Алдыңғы оқу
«Сөйлемді толықтыр»
– Эритроциттердегі нәруыз... деп аталады.
– Қан беретін адам....
– Қан қабылдайтын адам....
– ... топты әмбебап донор деп атайды.
– Қан тобы... болатын адам кез келген қан тобын қабылдай береді.
– Агглютинация дегеніміз... жабысып қалуы.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Топқа бөлу әдісі: «Ұқсас ерекшеліктер»
Сынып осы әдіс арқылы «Вена тамырлары», «Артерия
тамырлары», «Капилляр тамырлары» топтарына
бөлінеді. Әр топ өз атының сабаққа байланысын
болжайды.
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:
«Мен өзімді мадақтаймын»
Мақсаты: өзін-өзі бағалауды көтеру, өзіне деген
сенімділікті арттыру.
Нұсқау: әрбірің өзіңді бір нәрсе үшін мадақтауыңды
сұраймын. Ал басталық, мен бастайын, сендер
қостаңдар: «мен өзімді еңбекқорлығым үшін
мадақтаймын»...
1-топ:
Аталары
барлар
2-топ:
Әжелері
барлар
3-топ: Аға-
апалары
барлар
Ортасы
І. Оқулықпен жұмыс.
Материалдарды сынау бағдарламасы
бойынша мәтінді меңгерту
Жұптасып:
1. Қан тамырларын сипаттау үшін жазып алған
сөздеріңді жұбыңа айт (2 минут).
2. Жүрек-тамыр жүйесін сипаттауға келетін сөздер бар
ма? (1 минут)
3. Жануарлардың жүрек-тамыр жүйесінің эволюциясы
туралы ойлан – олардың бірте-бірте күрделенуінің
себебін сипаттауға келетін сөздер бар ма? (1 мин)
Енді басқа жұппен бірігіңіз:
4. Ақпаратпен бөліс (2 мин).
5. Қан тамырларының айырмашылығы неде екенін анықтап
көріңіз (2 мин).
6. Тамырлар арасында байланыс бар ма? Талқылаңдар
(5 мин).
Оқулық
167
Барлық сыныппен:
7. Жүрек қабаттарының ерекшеліктері қандай?
Талқылаңдар (3 мин).
8. Жүректің тоқтаусыз жұмыс жасауының мәні неде? (4
мин)
Дескрипторлар:
– Мәтінді толық меңгеріп, жеке, топтық жұмыс
тапсырмасын толық орындайды.
– Қан тамырларын, олардың ерекшеліктерін біледі,
салыстырады, ажыратады.
– Жануарлардың жүрек-тамыр жүйесінің эволюциясы
сипаттап береді.
– Жүректің құрылысын талдайды.
Сергіту сәті «Алақан»
Жаттығу жұп-жұппен жүргізіледі. Жұптар алақандарымен
шапалақтай отырып, максималды жылдамдыққа жету керек.
Сөйлеуге болмайды. Қателескен жұптар қарсыласын
ауыстыруы тиіс. (Оқушылар алақанмен шапалақтап
ойнағанда жалықпай, ұзақ уақытқа созылған кезде де өзін
жақсы, еркін ұстай алады).
Кері байланыс «Өз жұмысыма талдау»
– Не істедім?
– Қандай мақсатпен?
– Неге солай жасадым?
– Қандай нәтиже алдым?
Аяқталуы
Жүрек-тамырлар жүйесі туралы бес сөйлем жаз.
Дескрипторлар:
– Сұрақтарға барынша толық жауап береді.
– Тақырыптағы негізгі идеяны ары қарай дамытады.
Кері байланыс:
1. Топта бірлесіп жұмыс жасағанда не қызық болды?
2. Бірлескен жұмыс барысында жағымды атмосфера орнады
ма?
Қосымша ақпарат. Буылтық құрттарда қан айналу жүйесі көпшілігінде тұйық біткен, ол
арқа қан тамырынан (қан арттан алға қарай ағады) және құрсақ қан тамырынан (қан алдын
артқа қарай ағады) құралады.
Ұлулардың жақсы дамыған жүрегі артқы ішектің үстінде орналасып перикардия (целомның
қалдығы) қуысында жатады. Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрлі жүйелік топтарында
орталық мүшенің, яғни жүректің құрылысы әртүрлі болады. Мысалы, Prosobranchia класс
тармағының төменгі сатыдағы түрлерінде жүрегі симметриялы болып, қарыншадан және екі
жүрекшеден тұрады. Бірақ, олардың оң жақ желбезектері жансызданып қалуына байланысты
жүректе оң жақ жүрекше жойылады. Алдыңғы желбезектілердің (Prosobranchia) кейбір
түрлерінде оң жақ жүрекшелері кішірейіп, тұйық біткен. Сонымен қатар жүректің орналасуы
да біршама өзгереді, яғни қызмет атқаратын жүрекше қарыншаның алдында орналасады.
Жоғарғы сатыдағы бауыраяқтыларда тек сол жақ жүрекшесі сақталып, оң жақ жүрекшесі
168
толығымен жойылған. Алдыңғы желбезектілер мен өкпелілерде сол жақ жүрекше қарыншаның
алдыңғы, ал артқы желбезектілерде қарыншаның артқы жағында орналасқан күйінде қалады,
осы екі жағдайда да жүрек артқы ішектің үстінде жатады. Жүректің негізгі қызметі қан
тамырлар жүйесіне қанды айдау. Қан тамырлары құрылысы мен қызметіне қарай бірнеше
топтарға бөлінеді. Бауыраяқты моллюскалардың қан айналу жүйесі ашық типті, яғни қан
тамырлары үзіліп қан дене қуысына құйылады.
Саралау – Сіз
қосымша көмек
көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті
жоғары
оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді
қалай
жоспарлайсыз?
Қосымша көмек керек оқушылар үшін:
Қан айналады жүректің әмірімен,
Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен
Ақ түсті, мөлдір және қызылданып,
Адамға күш береді пәрменімен, –
деген өлең жолдарын қолдана отырып, тақырып
туралы не айтар едің?
Қабілеті жоғары оқушы:
Жүрек жиырылғанда ғана қанды айдайды, ал қан
тамырлар арқылы үздіксіз ағады, осыны түсіндіріп
бере аласың ба?
Пәнаралық
байланыс
Қауіпсіздік және
еңбекті қорғау
ережелері
АКТ-мен
байланыс
Құндылықтар-
дағы байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не
білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт
ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім және неліктен?
Рефлексия.
Іс-әрекет рефлексиясы:
«Бағдаршам»
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге
көмектесетін не білдім?
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас
ерекшеліктеріне қарай жасақтау
САБАҚ: §23. Қан тамырлар жүйесінің
түрлері және қан айналым шеңберлері
№7 зертханалық жұмыс.
Денешынықтыру жаттығуларының жүрек
жұмысына әсерін зерттеу
Мектеп:
169
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8
Қатысқан-
дар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабаққа
негізделген оқу
мақсаттары
8.1.3.10 – жануарлардың қан тамырлар жүйесі түрлерін сипаттау
8.1.3.11 – дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу
Барлық оқушылар:
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, қан тамырлар жүйесінің типтерін
біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
Қан тамырлар жүйесінің типтерін ажыратады, үлкен және кіші қан
айналым шеңберлерінің суретіне қарап отырып, сипаттап бере алады,
шеңберлердің ерекшелігі мен айырмашылықтарын зерделейді.
Адам жүрегінің жұмысын талдайды.
Кейбір оқушылар:
Адам жүрегінің жұмысын жақсарту жолдарын ұсынады, жүректің
қызметіне баға береді.
Сабақтың
құндылығы
Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Бағалау
критерийлері:
– Қан тамырлар жүйесінің типтерін біледі, өткен тақырыптарды еске түсіре
отырып, ашық және тұйық қан айналым жүйесі бар ағзаларды жүйелейді.
– Үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің эволюциясын айқындайды.
– Үлкен және кіші қан айналым шеңберлерін суретке қарап отырып,
сипаттап береді, салыстырады, ажыратады, ерекшеліктерін нақтылайды.
– Адам жүрегінің жұмысын талқылайды, циклдерді рет-ретімен қояды.
– Адам жүрегінің жұмысына баға бере отырып, жұмысты жақсарту
жолдарын ұсынады.
Тілдік мақсат
Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті
алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу
дағдылары
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Ашық және тұйық қан айналым жүйесі, үлкен және кіші қан айналым
шеңберлері, систола, диастола, жиырылу, босаңсу, қарынша, жүрекше
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
салыстыру кестесін дәптерге түсіру
Талқылауға арналған тармақтар:
Ағзадағы қан айналымы ғалымдарды ертеден қызықтырып келеді. Қан
айналымға байланысты төменде неше түрлі болжамдар айтылған. Осы
айтылған болжамдардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыңдар?
1. Қан жүректе түзіледі де, қан тамырлар арқылы бүкіл денеге таралып,
жүрекке қайта келмейді.
2. Жүрек – қан түзуші мүше емес, ол сорғы (насос), яғни қан айдаушы, қан
жүректен мүшелерге таралады және бір қан тамыры арқылы жүрекке қайта
келеді.
3. Ағылшын дәрігері У. Гарвей: «Жүрек – сорғы (насос), ол қанды
мүшелерге артерия қан тамыры арқылы беріп, мүшелерден вена қан тамыры
арқылы қайтарып алады», – деген.
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Жүрек – мүшелерді үнемі қанмен қамтамасыз етіп тұратын мүше. Бірақ
ертедегі философтар мен ақындар жүректі адамның жанына теңеген. Олар
170
адам жүрекпен сүйеді, жүрекпен жек көреді, жүрекпен сезеді, жүрекпен
ауруды сезеді деп ойлаған. Неліктен олар жүрек туралы осылай ойлаған?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің сызбасын дәптерге түсіру
Алдыңғы оқу
«Зымыран» сұрақтары
– Бауырымен жорғалаушылардың жүрек бөлімдері.
– Омыртқалылардың жүрек бөлімдері.
– Құстардың жүрек бөлімдері.
– Балықтың жүрек бөлімдері.
– Бауыраяқтылардың жүрек бөлімдері.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Сынып түрлі түсті қағаз қиындылары арқылы
«Үлкен қан айналым шеңбері», «Кіші қан айналым
шеңбері» топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің атына
байланысты ой айтады.
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:
«Өрмекші торы» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға
барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен
аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бір-бірін жақын танығандықтан,
әркім өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, білдіріп
жіпті саусағына іледі, өрмек тоқиды.
Ортасы
І. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді «Кемпірқосақ» әдісімен меңгереміз.
Ұйымдастыру:
Топта қозғалуға және талқылауға орын қалдыра
отырып орналасады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылар мәтінді талқылау үшін (бұл «бастапқы
топ») тақырып бойынша топтарға бөліп
отырғызылады. Талқылаудан кейін оқушыларға
түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөледі. Жаңа
топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады.
Кейін оқушылар жаңа топта не талқылағандарын
айту үшін «бастапқы топқа» қайта оралады. Бұл одан
әрі талқылауға түрткі болады.
Дескрипторлар:
– Мәтінді толық меңгеріп, қан тамырлар жүйесінің
Оқулық
171
типтерін, қан айналым шеңберлерін біледі.
– Жүректің қызметімен танысады.
Сергіту сәті: Ормандағы аңдар қимылы
– Тауыстың басын бұруы.
– Маймылдың үстін тазалауы.
– Кенгурудің секіруі.
– Құстың ұшуы.
Рефлексия. «Плюс, минус, қызықты»
«+» бағанына жақсы эмоцияларды тізіп жазу.
«–» бағанына түсініксіз, қиындық келтірілген нәрселерді
жазады.
«Қызықты» (?) бағанына оқушылар өздерін қызықтырған,
білгісі келетін заттар туралы жазады.
ІІ. «Суреттер сөйлейді» әдісі
Суретке қарап қан айналым шеңберлерін сипатта, үлкен
және кіші қан айналым шеңберлерінің жолын көрсет.
Дескрипторлар:
– үлкен және кіші қан айналым шеңберлерін суретке қарап
сипаттап бере алады;
– үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің жолын
көрсетіп, бөліктерінің атын суретке жазады;
– жүрек жұмысының кезеңдерін ажыратады;
– жүрек жұмысын суреттен түсіндіріп береді.
Аяқталуы
№7 зертханалық жұмыс
Денешынықтыру жаттығуларының жүрек жұмысына
әсерін зерттеу
Дескрипторлар:
172
– Нұсқау бойынша жұмысты толық орындайды.
– Дене жаттығуының жүрекке әсерін зерттейді.
– Қорытынды жазады.
– Дене жаттығуының жүрек жұмысына маңызын
бағалайды.
Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі
Әрбір оқушыға сабақ басында екі түсті «алма» беріледі.
Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті
алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын:
Менің көңіл күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен
тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ.
Қосымша ақпарат.
жүрек – сердце – heart
үлкен қан айналым шеңбері – большой круг кровообращения – Large circulation
кіші қан айналым шеңбері – малый круг кровообращения – Small circulation
Саралау – Сіз
қосымша
көмек
көрсетуді
қалай
жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті
жоғары
оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді
қалай
жоспарлайсыз?
Қосымша көмек керек оқушылар үшін:
Тарам-тарам бір ғалам,
Айқыш-ұйқыш шырғалаң, –
деген өлең жолдарын түсіндіріп бер.
Қабілеті жоғары оқушы:
Жүрек бір рет жиырылғанда тамырларға орта есеппен
80 мл қанды айдайды. Егер жүректің жиырылу жиілігі
1 минутта 78 болса, ал жүрек көлемі – 38,5 болған
жағдайда жасөспірімнің жүрегі күніне, жылына қанша
қанды айдайды?
/күніне – 4,3 тонна, жылына – 1570 тонна қан
айдайды/
Пәнаралық
байланыс
Қауіпсіздік және
еңбекті қорғау
ережелері
АКТ-мен
байланыс
Құндылықтар-
дағы байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не
білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары тиім-
ді болды ма?
Мен берілген уақыт
ішінде үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма қандай
түзетулер енгіздім және
неліктен?
Рефлексия. «Пойыз» стратегиясы
Пойыз вагондары сабақ кезеңдері. Оқушылар топпен әр
вагонға түс жапсыру арқылы сабаққа кері байланыс береді.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
173
1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге
көмектесетін не білдім?
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас
ерекшеліктеріне қарай жасақтау
САБАҚ: §24. Жүрек-қан тамыр-
лары жүйесінің аурулары
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа
негізделген оқу
мақсаттары
8.1.3.12 – қан тамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін
сипаттау.
Барлық оқушылар:
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, жүрек-қан тамырлар жүйесінің
ауруларын біледі, жүйелейді
Оқушылардың басым бөлігі:
жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының туындау себептерін
табады, аурудың белгілерін сипаттап береді, аурулардың алдын алу
шараларын ұсынады.
Кейбір оқушылар:
жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының алдын алу үшін
жаднама жазады, саламатты өмір салтын ұстанудың маңызына баға
береді.
Сабақтың
құндылығы
Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Бағалау
критерийлері:
– Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларын біледі, оларды жүйелей алады.
– Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының туындау себептерін табады,
әрбір аурудың белгілерін анықтайды.
– Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларын ішіндегі жиі кездесетін
ауруларды сипаттап бере алады.
– Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының алдын алу шараларын
ұсынады.
– Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларын алдын алудағы саламатты
өмір салтының маңызына баға береді.
Тілдік мақсат
Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын
ғылымилыққа аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету
үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика)
Негізгі сөздер мен тіркестер:
гипертония, гипотония, миокард, атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы,
инсульт, инфаркт
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Спиртті ішімдіктерді ішу жүрек-қан тамырлар жүйесі мүшелерінің
жұмысын бұзады. Осы процесті тереңірек талдап, түсіндіріп беріңдер.
174
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Неліктен «жүректі тек жүрекпен емдейді», – дейді
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының алдын алу үшін жасалған
жаднаманы жазу
Алдыңғы оқу
«Кім тапқыр?»
1. Үлкен қан айналым шеңбері қай жерден басталады?
2. Қан тамырлардың түрлерін атаңдар.
3. Қолқа қай жерден басталады?
4. Артериялардың қабырғасы неше қабаттан тұрады?
5. Вена қан тамырларының қабырғасы неше қабаттан тұрады?
6. Ең ірі артерия қан тамырын атаңдар.
7. Қанның қозғалысы қай қан тамырларда баяу?
8. Вена тамырларының ерекшелігін атаңдар.
9. Өте жұқа, бір қабаттан тұратын тамырларды атаңдар.
10. Теріге жақын орналасқан қан тамырларын атаңдар.
11. Кіші қан айналым шеңбері басталатын жер.
12. Неге үлкен қан айналым шеңбері деп аталады?
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал
Сыныпты «Денсаулық», «Байлық» топтарына
«Атомдар және молекулалар» әдісі бойынша топқа
бөлу. Екі топ өздерінің топ атының сабаққа
байланысын болжайды.
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:
«Жүрек жылуы» тренингі
Оқушылар дөңгелене тұрып, бір-біріне жүрек ұсына
отырып тілектерін білдіреді.
Жүрек пішіндес
түсті қағаз
қиындылары
Ортасы
І. Оқулықпен жұмыс.
«Аквариум» стратегиясы.
Мәтінді оқып шыққан соң оқушылардың бір тобы
мәтіннен алған негізгі ойды, проблемаларды шешу
жолын талқылайды. Қалған оқушылар көрермендер
сияқты жаңағы топты қоршап тұрады: Ортадағы топ
аквариумдағы «балықтар». Қоршаған топ диалогке
қатыса алмайды. Олар өз іс-әрекетімен тек салыстыра
алады.
Дескрипторлар:
– Мәтінді толық меңгеріп жүрек-қан тамырлар
жүйесінің ауруларын мүшелерге байланысты жүйелейді.
– Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының туындау
себептерін талқылайды.
– Ауру белгілерін сипаттайды.
ІІ. Кестені толтыр.
« Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларын
туғызатын факторлар және оның әсері»
Оқулық
175
Факторлар
Тигізетін
әсері
Туын-
дайтын
аурулар
Темекі тарту
Достарыңызбен бөлісу: |