А. Соловьева, Б. Ибраимова


§8. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер



Pdf көрінісі
бет26/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

§8. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер 
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді 
негізгі белгілеріне қарай ажырату
Гүлді өсімдіктердің бөлімдерін қанша класқа бөледі? Олардың қандай 
айырмашылықтары бар? Камбий дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?
гүлді немесе жабықтұқымды өсімдіктердің бөлімдері
даражарнақты
және 
қосжарнақты
өсімдіктер болып екі класқа бөлінеді. Осы екі класқа 
жататын өсімдіктердің айқын айырмашылығы бар. Оларды нақты 
қарастырайық. 
Тұқымның құрылысы
тұқымжарнағы
арқылы ажыра тылады 
(26-сурет). Даражарнақты өсімдіктердің тұқымында тек бір тұқымжар-
нағы болады. Сәйкесінше, қосжарнақты өсімдіктердің тұқымында екі 
тұқымжарнағы бар. Әрине, ұсақ тұқымдардың тұқымжарнағының санын 
ажырату қиын, бірақ қосжарнақтылардың ірі тұқымдары екі жарты 
бөлікке – тұқымжарнағына оңай бөлінеді. Оларға: бұршақ, үрмебұршақ, 
жержаңғақ, грек жаңғағы, орман жаңғағы, пісте; асқабақ, қарбыз
және т.б. тұқымдар жатады. Осы өсімдіктердің барлығы қосжарнақты 
өсімдіктерге жатады. 


35
Даражарнақтылар класына күріш, жүгері, арпа, сұлы, бидай, 
қарабидай және т.б. дәнді дақылдар жатады. Олардың тұқымдары 
екі тұқымжарнағына бөлінбейді. Бұл класқа дәнді дақылдардан 
басқа лалагүлділер тұқымдасының өсімдіктері де жатады: лалагүл, 
қызғалдақ, інжугүл, бәйшешек, құртқашаш, пияз, сарымсақ, 
қасқыржем және т.б. 
Көптеген даражарнақты өсімдіктер – жартылай су өсім діктері. Қияқөлең, 
жебежапырақ, элодеяны көргендерің бар ма? Барлық пальмалар, орхидея-
лар да даражарнақты өсімдіктерге жатады. 
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің 
та мыр жүйесі 
де 
әртүрлі типті (27-сурет). 
Қосжарнақты­ өсімдіктердің
тамыр жүйесі –
26-сурет. 
а) бидай және
 
ә)
 
үрмебұршақ тұ қымының 
(ұзынынан қақ жарылған) құрылысы
алғашқы
бүршікше
алғашқы 
сабақша
алғашқы 
тамырша 
Тұқым- 
жарнағы
Тұқым 
қабығы
Ұрық
Тұқым 
қауызымен 
біріккен 
жемісқап
Эндосперм
Тұқымжарнағы
Ұрық
бүршікше
сабақша
тамырша
а)
ә)
27-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет