А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет113/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Білу және түсіну:
1. Қандай бұлшық ет жасушаларын микроскопсыз көруге болады? 
Анықтама беріңдер.
2. Адам ағзасында қанша бұлшық ет бар екенін атаңдар.
3. «Миоцит, бұлшық ет талшығы, бірыңғай салалы бұлшық ет, көлденең 
жолақты бұлшық ет ұлпасы» деген түсі нік терді қалай салыстыруға 
болады? 
қолданылуы:
1. Шандыр мен сіңір арасындағы байланысты анықтаңдар. Олардың 
қызметін сипаттаңдар. 
2. Бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық еттерді салысты-
рыңдар. 
Талдау:
1. Пікірлеріңді айтыңдар: «Жұмыстың ешбір түрінен қорықпайтын бала 
30 минутта 50 см жерді қазды. Ал компьютерде ойнағанды ұнататын 
бала осы жұмысты 1 са ғат бойы орындады».
2. Қаңқа бұлшық еті құрамына кіретін бөліктер және олардың қызметі 
өзара қалай байланысты екенін мысалдар келтіріп дәлелдеңдер. 
Бұлшық еттер сүйектерге қалай бекиді? 


148
Синтез:
1. Бұлшық еттер бүгуді және жазуды қамтамасыз ете ала ма? Мысалдар 
келтіріп, дәлелдеңдер. 
2. Мынадай критерийлер: орналасуы, жасушаларының құры лысы, 
қозғалу сипаты бойынша бұлшық еттерді сипат таңдар. 
Бағалау:
Қаңқа бұлшық ет құрамына кіретін әрбір құрылым және жасуша 
ішіндегі микроскопиялық құрылым рөлін баға лаңдар.
Пікірталас:
ішекқуыстылардан бастап адамға дейін бұлшық ет жүйесі эволюциясы-
на қандай факторлар себепші болғанын талдаңдар.
№10 зертханалық жұмыс.
Бұлшық ет ұлпасының құры лысын зерттеу. 
255-бетті қара.
§36. гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және 
жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. 
Олардың алдын алу шаралары 
Гиподинамия салдарын атау. Сымбаттың бұзылуы 
және жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау
ДДҰ мәліметтері бойынша адам өліміне себеп болатын аурулардың ішінде 
қай жүйке аурулары алдыңғы орында тұр? 
Гиподинамия
– аз қозғалу. Қазіргі кезде көптеген жұмыс түрлері 
механикаландырылғандықтан, адамзат 
гипокинезияға­ (
грек,
­ гипо­
– 
қалыптан төмен;
­ динамис­
– күш) тап болды. Бұл аз қозғалудың ауру 
күйі. Бұлшық ет белсенділігінің төмендеуі салдарынан жү рек, өкпе, қан 
тамырлары әлсіз және кез келген психикалық немесе дене жүктемесіне 
төзімсіз болады. 
ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметтері бойынша 
өлім-жітімге көп жағдайда жүрек-қан тамырлары аурулары (инфаркт 
және инсульт) басты себеп болып табылады. Спортпен шұғылданған 
адамдарда жаттықпаған адамдармен салыстырғанда инфаркт ауруы си-
рек болады. Яғни дене жүктемесі, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, 
жүйке және иммундық жүйелерге жағымды әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет