А. Соловьева, Б. Ибраимова


Сынып: 8  Қатысқандар саны



Pdf көрінісі
бет27/35
Дата30.10.2019
өлшемі11,94 Mb.
#50823
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
Биология 8 сынып. Оқыту әдістемесі


Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспаған-
дар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
8.1.7.4 – эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін 
анықтау 
 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, сыртқы және ішкі секреция 
бездерін ажыратады, жүйелейді. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Гуморальды реттелу, гормон  деген сөздердің мағынасын ашады, 
гормондардың ерекшелігін, оның гуморальды реттелумен 
байланысын талдайды. 
 
Ішкі секреция бездерін салыстырады, айырмашылықтарын табады. 
 
Кейбір оқушылар: 
 
Гуморальды реттелудегі гормондардың маңызына баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
–   Эндокринді, экзокринді бездерді ажыратады, адам ағзасындағы барлық 
бездерді осы топтарға жүйелейді. 
– Гуморальды реттелу және гормон ұғымдарын түсіндіреді. 
– Бездерді салыстырады, ерекшеліктерін табады. 
– Гормонның гуморальдық реттелудегі маңызын тұжырымдайды. 
Тілдік мақсат 
 
Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті 
алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу  
дағдылары); 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Гормондар, экзокринді бездер, эндокринді бездер, гуморальды реттелу, 
секрет 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Гормондар және ферменттер биологиялық белсенді заттарға жатады. 
Гормондар мен ферменттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары 
қандай?   
247

 
/ Ұқсастығы: Гормондар мен ферменттердің екеуі де ағзаға өте керекті 
биологиялық белсенді заттарға жатады. Айырмашылығы: Ферменттер – 
химиялық реакцияларды тездететін нәруызды заттарға жатады, олар барлық 
тірі жасушаларда, оның ішінде ішкі секреция бездерінде де болады, ал 
гормондардың химиялық құрамы әртүрлі, оларды ішкі секреция бездері 
өндіреді, қан арқылы әсер етеді./ 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен гормондар тек тірі жасушаларға ғана әсер етеді?  
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Ішкі секреция бездерінің тізімдемесін дәптерге түсіріңдер. 
Алдыңғы оқу 
 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Оқушыларды сыртқы және ішкі секреция  бездерінің аты 
жазылған кеспе қағаздар бойынша «Эндокринді бездер», 
«Экзокринді бездер» топтарына бөледі. Топ атына 
байланысты топ мүшелері ойларын айтады. Сабақтың 
тақырыбын табады. 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
Метафора  жаттығуы /Құбылыстар мен заттардың 
ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада 
қолданылуы/   
Топтарға тапсырма: Әр топ мүшесі өзінің тобын неге 
теңестіретінін ойлансын.Туындаған ойды талқылап, 
топтарыңа қандай метафора сәйкес келетінін анықтаңдар. 
 Мысалы: Күрделі құрылысты компьютер. Әрбір тетігінің 
орны бар, қызметі бар. Біздің топ та сол сияқты. Әр топ 
мүшесінің өз орны бар. 
 
Ортасы 
Оқулықпен жұмыс.  
Мәтінді оқып болғаннан кейін Т  кестесін толтыру 
Т кестесі стратегиясы. Мақсаты: қарама-қарсы мағынаға ие 
сөздерді теріп жазу.  
Ішкі және сыртқы секреция бездерін салыстыру, 
салыстыра отырып топтастыру, ерекшеліктерін 
айқындау 
 
 
 
 
 
 
Кері 
Байланыс: 
Көңіл күй 
толқыны 
 Өте белсенді болдым 
 
Оқулық 
 
248

 
 Мені еш нәрсе ойландырмады 
 
 Аз да болса үлесімді қостым 
 
Сергіту сәті: 
 Көбелек» жаттығуы 
Таңертең көбелек оянды, керілді, 
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды, 
Азғана айналып, барлығына күліп, 
Қайта гүліне оралды. 
Дескрипторлар: 
–  Секреция бездері, экзокринді бездер, эндокринді бездер, 
гормондар, гуморальды реттелу ұғымдарының мәнін 
ашады. 
– Сыртқы және ішкі секреция бездерін жүйелейді, 
салыстырады, ерекшеліктерін айқындайды. 
Аяқталуы 
«Фишбоун» стратегиясы. 
Сұрағы: гуморальды реттелуде гормондардың маңызы 
қандай? 
 
Дескрипторлар: 
– Гуморальды реттелу және гормондардың байланысын 
айқындайды. 
– Гуморальды реттелуде гормондардың маңызына баға 
береді. 
 
Қосымша  ақпарат:  Гуморальды  реттелу.  Физиологиялык  процестердін  гуморальды  реттелуі 
биологиялық  белсенді  химиялық  заттар  –  гормондар  көмегімен  жүзеге  асырылады. 
Гормондарды арнайы  бездер бөліп  шығарады,  олар  қан  мен  лимфаға  түсіп,  содан  кейін  бүкіл 
ағзаға  таралады.  Қызметті  реттеудің  осы  әдісінің  артықшылығы  –  химиялық  заттар  барлық 
ұлпалар мен дене мүшелеріне жеткізіледі. Бірақ өте аз мөлшерде де өте белсенді әрекет етеді. 
Таралу  барысында  жартылай  ыдырап,  ағзадан  шығарылады.  Гормондар  мүшелер  мен 
ұлпаларға  түсіп,  оларға  белгілі  бір  әсерін  тигізеді.  Мысалы,  сүйектердің  өсуіне,  жүрек 
жиырылуының ырғағына (ритм) әсер етеді және т.б. 
Гормондардың ерекше қасиеті бар, яғни белгілі бір ұлпаларға немесе мүшелерге әсер етеді.  
249

 
Саралау – Сіз 
қосымша 
көмек 
көрсетуді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Суреттегі санмен берілген ішкі секреция бездерінің 
атын жазыңдар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қабілеті жоғары оқушы үшін: 
• Сыртқы орта жағдайлары ішкі секреция 
бездерінің жұмысына әсер етеді ме? 
• Ойларыңды жинақтап, түсіндіріп беріңдер. 
 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары 
шынайы ма?  
Бүгін оқушылар 
не білді?  
Сыныптағы 
ахуал қандай 
болды?  
Мен жоспар-
лаған саралау 
шаралары тиім-
ді болды ма?  
Мен берілген 
уақыт ішінде 
үлгердім бе? 
Мен өз 
жоспарыма 
қандай 
түзетулер 
енгіздім және 
неліктен? 
 
Кері байланыс:  
«Блоб» ағашы. 
Тақтадағы «Блоб» ағашына өз есімдері жазылған стикерлерді 
желімдейді. Осылайша сабақта әр оқушы өзін білімі бойынша 
ағаштың қай жерінде тұрғанын көрсетеді. 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар   
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру  
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
250

 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау. 
 
САБАҚ:  §42.  Эндокринді безінің 
қызметі және оларға байланысты 
аурулар 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
8.1.7.6 –  эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды 
атау; 
8.1.7.5 – бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру. 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, ішкі секреция бездерінің 
қызметінің ауытқуынан болатын өзгерістерді жүйелейді.  
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Эндокринді бездердің гиперфункциясы мен гипофункциясын 
талдайды, салыстырады. 
 
Эндокринді бездердің гормондарын анықтайды, олардың артып 
немесе кеміп кетуінен туындайтын ауруларды нақтылайды, аурудың 
туу себептерін зерделейді, ауру белгілерін сипаттайды. 
Кейбір оқушылар: 
 
Ағзаның өсуі мен дамуы үшін гормондардың тигізетін әсеріне баға 
беру 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Эндокринді бездердің ерекшеліктерін біледі. 
– Эндокринді бездердің гиперфункциясы мен гипофункциясы кезінде 
болатын ауруларды талдайды. 
– Гормондарды бездерге байланысты жүйелейді. 
– Эндокринді аурулардың болу себебін айқындайды. 
– Ауру белгілерін сипаттайды. 
– Гормондардың қызметіне баға береді. 
 
Тілдік мақсат 
 
Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа 
 аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті 
терминология мен тіркестері бар лексика)  
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Гиперфункция, гипофункция,  кретинизм, микседема, базедов ауруы, 
эндемиялық зоб, қант диабеті, глюкагон   
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Ішкі секреция бездерінің әсерінен туындайтын аурулардың көбісін қазір 
емдеуге болады. Емделудің қандай жолдарын ұсынатын едіңдер?  
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
251

 
Суреттегі адамдардың бойларының ұзындығы неліктен әртүрлі? 
Бұл көрініс қай бездің және қандай гормонның артып кетуінен немесе 
жетіспеуінен туындайды? 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Ішкі секреция бездерінің ауруларын дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
«Сәйкестікті тап» 
Төмендегі тізімнен ішкі секреция бездерінің гормондарын 
сәйкестендіріңдер. 
Гормондар: 
1.  Адреналин 
2.  Инсулин 
3.  Тироксин 
4.  Самотропты гормон 
5.  Тимозин 
6.  Глюкагон 
7.  Норадреналин 
8.  Эстрогендер 
9.  Андрогендер 
10. Вазопрессин 
11. Паратгормон 
Ішкі секреция бездері: 
І. Гипофиз 
ІІ. Қалқанша без 
ІІІ. Қалқанша маңы бездері 
ІV. Айырша без 
V. Бүйрекүсті бездері 
VІ. Ұйқы безі 
VІІ. Жыныс бездері 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру.  
Сыныпты «Гипофункция», «Гиперфункция» топтарына 
«Атомдар және молекулалар» әдісі бойынша топқа бөлу.  
Сабаққа топ аттарының байланыстығы туралы ойларын 
ортаға салады. 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Досымның есімі» стратегиясы 
Шеңбер  құрып, қасындағы досының есімі басталатын 
әріпті қолдана отырып, сын есімдер айту. 
 
 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
Оқулық 
252

 
«Сынық вагон» 
Ең әуелі «сарапшылар» тобы сайланады. Ол топ негізінен 
мәтінді тиянақты оқып, мазмұнын толық білетін, өздеріне 
аса сенімді 3– 4 оқушыдан құралады. Олардың міндеттері –
басқа оқушыларды  мұқият тыңдау, «вагондарды» бір-біріне 
«тіркеу», «сынық вагонды» анықтау. Қалған  оқушыларға 
реттік нөмір таратылып беріледі. Бірінші нөмірлі  оқушы 
(«бірінші вагон») мәтіннің мазмұнын баяндайды. 
Сарапшылар ол  оқушыны кез келген жерден тоқтатып, 
келесі оқушыға («вагонға») жалғастыруды  бұйырады. 
Осылайша жалғаса береді. Ал мәтін мазмұнын жалғастыра 
алмаған оқушы «сынық вагон» есептеліп, «рельстен» тақта 
алдына шығарылады. 
Ең соңында сарапшылар «сынық вагондарға» сұрақтар 
қойып, олардың «жөнделуіне» мүмкіндік береді. 
Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгереді. 
– Ішкі секерция бездерінен туындайтын ауруларды бездер 
бойынша жүйелейді. 
Рефлексия.  
 
Сергіту сәті: 
«Австарлия жалыны» сағат тілімен қол және аяқпен 
жұмыс 
1. Ысқылау 
2. Шыртылдату 
3. Шапалақтау 
4. Аяқты ұру 
5. Марш жасау 
ІІ. «Суреттер сөйлейді» стратегиясы. 
Суретке қарап ішкі секреция бездерінің ауруларын 
табыңдар, ауру белгілерін сипаттаңдар. 
 
   
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
253

 
 
 
 
 
 
 
Дескрипторлар: 
–  Ішкі секреция бездерінен туындайтын аурулардың 
белгілерін сипаттап береді. 
–  Аурудың туындау себептерін талқылайды, қорытынды 
шығарады. 
Рефлексия.  «Бес саусақ» 
«Бес саусақ»: Бас бармақ – Не үйрендім? 
Балаң үйрек – Неге көңіл аудару керек? 
Ортан терек – Кімге көмектестім? 
Шылдыр шүмек – Алған әсерім, көңіл күйім? 
Кішкене бөбек – Неден қиналдым? 
Аяқталуы 
Сұрақтарға ПОПС стратегиясын қолданып жауап 
береді 
Берілетін тапсырмалар: 
Ағзаның өсуі мен дамуы үшін гормондардың тигізетін 
әсеріне баға беріңдер. 
Эндокринді бездердің белсенді қызметіне әсер ететін 
факторларды атаңдар. 
П – позиция /сенің ұстанымыңның қорытындысы/– біздің 
ойымызша... 
О –  обоснование /сенің ұстанымыңды қолдайтын негіз/ – 
Себебі, біз оны...деп түсіндіреміз 
П –  пример /мысал/ – Оны біз... деген мысалдармен 
дәлелдей аламыз 
С –  следствие /қорытынды/ – Осыған байланысты біз... 
деген  
 
Дескрипторлар: 
– топтың бірлігі; 
– топ ортақ шешімге келеді; 
 – айтылған ой нақты, дәлелді болады; 
– гормондардың маңызына баға береді. 
Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қосымша  ақпарат.  
Саралау – Сіз 
қосымша 
көмек көрсе-
туді қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Қалқанша без және қалқанша маңы бездерінің 
атауы ұқсас, ал қызметтері де ұқсас па? 
 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
254

 
Сіз қабілеті 
жоғары оқу-
шыларға тап-
сырманы күр-
делендіруді қа-
лай жоспар-
лайсыз? 
Диабетикалық кома дегеніміз не? Ол қай кездерде 
болуы мүмкін? 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары шынайы 
ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен? 
Кері байланыс:  
Берілген үлгілер бойынша сөйлем құрау 
Мен..., өйткені... 
Мен қалайша...   
Неліктен мен... 
Менде мынандай сұрақ бар... 
Сонымен, мен... 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар   
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру  
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §43.  Адам  денесінің 
рецепторлары 
№14 зертханалық жұмыс. 
Терінің сезімталдығын зерттеу 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
8.1.7.7 – терінің сезімталдығын зерттеу. 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, әр сезім мүшелерінің 
рецепторларын біледі. 
255

 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Тері рецепторларын анықтайды, оларды жүйелейді. 
 
Барлық рецепторларды салыстырады, әр рецептордың өзіне тән 
ерекшелігін табады. 
 
Әрбір рецепторлардың қызметін талдайды. 
Кейбір оқушылар: 
 
Тері рецепторларының физиологиялық ерекшеліктеріне баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
–  Тері рецепторларын біледі, ажыратады. Оларды бір-бірімен салыстырады, 
қызметтерін талдайды. 
– Тері рецепторларын тітіркендіргіштеріне қарай жүйелейді. 
– Денеде болатын басқа рецепторларды анықтайды, қызметін нақтылайды. 
– Тері анализаторының физиологиялық ерекшеліктеріне баға береді, 
қорытынды шығарады. 
Тілдік мақсат 
  Oқушыларды пікіртaлас, диaлoгтерге тарту (мысалы, белгілі 
әдістерді үйрете отырып, талқылау немесе талдау, сұрақ қоюда 
оқушыларды өз білімін нәтижелі  пайдaлануға ынталaндыру, сондай-
ақ оқушылар диалогке қатысу, қатыса алуы үшін қажет бай сөздік 
қормен қамтамасыз ету 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Рецепторлар, терморецептор, механорецептор, ноцицептор, тері 
рецепторлары 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Оқушылардың терісінің сипап сезу сезімталдығын тексеру барысында, 
олардың терісіне үшкір затпен әсер еткенде, кейбір оқушылар жанасуды, 
екіншілері ине қадалғандай сезімді, кейбірі жылуды, кейбірі суықты 
сезінген. Неге тітіркендіргіш біреу болғанымен  оқушылар оны әртүрлі 
сезінді? 
(Әртүрлі сезім болатын себебі үшкір затпен әсер еткенде теріде болатын 
ауру сезімін қабылдайтын, суықты, жылуды, жанасуды сезетін рецепторлар 
тітіркенеді.Осы рецепторлардың тітіркенуіне байланысты оқушыда әртүрлі 
сезім пайда болады). 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен адам үшін ауру сезімін сезіну өте маңызды?  
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Рецепторларды салыстыру кестесін дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
Сәйкестендіру тесті. 
Төменде аталған секреция бездерінің гормондары 
1.  қалқанша без  
2. ұйқы безі  
3. қалқанша маңы безі  
4. бүйрек үсті безі  
5. гипофиз  
а. паратгормон  
ә. инсулин  
б. меланофор  
в. тироксин 
г. адреналин 
256

 
2. Бездердің қызметі бұзылғанда пайда болатын аурулар 
1.  меланофор  
2. тироксин  
3. самотропты гормон  
4. инсулин  
5. паратгормон  
а. кретинизм 
ә. ұстама 
б. тері секпілі  
в. акромегалия 
г. қант диабеті 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Сынып  санамақ әдісімен,   «Зерттеушілер», 
«Дерматологтар» топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің 
атының қаншалықты сабаққа байланысты екендігі 
туралы ойларын тұжырымдайды.  
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің сәулелері ананың 
нәзік алақанындай аялайды, жылытады. Сиқырлы күн 
барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу 
мен махаббатқа толтырады. 
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,  
Жүрегіме басып ұстай қаламын. 
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,  
Болып кетер сонда дереу жан-жағым. 
 
 
 
 
 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
«Борт күнделігі» 
Дәптерін ашып сызба сызады 
Мен 
білетін 
ақпарат 
Мен білмейтін ақпарат 
 
 
 
 
Топтар жазбаларын түсіндіреді. 
Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгеріп, өздері білмейтін және білетін  
материалдарға сараптама жасайды.  
– Білмейтін сұрақтарын талқылайды. 
– Тері рецепторларының түрлерін біледі. 
ІІ.  Кубизм стратегиясы.  Кубиктің алты жағына жазылған 
сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандай да бір затты жан-
жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
257

 
қайталайды, жаңа білім қосады. 
Сипатта (рецепторларды) 
Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы) 
Ұсын (рецептордың жұмысын қалай білуге болады?)  
Дәлелде (қалай әсер етеді) 
Талда (ауру сезімі пайдалы ма?) 
Ойлап тап (сипап сезу рецепторы арқылы дүниені танып-
білеміз бе?) 
Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет