Оқыту мен оқу үдерісінде өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп (1000) сөз



Дата19.07.2017
өлшемі305,12 Kb.
#21276

Калиаскарова Салтанат Нурдаулетовна. Мектептегі мұғалім көшбасшылығы А бөлімі

ПШО ЖМ филиалы Мұғалімнің портфолиосы

Талдықорған қ. «___» _____________2016ж



А1. Оқыту мен оқу үдерісінде өзгеріс енгізу туралы

рефлексиялық есеп (1000) сөз
Оқыту мен оқу үдерісінде өзгеріс енгізу жайында біраз мәлімет беріп өтсем ,қазіргі болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесінде қайта қаралуда.Мұғалімдер үшін ең маңыздысы болып отырған мәселе-XXI ғасырда нені оқыту керек? Мұғалімдер оқушыларды қалай дайындайды?Мектепте мұғалім көшбасшылығы Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасында мазмұны осы екі мәселені шешуге бағытталған. (МАН 2016, 4б )Біз өзімізге «Өзгеріс не үшін қажет?», неліктен?, қалай істейміз?, одан кейін сыныпта не істеуіміз керек? Деген сұрақтарды алға тарта отырып, қарастыратын болсақ онда ең алдымен теориялық білімімізді тереңдетуден, толықтырудан басталады. Мақсатымыз бен міндетіміз айқындалғаннан кейін тақырыптық күнтізбелік жоспар мен күнделікті сабақ жоспар арасындағы алшақтықты байқадық. Ұзақ мерзімдіден бірден қысқа мерзімді жоспарға кетіп қалатынымызды түсіндік. Ол екеуін байланыстыратын орта мерзімді жоспар бар екенін білдік. Курс барысында бағдарлама негізінде алған теориялық білімім менің педагогикалық көзқарасыма әсер етті. Оқу барысында жеті модульді оқып үйрендім. Жеті модульді жете түсіну мен оны өз тәжірибеме енгізу мен үшін үлкен жаңалық болды. Дегенмен мен жаңалықтан еш қорыққан емеспін. Себебі жақсы ұстаз атану жолында жаңалық енгізуді қашанда қолдаймын. Жеті модульді оқып үйрену маған бағыт-бағдар берді, мұғалім ретінде тәжірибеме өзгеріс енгізуіме ықпал етті деп айта аламын.

Бірлескен оқу –өзара іс – әрекет жасау философиясы ,ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрлымы болып табылады . Бірлескен оқу –бұл оқыту мен оқу тәсілі, мәселелерді шешу ,тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесеп жұмыс жасауын білдіреді.

Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап , өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.Осы бірлескен жұмыс қолға ала отырып ағылшын тілі пәні мұғалімдері бірлесе отырып , орта мерзімді жоспарды құрдықфя. Осы өзгерісті мен орта мерзімді жоспардан бастағанды жөн көрдім . Орта мерзімді сабақ жоспарымен таныстырмас бұрын ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді ,орта мерзімді жоспарға тоқталып ,жалпы мәлімет беріп өтті. Яғни ұзақ мерзімді жоспар дегеніміз күнделікті сабақта қолданып жүрген , бір жылға жасалған ұзақ мерзімді жоспар деп атаймыз. Қысқа мерзімді жоспар күнделікті сабаққа қолданатын сабақ жоспары. Қысқа мерзімді сабақ жоспары Блум бойынша құрылады. Орта мерзімді жоспар дегеніміз - мұғалімдер тобының оқу бағдарламасын тізбектелген сабақтар топтамасына айналдыруы. Орта мерзімді сабақ жоспары тарау бойынша жасалады. Орта мерзімді сабақ жоспарын жоғарғы деңгейде түсінбесем де ,орта деңгейде түсіндім. Әр тарау бойынша жалпы бір мақсат қолжетімді, нақты смарт мақсат қойылады. Бөлінген әр тараудың өзіне бір мақсат қолжетімді, нақты смарт мақсат қойылады. Орта мерзімді сабақ жоспарда жеті модульді толығымен қамтылу керектігін және қысқа мерзімді сабақ жоспарында сол аталған жеті модульдің ішінен үш- төрт модульмен қамтылу және әдіс – тәсілдерді дағдыларды қамту бәрін қамту керек . Бұл жерде тренеріміз бізге шеңбері арқылы орта мерзімді сабақ жоспарда жеті модульді қалай қолдану керектігін көрсетті шеңбер құру әдісін арқылы топқа бөліп тастады, уақыт беріп белгіледі. Тренер өзінің қолына тақырыпты жазып алып тыңдаушылардың алдына бірінші боп өзі шығып көрсетті. Тақырып - дегеніміз бір сабақ көлемінде қарастыралатын мәселе 45 минут ішінде сиятын . Сабақтың мақсаты қол жетімді түсінікті болатын нақты сабақтың мақсаты дейміз. Яғни әрмен қарай орта мерзімді сабақ жоспарының мазмұнымен таныстық. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша ортаға шықты. Күтілетін нәтиже - сабақтан алған білімін үйренетін болжап жазамыз. Әдіс – тәсілдер – тақырыпқа қол жеткізу үшін топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс осындай әдіс-тәсілдер қолдануға болады.Кедергілер-ойының шашыранқы болуы тілдегі кемістігінің болуы, денсаулығының болмауы ,ойын жекізе алмауы жатады.Барлығын қосқанда –Оқушыларға жас ерекшелігіне сай тапсырма беру. Яғни «А» деңгейлі «В» деңгейлі «С» деңгейлі оқушыларға тапсырма беру оңайдан қиынға қарай беріледі.Яғни барлығын қосқанда дегенде оқушылардың бәрін қамтимыз. Бағалау- балалардың алған білімін бағалаймыз.Бағалаудың түрлері өзін– өзі бағалау,оқу үшін бағалау критерийлер арқылы бағалауға болады.

Негізгі дереккөздер-Оқушылардың жас ерекшілігіне қарай қабілетіне қарай дерек көздерін электрондық оқулық, газет ,журналдар ,энциклопедия ізденіп жұмыс жасау жатады. Бұл жоспарды құру үшін мұғалім пәніміз бойынша топқа бөлді. Біз тізбектелген сабақтар топтамасын құруда алдымызға белгілі бір мақсат қойдық. Бұл мақсатта өзіміздің оқып жүрген оқулықтың көп пайдасы тигізді. Содан орта мерзімді жоспардың бағандарымен таныстық. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші барлығымыз бірігіп отырып, практикаға барғанда өткізетін сыныпты таңдадық, тарауымызға байланысты төрт сабақтан тұратын тізбектелген сабақтар топтамасын жасадық.Таңдап алған сынып 5 –сынып

Қысқа мерзімді жоспардың «Атақты адамдар» тақырыбын алып отырмын, бұл миға шабуыл жасаймынбейне жазба беріп, сыни тұрғыдан ойлау модуль қолдандым, Диалогтік оқыту оқушылар бір-біріне мәтіннен диалог оқиды.

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу (деңгейлік тапсырма), АКТ (бейнежазба).

Оқу үшін бағалау және оқуды оқушылар өздерінн бағалайды. Бұл сабаққа оқу үшін бағалау мен дарынды және талантты балаларды оқыту модулін қарастырмақпын, себебі осы сыныпта дарынды балалардың көбірек жиналуы, яғни бұл оқушыларға тереңірек тапсырмалар дайындадым.

Оқушыларға бағалаудың критериалды түрін ұсынбақпын, яғни оқушылар өздерін критерий арқылы бағалауды үйренеді Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере келе, ОМЖ құрастыру кезінде тіл үйренудегі негізгі төрт дағдыны (тыңдау,оқу,жазу,айтуды ) төрт сабақта да қамти отыра жеті модульді, инновациялық стратегияларды кіріктірдім. Мақсатым оқушыларды өз беттерінше білім алуға ықпал ету ,керек жерінде бағыт-бағдар беру болғандықтан сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытатын әдіс тәсілдерді енгізе отырып, жаңа тақырыптарды өз алдына ашатын түрлі сұрақтар мен тапсырмаларды алдын ала жинақтап,топтап барлық сабақтарда болашақта пайдаландым. Балалармен жеке,жұптық,топтық жұмыс жасата отырып, жаңа тақырыпты Блум таксаномиясындағы танымдық саладағы дағдылар бойынша( білуге,түсінуге және де сол білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдануларын) меңгерулеріне жол көрсетемін. Модульға Акт –ны кіріктірдім .Интербелсенді тақтамен жұмыс жасауды үйрену үшін кіріктірдім.

Ұзақ мерзімді,орта мерзімді ,қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс .Қысқа мерзімді сабақ жоспары күнделікті сабақ .Бұл сабақ жоспары үлгісі осы жаңа оқу жылынан бастап орта мектептерде енгізіледі. Осы өзгерістерді, белгіленіп алған сынып жоспарының оқу үдерісіне енгізіп, сабақтар тізбегін жоспарладым. Қысқа мерзімді жоспарды құруда бағытталған нәтижеге жету үшін оқу бағдарламасының негізін құрайтын модульдерді пайдаланудың тиімділігіне көз жеткіздім. Мен осы курска келгенге дейін, біраз білетінмін ,әрине оқығанға жетпейді. Менің осы уақытқа дейін қалыптасып үйренген дәстүрлі әдісіміз, мен үшін тиімді,өзгермейтіндей сабақ үлгісіндей болып көрінетін. Мен осы курска келгенге дейін біраз өзіме жаңалық аштым десем болады. Яғни сол кездегі дәстүрлі сабақтарымыз бен қазіргі оқып жатқан курстың негізінде құрылған сабақтың үлгісімен салыстыратын болсақ айырмашылықтары жермен көктей деп айтуға болады. Бұл қысқа мерзімді сабақ жоспарында жеті модульді қамти отырып, өткізілетін сабақтың, дәстүрлі сабақ бойынша тағы бір айырмашылықтарын байқадым,сабақ бойы өзім сөйлеп, өзім іс-әрекет жасап, бар ынтаммен түсіндіріп, түсінбеген жерін бірнеше рет қайтадан қайталап, бірнеше мысал келтіріп түсіндіретінмін. Осы жаңартылған білім саласында керсінше мұғалім бағыт-бағдар береді. Оқушы өзі ізденіп ,білімін толықтырады. Сабақта оқушылар өз білімдерін өздері бағалайды,Белгіленген критерилер арқылы да, оқушылар бірін –бірі бағалайды.Қорыта айтқанда «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы бағдарламасын игерген мұғалімдер әріптестеріне өз тәжірбиесінде жеті модульді енгізу мақсатында олармен жұмыс істейтін болады.Бағдарламаны игерген мұғалімдер өз әріптестерін жүзеге асыратын өзгерістерді ойластырып зерттейтін болады.Тізбектелген сабақтар топтамасының құрлымы Бағдарламаның жеті модулін жүйелі түрде енгізуге жағдай жасап, мұғалімдер жүргізген өзгеріс енгізу үдерісі мен осы өзгерістердің нәтижелері туралы тәжірбиеге негізделген мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Тарау: Атақты адамдар

Мақсаты: Ерекше адамдармен және көрнекі жерлермен танысады. Сөздік қорын байытады. Past Simple шағында дұрыс етістіктерді қолдана алады.


Сабақтың тақырыбы

Оқытудың негізгі мақсаттары

Оқу нәтижелері (негізгі тақырып бойынша білім)

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сабақтағы кедергілерді жеңу

Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау

Барлығын қосқанда

Негізгі дерек көздер

1

2

3

4

5

6

7

8

Атақты адамдар

Тақырыпқа байланысты сегіз жаңа сөзбен танысады. Ерекше адамдар жайлы мағлұмат алады

Past Simple шағында қолданылатын етістіктермен танысады.




Барлық оқушылар: Етістіктерді Past Simple шағындағы дұрыс ауыстыра біледі.

Басым бөлігі:

Мәтінді оқи алады. Мәтін бойынша сұрақа жауап бере алады.

Кейбірі: Маргарет Течер жайлы айтып береді.





СТО (Миға шабуыл), Диалогтік оқыту (сұрақ-жауап)

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу (деңгейлік тапсырма), АКТ (бейнежазба).

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау (өзін-өзі бағалау және өзара бағалау)


Сөздік қорының аздығы.

Кейбірі Past Simple шағында дұрыс сөйлем құрай алмайды.



Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау

Деңгейлік тапсырмалар

Барлық оқушылар: Мәтін бойынша сөйлемдердің ішіндегі көп нүктелердің орнына тиісті жаңа сөздерді қою.

Басым бөлігі: Грамматиканы пайдаланып сұрақтарға жауап береді

Кейбірі: Мәтіннің мазмұндап айтады


Әр топ кластер құрайды.

Автобус аялдамасы арқылы сұрақтарға жауап алу.



Ғаламтор https:llru.m.wikiquote.org

(Ханшайым өмірінен бейне жазба көрсету)

Мұғалімге арналған нұсқаулық.




Атақты адамдар

Қазақстанның және Ұлыбританияның атақты адамдары туралы мәлімет алады. Past Simple шағындағы етістіктерді қолданып атақты адамдар жайлы сөйлем құруды үйренеді.

Барлық оқушылар: Past Simple шағындағы етістіктерді қолдана алады. Мәтінді оқи алады.

Басым бөлігі:

Атақты адамдардың туралы біраз мағлұмат бере алады. Мәтін бойынша сұрақа жауап бере алады.

Кейбірі: Атақты адамдарды салыстырып айтып бере алады.



СТО («ДЖИГСО» әдісі), АКТ (слайд),

ОүБ (критериалды бағалау)

Диалогктік оқыту (сұрақ-жауап)


Сөздік қорларының аздығы. Сөздерді байланыстра алмайды.

Етістіктерді өткен шаққа қоя алмайды.





Табыс критерийлері арқылы бағалау.



Барлық оқушылар:«Адасқан сөздер» әдісін пайдаланамын.

Басым бөлігі: Сұрақтардың жауаптары толық берілу үшін жетелеуші сұрақ қоя отырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Кейбірі: Өзіне ұнайтын бір адам туралы ауызша әңгімелеу.


Ғаламтор.

(Атақты адамдардың суреттері)

Мұғалімге арналған нұсқаулық.


Диснейландқа қош келдіңіз!

Улот Дисней жайлы мағлұмат алады. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысады.

Барлық оқушылар:Мәтінді оқи алады. Жаңа сөздерді айта алады.

Басым бөлігі: Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді пайдаланып сөйлем құруды үйренеді

Кейбірі: Уолт Диснейді сипаттап алады. Диснеулэнд саябағының жетістітерін айта алады


СТО (Миға шабуыл, дейін/кейін)

ОүБ (Көршіңізге айтыңыз)

Диалогтік оқыту

(сұрақ-жауап)

АКТ (слайд)

Дарынды және талантты балаларды оқыту (Эссе жаздыру)



Сөздерді дұрыс айта оқымауы. Сұрақтарға жауап беруде қиналуы. Мәтін мазмұнын айта алмауы.


Табыс критерилері арқылы бағалау.

Ашық сұрақтар қою арқылы саябақтың ашылу тарихына шолу жасалынады.

«Көршіңізге айтыңыз» әдісі.

Ауызекі тілде сөйлеу арқылы саябақ жайында сұрақ-жауап алысады

«Менің саябағым» 3мин эссе жазады.



Мұғалімге арналған нұсқаулық

(Ғаламтордан Диснеулэндің суреттері көрсетілген презентация қолдану)




Мен патшайымды көрейін деп жүрмін

Лондонның көрнекі жерлерімен танысады. Елизабета ханшайым туралы мәлімет алады. «going to»

құрылымының қолданылуын түсінеді.




Барлық оқушылар: «Going to» құрылымының жасалу жолын айтып бере алады.

Басым бөлігі: «Going to» құрылымын қолданып, сөйлем құрап, сұрақтарға жауап бере алады.

Кейбірі:«Going to» құрылымын қолданып көрнекі жерлерді және

мәтіннің мазмұнын

сипаттай біледі.


СТО (Автобус аялдамасы арқылы)

ОүБ (Бас бармақ әдісі)

Диалогтік оқыту

(сұрақ-жауап)

АКТ (электронды оқулық)


«Going to» құрылымын дұрыс қолдана алмайды. Сөздік қорларының аздығы.

Аударуда қиналуы.




Бас бармақ әдісі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.


Барлық оқушылар: «Сәйкестендіру жаттығуы» арқылы көрнекі жерлер мен олардың атауларын сәйкестендіру.

Басым бөлігі: Топтағы оқушыларға аяқталмаған сөйлем таратылып береді. «Places of interest in London is ...»

Кейбірі: Ашық сұрақтарға жауап алу.



Мұғалімге арналған нұсқаулық

Ғаламтордан

(Суреттер мен электронды оқулық)



Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ: Ағылшын тілі

Мектеп: Талдықорған № 23 мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Калиаскарова Салтанат Нурдаулетовна

Сыныбы:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты



Атақты адамдар жайлы мәлімет алады.

Тақырыпқа байланысты 8 жаңа сөзбен танысады.

Past Simple шағындағы етістіктерді сөйлемде қолданып үйренеді.


Оқу нәтижелері



Барлық оқушылар: Past Simple шағындағы дұрыс етістіктерді қолдана біледі. Мәтінді оқи алады. Жаңа сөздерді айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Маргарет Течер жайлы айтып береді. Мәтін мазмұнын түсінеді, айта алады.

Кейбір оқушылар: Past Simple шағындағы дұрыс етістіктерді қолданып, атақты адамдарды сипаттап айта алады.

Тілдік міндеттер


Оқушылар:

  • Жаңа сөздерді дұрыс айта алады. Жаңа сөздер жазу

Негізгі сөздер мен тіркестер: Past Simple шағында тұрған етістіктерді көшіріп жазады, естерінде сақтайды.

Сыныптағы диалог (жазылым) үшін пайдалы тілдік бірліктер: Ханшайым қалай премьер министр болды? Неліктен қатал ханшайым атанды? Атақты, білімді, танымал адам?

Талқылауға арналған тармақтар: Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы тарау бойынша өтілген тақырыптарды топпен отырып талқылайды.

Англияның көрнекі жерлерін өз сөзімен еркін баяндайды.



Сіз неліктен ...... екенін айта аласыз ба?





Жазылым бойынша ұсыныстар:

Талқылауға арналған тармақтар:






Алдыңғыоқу




Жоспар




Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығулар




Басталуы

Психологиялық ахуал тудыру.


Ресурстар


Ортасы

Оқушының назарын аудару үшін миға шабуыл жасау. Миға шабуыл /видео ролик/

Білу

Жаңа сабақ

Тақырыпты анықтау мақсатында оқушылардың назарына интерактивті тақтадан «Атақты адамдар» туралы видео ролик көрсету

Оқушылар сұрақтарына жауап береді.


  1. Who knows who is she?

  2. Do you know this person?

3.What do you know about her?

4. What is she?



Ғаламтор. www.

(Ханшайым өмірінен бейне жазба көрсету)




Түсіну

Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлінеді



Infinitive

Past Simple

Work

Go

Study



Worked

Went


Studied

Түрлі дерек көздерін пайдалан отырып Past Simple шағымен танысады.






Қолдану:

Сабақтағы басты тапсырмалар бойынша оқушылар Маргарет Течер туралы мәтінді оқиды және алған білімдерін кеңейту үшін 5-жаттығуды «дұрыс/бұрыс» ойыны арқылы орындайды. Деңгейлік тапсырмалар

Мәтін бойынша сөйлемдердің ішіндегі көп нүктелердің орнына тиісті жаңа сөздерді қою.

Әр топ кластер құрайды.















Қосымша ақпарат


Аяқталуы


Талдау

Сабақтың соңында оқушылар:

Оқушылар топта бірі-бірін өзін-өзі бағалау және өзара бағалайды. Мұғалім топты бақылап түсінбегендерін қайта қарасырады.

Жинақтау: «Адасқан сөздер» стратегиясы арқылы әр оқушы тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді «тіркес сөздер» пайдалану арқылы сөйлемді толықтырады.

Автобус аялдамасы арқылы сұрақтарға жауап алу.





Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ құзыреттілігі


Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сл ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау







Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.




А2 . Коучинг- сабақ арқылы әріптестердің тәжірбиесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп (500 ) сөз.
Коучинг- (ағылшын .coaching) сөзбе сөз аудармасы - тәлім ету, дайындау ,жаттықтыру, дегенді білдіреді.Бұл - әріптестердің (коуч пен әріптесі ) жаңашыл ,белсенді, және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Коучинг барысында қолданыстағы оқыту тәжірбиелерін бірлесіп ойластыру идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа тарту негізінде басқа мұғалімдер өз жұмысының жекеленген салаларын жетілдіру ,оларды тереңірек дамытып ,анағұрлым жоғары сапалық деңгейде көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін , игерген дағдылары мен тәжірбиесін жетілдіреді. Мектептегі коучинг мәдениеті мектептегі педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіби дағдыларын , жеке қабілеттері мен талантын дамытуға және мектептегі білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды әдіс ретінде қарастырылады.

Мектепке келгеннен кейін әдістемелік бірлестік отырысында өзгеріс енгізу қажеттілігі жайлы түсінік бердім. Бұл үдірісте мұғалімдердің мақсат етілген нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірбиесі аздау әріптестерімен жүргізілетін жұмысты жоспарлау мен жүзеге асыруда жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын- ала дұрыс белгілей алу қабілеттерін басты назар аударылуы тиіс. Мектептегі білім беру сапасын арттыруға ыкпал ететін маңызды әдіс ретінде қарастыруды ұсындым.Коучинг жоспарлауда мектептегі мұғалімдерді ойландырған қандай сұрақтар барын білу мақсатымен «сенім жәшік» әдісін пайдаланып, өздерін ойлантқан сұрақтарын сенім жәшігіне салуларын өтіндім.Кейін анықталғандай мұғалімдерді мазалайтын сұрақтар өте көп. Бәріне жауап тапқысы келеді. Қызығушылық басым. Бұл біздің мұғалімдеріміздің білуге ұмтылуын, кедергілерден шығу жолын іздестіретінін, мақсаттың бар екенін көрсетеді. Сұрақтардың басым бөлігі сыныптағы оқушы мен мұғалімнің сабақ үдерісіндегі әрекетіне бағытталған. Оқушыларды топтаудың тиімді жолдары қандай, топта оқыту пайдалы ма, ашық сұрақтарды қоюдың қолайлылығы қандай, топтағы оқушылардың сабақ үдерісіне толық қатысқанын қалай анықтаймыз, деген сұрақтарға басымдық беріліпті.Осы әріптестерімнің ойларын тыңдай отырып,коучинг сабақтарын тақырыбын ойластырдым. Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін коучинг тақырыбын «Диалогтік оқытуда сұрақ қою әдістерін тиімді қолдану жолдары» өткізуді өзімнің жоспарыма енгізіп қойдым.Себебі сабақ беруде диалогтік оқытуда сұрақ қоюдың әдістерін көп ақсап жатамыз. Диалог дегеніміз сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін өрістетіп, зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетін қарым –қатынас. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады.Түрткі болу жауап алу ушін ,және оқушының жауабын түзету ушін көмектесу қажет

сынақтан өткізу оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге өз ойларын анық айту

басқаға бағыттау сұрақты басқа оқушыларға бағыттау

Осы коучинг жоспарым әріптесім К мен бірге бірлесе отырып жоспарладым. Коучинг жоспарының мазмұнына келетін болсақ , олар мынандай кезеңдерден тұрады.

Тақырыбы


Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Дереккөздер мен ресурстар

5.Психологиялық ойсергек

6Топқа біріктіру

7.Ой қозғау

8 Мағынаны тану

Сергіту


10.Қорыту

11Топтастыру

Кері байланыс

Тақырып: коучинг сабақ жоспарының бір жүйеге келген жүйеленген болу керек

Мақсаты: қол жетімді түсінікті болатын нақты сабақтың мақсаты Күтілетін нәтиже: сабақтан алған білімін үйренетін болжап жазамыз. Дереккөздер мен ресурстар дейміз «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану»жатқыздым бұған «Әке мен бала» бейнефильмі, постер, таныстырылым осы дерексөздер мен ресурстарға кіргіздім

5.Психологиялық ойсергек. Мұғалімдердің коучингімізді бастамас бұрын көңіл –күйіміз көтеру үшін осы сабақта сергек,белсенді атсалысу үшін жасалады.

6Топқа біріктіру Қатысушыларды жан- жануарлардың аттары жазылған карточкалар арқылы шағын топтарға біріктіреді.

7.Ой қозғау «Егіздер » бейнежазбасын көрсету

арқылы коучингтің мақсатын анықтау, түрткі сұрақтар

8 Мағынаны тану Интребелсенді тақтадан диалогтік оқытуға байланысты слайд көрсетіледі, топ ішінде талқылау

Сергіту сәті Тұтқындар мен күзетшілер ойынын ойнайды

Қорыту.Тапсырма шартын түсіндіреді.

2.Тақырыпты қатысушылардың пікірлерін келтіре отырып, қысқаша қорытынды жасайды.

VІ.Кері байланыс «Екі жұлдыз бір тілек »Стикерлерге өз әсерлерін жазады

Қортыта айтқанда болашақта мен әріптестеріме болашақ қөзқарастарын дамытуға көмектесу үшін Болашақта білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып сабағымда диалог, сұрақ- жауап әдісін әрі қарай пайдаланып дамытамын.




Тақырыбы

«Диалогтік оқытуда сұрақ қою әдістерін тиімді қолдану жолдары» (коучинг-сабағы)

1

Мақсаты

Диалогтік оқытудың түйінді идеяларымен танысады. Сұрақ қою әдіс-тәсілдерін қарастырады.

2

Күтілетін нәтиже

Диалогтік оқытудың теориялық негізін біледі. Сұрақ қою әдіс-тәсілдерін меңгереді, өз тәжірбиесінде қолдана алады.

3

Дереккөздер мен ресурстар

Ресурс – І апта, «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» (Асхат Әлімов), «Әке мен бала» бейнефильмі, постер, таныстырылым



1

2

3

4

5

6

Кезеңдері

Тапсырмалар

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушлыардың іс-әрекеті

Уақыт

Кезеңдерге рефлексия


І.Ұйымдастыру

1.Психологиялық ойсергек

2.Топқа біріктіру «Жануарлар »

1. Психологиялық жаттығу (дүниежүзі халықтарының бір-бірімен амандасу ерекшеліктерін түсіндіру. Қызыл алақан –жапон халқы, жасыл алақан – маная тайпасы ,сары алақан –филипин халқы

2. Қатысушыларды жан- жануарлардың аттары жазылған карточкалар арқылы шағын топтарға біріктіреді.



1.Қатысушылар. Коучтың нұсқауы бойынша әрекет жасайды. Қызыл алақан –жапон халқы иіліп амандасады, жасыл алақан – маная халқы қолдарын аспанға көтеріп билейді , сары алақан –филипин халқы екі қолын моноппо деп иіледі.

2. Қатысушылар жан-жануарлардың аттары жазылған карточкаларды алып, дыбыс шығармай, олардың қимылын бейнелеу арқылы шағын топтарға бірігеді.





7 мин.

Б

аІІ.Ой қозғау

«Егіздер » бейнежазбасын көрсету арқылы коучингтің мақсатын анықтау, түрткі сұрақтар

I Коуч «Егіздер » бейнежазбасын көрсетеді. Коуч бейнежазба бойынша сұрақ қояды.

Көріністен қандай әрекетті байқадыңыздар ?

Шын мәнінде диалог болды ма ? Диалог болмаса неліктен ?

II Түрткі сұрақтар:

1.Диалог дегеніміз не?

2.Диалогті оқыту дегенді қалай түсінесіздер ?

3.Диалогтік оқытудың қандай тәсілдерін білесіздер?

4.Диалогтағы сұрақ қою тәсілі қаншалықты маңызды деп ойлайсыздар ?


Бейнежазбаны көреді.

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың мақсатын анықтайды.


Қатысушылардың өздерін өз тәжірбиелеріне, әдіс – тәсілдеріне сүйене отырып, өз идеяларымен бөліседі.

20мин.




ІІІ.

Мағынаны тану

I .Интребелсенді тақтадан диалогтік оқытуға байланысты слайд көрсетілед, топ ішінде талқылау

Интербелсенді тақтаның көмегімен қатысушыларға диалогтік оқытудың теориялық негізінен мағлұмат береді. Диалогтік оқытудың не екенін көрсетеді, нұсқау береді, бақылайды.


Слайдпен танысады, топ ішінде талқылайды, сызба жасайды, өз идеяларын түрлі сызба –нұсқа арқылы ұсынады.

7 мин.







II. Диалогтік оқытудың әдіс тәсілдерін қолдану

«1991»тобының клипін талқылау

1. «Әке мен бала» мультфильмін көрсетеді.

2.Бейнефильм сюжеті бойынша төмен деңгейде, жоғарғы деңгейдегі сұрақтарды дайындауға нұсқау береді.

3. Пікірталас ережелерімен таныстырады.


1.Мультфильмді көреді, тыңдайды.

2. Мұғалімдер бейнефильм сюжеті негізінде төменгі және жоғарғы деңгейде сұрақтар құрастырады. Деңгейдегі сұрақтарды дайындайды.




10 мин.




V.Сергіту

Тұтқындар мен күзетшілер ойынын ойнайды

Тұтқындар мен күзетшілер ойынында шеңбер бойымен орындыққа отырады . Әр тұтқынның жанында күзетші тұрады.Бір күзетші жалғыз тұрады ол көзін қысу арқылы тұтқынды шақырып алады.

Қатысушылар осы ойынды ойнайды.

6мин.




V.Қорыту

Топтастыру

1.Тапсырма шартын түсіндіреді.

2.Тақырыпты қатысушылардың пікірлерін келтіре отырып, қысқаша қорытынды жасайды.



2.Әр қатысушы өзіндік тұжырымын сызбаға түсіреді.


7мин.




VІ.Кері байланыс

Стикерлерге өз әсерлерін

жазғызу

-3-2-1

3-2-1

  • Бүгінгі ұнаған 3 әдісті жазыңыз.

  • Сабақта естіген 2 маңызды ұғымды жазыңыз.

  • Сабақ кезінде туындаған 1 сұрақ жазыңыз.

Өз әсерлерін жазады

3 мин.




А3. Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге асырылғаны туралы рефлекциялық есеп (500 сөз)

Тәлімгерлік ұзақ уақытқа созылатын , тәлімгер (тәжірбиелі , озық педагог ) мен одан тәлім алушы тәліп ( тәжірбиесі аз педагог ) арасында сенімді ,тұлғаларының мүдделеріне бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес,тәлімгер тәлім алушы үшін әрі обективті тыңдаушы, әрі дұрыс бағыт беруші тұлға болатын әріптестік қарым –қатынас болып табылады. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы » курсынан кейін менің мектепке деген көзқарасым өзгеріп, тәлімгерлік үдерісті жүзеге асыратын жоспарды құрдым. Бұл үдірісті мектептегі әдістемелік бірлестікте екінші санатты Г есімді әріптесіммен болашақта жұмыс жасауға бел буып отырмын.Тәлім алушы Г –екінші санатты ,тоғыз жыл еңбек өтілі бар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.Таңдап алған әріптесім жайлы айтып өтсем,тәлім алушым мағанға дейінгі, курсты бітіріп келген әріптестеріміздің курстан алған мәліметтер туралы,одан үйренген оқытудың жаңа тәсілдері туралы әңгімемді қызыға тыңдайтын.Өзінің болашақта осы курсқа барғысы келетінін,оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді өз бетінше оқып,ізденіп жүргендігін айтты. Осы жаңалықтардан кейін менің ойымша біріншіден тәлім алушынының осы бағытқа қөзқарасы оң болу керек екендігіне көзім жетті. Сырттай бақылап байқап, өз ой-елегінен өткізіп ,осы әріптесімді тәлім алушы ретінде өзіме аламын деп жоспар құрудамын.Тәлімгерлік жұмыс тәлімгердің тәлім алушыға жүргізілетін жұмыс жоспарынан бастадым. Тренеріміз Г. бізге тәлімгерліктің үдерістің жүзеге асуына жақсы ықпал ететін факторды анықтап алып « Гаухар тас иеархиясы» жайлы ықпал ететін факторды постермен қорғауға тапсырма берді. Тәлімгерліктің ықпал ететін он факторды тауып, посторды қорғадық. Постор қорғау барысында әр факторге тоқталып , жалпы мағлұмат беріп өтті.Бұл жоспарлау әр сабақтың нақты, тиянақты өтуіне көмек берді. Әріптестер арасында ауызбірлік, сыйласымдық, сенімділік пен өзара түсіністік болғанда ғана жұмыс алға жылжитыны белгілі. Тәжірибе кезеңінде тәлімгердің тәлім алушының жеті модуль жайлы таныстыру және Орта мерзімді жоспар , қысқа мерзімді жоспар жалпы мәлімет бере отырып, оларға қолжетімді смарт мақсаттың не екендігін және осы мақсаттың нақты қойылғандығы жайында мәлімет беру,мақсат қою мен оған жету жолдарын жоспарлап отырмын . Тәлімгер әріптесіне тәлімгерлік ету үдерісіне өзінің елеулі тәжірбиесі арқылы үлес қоса отырып бірқатар мәселелерді шешуде көмек береді деп ойлаймын,сонымен қатар тәлім алушы әріптесінің проблемаларына қарастыруына және шешім табуына мүмкіндік береді. Жеті модульді стратегиялық деңгейде өзтәжірбиесіндегі жаңашылдықтармен алмасады Тәліптің орынды мақсат қоюына және оған жету жолдарын жоспарлауына көмектеседі.Тәлім алушының іс-тәжірибелерін жетілдіруіне көмектесу, оның қызметкер және тұлға ретінде өсуіне, кәсіби дамуы мен проблемаларды өз бетінше шешуіне ықпал етіп, бағыт-бағдар беру.Мектепке өзгеріс енгізудің тағы бір қадамы тәлімгерлік жұмыс,мектептегі тәжірибе барысында жалпы өтіліп жатқан сабақтардың мазмұнын түбегейлі өзгерту мүмкін емес, бірақ ой қозғау салып, оң пікір қалыптастыруға болатынына мұғaлімдердің көздері жеткіземін . Жұмыс барысында тәлім алушыны өз сабақтарыма шақырып , тәжірбиеммен бөлісемін. Оқытудағы жаңа әдістерді ықпалдастырып қолдануы, Жеті -модульдің әртүрлі стратегияларын сабақтарында қолдануға болатыны жайлы айтамын Бағалаудың түрлері не де ,тоқталып жалпы мәлімет беріп өтем.Бұдан тәлімгерім жаңашылдықтарды жақсы қабылдағанын көруге болады. Тәлімгер орта буынды сыныптардың сабақтарында «қарлы кесек», «ыстық орындық» «әдеби домино» стратегияларын ұтымды қолдануға бағыт берер едім.Тәлімгерлікті жоспарлау, ұйымдaстыру арқылы болашақта іске асырылатын жұмыстарды мұғалімдер мен оқушыларға қолжетімді, қадам – қадаммен іске асатындай етіп жоспарлауды көздеймін. түйіне келетін болсақ, Бағдарламаның толық және жүйелі тәжірибемізде қолдансaқ, сөзсіз біздің оқушылар келешекке кемел біліммен, нaқты көзқараспен, оны дәлелдей алатын оймен жеке тұлғa болып енуіне кәміл сенімдемін. Болашақта осы алған білімді өз тәжірбиемде және әріптестерімнің арасында іске асырамын деген ойдамын.

ТӘЛІМГЕРЛІК ЖОСПАР


Мақсаты:

Тәлім алушының іс-тәжірибелерін жетілдіруіне көмектесу, оның қызметкер және тұлға ретінде өсуіне, кәсіби дамуы мен проблемаларды өз бетінше шешуіне ықпал етіп, бағыт-бағдар беру.


Міндеті:

Тәлім алушыны сындарлы оқыту туралы мәліметтермен таныстыру, оқушылармен жұмыс жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту, мұғалімдердің сабақ үдерісіне оңтайлы тұрғыда әсер етуге, сол арқылы мектептегі оқыту мен оқу үдерісіне өзгерістер енгізуге мүмкіндіктер туғызу.


Күтілетін нәтижелер:

Тәлім алушы оқушылармен топтық, жұптық жұмыстарды тиімді ұйымдастырады, ақпараттарды ізденіп табу және оларды орынды қолдана білу шеберлігі артады, мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етеді, сол арқылы оқушының білім сапасының артуына әсер етеді.


Тәлімгер:

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы »деңгей бағдарламасын оқыған қазақ тілі мен әдебиеті пәні және ағылшын тілі пәні мұғалімі Калиаскарова Салтанат


Тәлім алушы:


Басщибекова Гулдастан Жетпісбековна - екінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі




қ/с

Теориялық бөлім

Практикалық бөлім

Табыс критерийлері


Мерзімі

1

Ынтымақтастық орнату

Талқылау, пікірлесу, жоспарлау

Орта мерзімді жоспар, тәлімгер мен тәлім алушының алдағы ортақ жұмысының бағыты нақтыланады




2

Тәлім алушымен тәлімгерлік жүргізуді жоспарлау таңдап алынған бағытына сәйкес коучинг сессиясының жұмысын жоспарлау

Талқылау,жоспарлау

Орта мерзімді жоспар, тәлімгер мен тәлім алушының алдағы ортақ жұмысының бағыты нақтыланады




3

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін коучинг сессияда талдау, талқылау арқылы үйрену

Кәсіби әңгіме жүргізу( тәлім алушы мен мұғалімдер арасында)

Дәстүрлі емес сабақтың оқушыларға ықпалы анықталады

үнемі

4

Тәлім алушылардың тәлімгердің сабағына еніп, тәжірибе алмасуы


Өзара тәжірибе алмасу, кәсіби сұхбат жүргізуталқылау







5

Таңдап алған бағыт бойынша мұғалімнің сабақтарын қадағалау, зерттеу, зерделеу, талдау

Талқылау, пікіралысу,зерделеу.

Тәлімалушының сабақ жүгізу шеберлігі шыңддалады, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана бастайды, сыныптың білім сапасы артады.

қараша

6

Коучингтен кейінгі кері байланыс бағытына сәйкес коучинг сессиясының жұмысын жоспарлау

Кәсіби әңгіме жүргізу

Тәлім алушының кәсіби шеберлігі шыңдалады

үнемі

7


Тәлім алушылардың тәлімгердің сабағына еніп, тәжірибе алмасуы

Өзара тәжірибе алмасу, кәсіби сұхбат жүргізу Тәлім алушының сабақ үдерісін бақылау дағдысын

Тәлімалушы әр жүргізген сабағын бақылап, талдау-жинақтау жұмыстарын жүргізуді үйренеді.




8


Сұхбаттасу













Каталог: uploads -> doc -> 0b6d
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b6d -> Сабақтың тақырыбы Махамбет Өтемісұлы. Ақынның өмір сүрген дәуірі. Сабақтың мақсаты: білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет