А. Соловьева, Б. Ибраимова


Жасуша мембранасы мен жасуша қабырғасы



Pdf көрінісі
бет4/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Жасуша мембранасы мен жасуша қабырғасы
қорғаныш қызметін 
атқарады. Барлық жасушалар
­ сыртқы
мембрана­мен­
жабылған.
­
Бірақ 
саңырауқұлақтар мен өсімдіктерде және көп теген бактерияларда 
мембранадан басқа сыртында 
жасу­ша­қабырғасы
да болады. Ол жасушаға 
беріктік қасиет береді және пішінін сақтайды. Са ңы рауқұлақтардың 
жасуша қабырғасы 
хитиннен
, өсім дікте 
целлюлозадан
, ал бактерияларда 
муреиннен
тұрады. 
Жасуша органоидтері. 
Пластидтер
– тек өсімдік жа сушасының 
органоидтері. Олардың үш типі болады. 
Хло­ро­пластарда
жасыл пиг- 
мент – хлорофилл болады, ол фотосинтез үдерісін жүзеге асырады. 
Фотосинтез үде рісі хлоропластың ішкі мембранасында, қатпарларда – 
гра­наларда
жүреді. 
Лейкопластар
– ақ немесе түссіз плас тидтер. Олар 
крахмалда – қоректік заттар қорын жинайды. 
Хромопластарда­
қызыл, 
сары немесе қызыл сары пигменттер болады. Олар қоректік (сәбізде, 
қызылшада) немесе зиянды (күзгі жапырақтарда) заттарды жинайды. 
Гүлдердің күл телеріне ашық түс беріп, жәндіктерді еліктіреді. Пластидтер 
бір-біріне айналуы мүмкін. 


6
Митохондриялар
– жасушаның энергетикалық стан сысы. Ол барлық 
эукариоттарда бар. Органикалық заттардан (нәруыздар, майлар немесе 
көмірсулар) оттек әсерінен су мен көмірқышқыл газы түзіледі, ал 
бөлінген энергия АТФ түрінде қорға жиналады. үдеріс 
кристаларда
– 
ішкі мембрана өсінділерінде жүреді. 
Рибосомалар
нәруыз биосинтезін жүзеге асырады – аминқышқылда-
рын нәруыздарға біріктіреді. Олар барлық тірі жасушаларда, тіпті 
прокариоттарда болады. 
Гольджи­ жиынтығы
заттардың жасушаішілік тасы малын, майлар 
мен көмірсулардың модификациясы мен синтезін, лизосомалардың 
түзілуін жүзеге асырады. Ол ядроның қасында қуыстар мен цистерналар 
түрінде ретті орналасқан мембраналардан тұрады. Олардан үнемі 
мембрана көпір шіктері бөлініп отырады. Онда сыртқа бөлінетін немесе 
ұзақ уақыт сақталатын заттар болуы мүмкін. Көпіршіктер дің бір бөлігі 
лизосомаларға айналады.
­
Лизосомалар
– асқорыту вакуольдері – асқорыту ферменттеріне 
толы мембрана көпіршіктері. Олар зиянды немесе қоректік заттарды 
ыдыратады. Өзін-өзі қорытуды – 
автолизді
жүзеге асырады. Жануарлар 
мен саңырауқұлақтарда болады.
ЭПТ­ (эндоплазмалық­ тор)
– цитоплазманың ішіндегі мембрана 
түтікшелері (өзекшелері). Тегіс ЭПТ (рибосомасы жоқ) майлар мен 
көмірсулардың синтезін, ал бұдыр ЭПТ (рибосомалары бар) – күрделі 
нәруыздар биосинтезін жүзеге асырады. Барлық ЭПТ Гольджи жиын-
тығымен бірге заттардың жасушаішілік тасы малына қатысады.
Нағыз­вакуоль
тек өсімдіктер мен саңырауқұлақтарда болады. Бұл –
жасуша­ шырынына
толы мембрана көпіршігі. Онда зиянды немесе 
қоректік заттар концентрлі ерітінді түрінде сақталады. Сонымен қатар 
вакуольдер өсімдік жасушасында жасушаішілік қысымды сақтайды. 
Қабықша,­цитоплазма,­ядро,­эукариоттар,­прокариоттар,­ри-
босомалар,­ митохондрия,­ Гольджи­ жиынтығы,­ ядрошық,­ хро-
мосомалар,­ кариоплазма,­ пластидтер,­ автолиз,­ лизосомалар,­
ЭПТ,­вакуоль,­жасушалық­шырын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет