшық еттер;
7 – желке бұлшық еттері


146
Бұлшық еттерді жіктеу. 
Дене бө-
лімдеріне қатысты орналасуы бойынша
­
бас, мойын, дене және аяқ-қол бұлшық 
еттері болып бөлінеді (81, 82, 83-сурет-
тер):
•­
пішіні бойынша:
­
ұзын, қысқа, 
жалпақ және шең берлі бұлшық еттер; 
•­
орналасуы бойынша бет кейлік және 
терең, сыртқы және ішкі, бүйірлік және 
ортасында орналасатын бұлшық еттер 
(82-сурет); 
• орындайтын қозғалысы және буын-
ға әсер ету сипаты бойынша: бүгу және 
жазу, әкелетін және апаратын, айналды-
ратын және көтеретін, түсіретін, қысатын, кеңей тетін және т.б. бұлшық 
еттер. 
9
8
7
6
5
4
3
2
1
83-сурет. 
Денені қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер: 
1 – бүгіп, қозғалысқа келтіру; 2 – мойын мен кеудені қозғалту; 3 – қолды көтеру; 4 – иықты жоғары 
қозғау бұлшық еттері; 5 – құрсақ бұлшық еті; 6 – денені тік ұстауға, жүруге, тұруға көмектесетін 
бұлшық еттер; 7 – мықынды қимылдататын; 8 – санды қимылға келтіру; 9 – балтыр мен аяқ ұшын 
қимылға келтіретін бұлшық еттер
82-сурет. 
Мойынның бұлшық 
еттері
сыртқы 
бұлшық ет
орталық 
бұлшық ет
терең 
бұлшық ет


147
Бұлшық еттің қа жуы. 
Ұзақ жұмыс істеу бұлшық еттің шаршауы-
на, оның жұмыс қабілетінің төмендеуіне апарып соғады. Нәтижесінде 
қозғалыс дәлдігі мен күші азаяды. 
Аз уақыт демалған соң бұлшық ет өз қабілетін қайта қалпына 
келтіреді. Қажуға бұл шық еттің шаршауы емес, жүйке жүйесінің 
(жүйке орта лығының) қажуы және зиянды заттардың әсері себеп болады. 
Шаршаудың алдын алу үшін жұмыс істеген кезде үзіліс жасап отыру ке-
рек. Демалған кезде қан бұлшық еттерді оттекпен және қоректік заттар-
мен қамтамасыз етеді, ағза жасушаларынан зиянды заттарды шығарады. 
Адамның жұмысқа қабілеттілігі оның көңіл күйіне де байланысты. 
Жұмысқа құлшына кіріскен кезде оңай бітіруге болады және адам тез 
шаршамайды.
Бұлшық­ет,­диафрагма,­миоциттер,­бірыңғай­салалы­бұлшық­
ет,­көлденең­жолақты­қаңқа­бұлшық­еті,­жүрек­бұлшық­еті,­
қаңқа­ бұлшық­ еті,­ шеңберлі­ бұлшық­ ет,­ тіл­ бұлшық­ еті,­
мимикалық­бұлшық­еті,­бұлшық­ет­талшығы,­шандыр,­сіңір,­
антагонист-бұлшық­ ет,­ бүгу­ бұлшық­ еті,­ жазу­ бұлшық­ еті,­
жиырылғыштық.­


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет