А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет27/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Тамыр жүйесінің типтері
кіндік тамыр 
жүйесі
шашақ тамыр 
жүйесі


36
кіндік тамыр. Олардың негізгі тамыры айқын байқалады. Ал 
даражарнақтылар­

­ шашақ
тамыр жүйесіне ие және негізгі тамырын 
ажырату мүмкін емес. 
Даражарнақты өсімдіктер жапырақтарының
жүй ке ленуі 
мен
тип-
тері 
 
параллель­ немесе­ доғатәрізді­
(28-сурет, 1). Қосжар нақ ты 
өсімдіктер жапырақтарының жүйкеленуі 
торлы-қауырсынтәрізді
не 
саусақтәрізді
. Торлы-қауырсынтәрізді жүйкелену кезінде жүйкелер 
құс қауырсынына ұқсас кескін түзеді. Оған емен, алма, жөке, қайың, 
қараағаш, үйеңкі, түймедақ жапырақтары мысал бола алады. Егер 
үш немесе одан да көп ірі жүйкелер алақан мен саусақтары сияқты 
орталықтан жан-жаққа таралса, 
торлы-саусақтәрізді­
деп аталады. Ка-
нада үйеңкісінің, бегония, қазтабан, майсана, жүзімнің жапырақтары 
осылай орналасқан. 
Даражарнақтылардың жапырақтары ешқашан күрделі болмайды. 
Яғни бір жапырақ әрқашан тек бір жапырақ тақтасынан тұрады. Мысалы, 
інжугүл, қызғалдақтың жалпақ жапы рақтарын немесе жүгері, бидай, 
пияз, сарымсақ, қамыстың жіңішке жапырақтарын айтуға болады. 
Қосжарнақтылардың жапырақтары жай және күрделі бо лып бөлінеді 
(28-сурет, 2). Қайың, бөртегүл, алманың жапырағы жай, ал бұршақ
акацияның жапырағы 
қауырсын-күрделі
; тал шынның жапырағы 
күрделі-
саусақты
, беде не құл пынайдың жапырақтары 
үшқұлақ-күрделі

Гүлдің құрылысы да 
тостаған жапырақшалары
мен 
күлте жапырақ-
шаларының
санымен ерекшеленеді. Даражарнақ тыларда тостаған жапы-
рақшалары болмайды, тек күлте жапырақшалары болады. Мысалы, 
қызғалдақ немесе інжугүл, орхидея гүлдері. Әдемі, ашық немесе ақ түсті 
гүлдердің төмен жағынан көмкеретін жасыл тостаған жапырақшалары 
жоқ. Қосжарнақтыларда керісінше күлте жапырақшалары да, тостаған 
жапырақшалары да бар. Раушангүл, қалампыр, шырайгүлдің әдемі күлте 
жапырақшаларын төменгі жағынан 
жасыл­тостаған­жапырақшалары
1
орап тұрады. Сондықтан даражарнақтыларда гүлсерігі жай (қара пайым), 
ал қос жарнақтыларда қосарлы деп аталады (28-сурет, 3).
Гүл бөліктерінде де айырмашылық болады. Даражарнақ тыларда 
күлте жапырақшаларының саны екі не үш еселі. Мысалы, қызғалдақ, 
інжугүл, пияз гүлдерінің 6 күлте жапырақшасы, 6 аталығы және үш 
қа лақ ты аналығы болады. Ал астық тұқымдастардың гүл де рі нің екіден 
гүл қабыршағы, үш не алты аталығы мен екі қа лақты аналығы болады. 

Кейбір өсімдіктерде эволюция барысында не күлте, не тостаған жапы рақ шалары 
жойылып кеткен. Қызылша, емен, шаған, қараағаш гүлдері осындай. Бұл желмен тозаң-
дануға бейімделу болып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет