Бақылаудың негізгі мәні неде?



Дата07.02.2022
өлшемі18,02 Kb.
#83846
Байланысты:
Самархан Г. 4-күн. Бағалауға арналған тапсырма


Самархан Гулжазира
4-оқыту күнінің рефлексиясы
Негізгі ұғымдарды талқылау (4 күндік материалдар негізінде):


- Бақылаудың негізгі мәні неде?

Сыныптағы оқушыларды зерттеу және қадағалауға тиімді болып есептеледі.

Бақылаудың негізгі мәні





  • Сыныпты бақылау нені көруге болады? Сыныпты бақылауда сандық және сапалық бақылаудың арасындағы айырмашылық пен толықтырушылық неде?

Сыныпты бақылауда оқушылардың деңгейі қаншалықты алға жылжығандығының және жоспарланған нәтижемен салыстырғанда олардың қай деңгейге жеткенінің көруге болады.


Сандық және сапалық тәсілдер бір – біріне қарама – қарсы екі тәсіл деп айтуға болады. Сандық тәсіл арқылы сыныптағы ахуалды жүйелендіріп, сандық мәлімет немесе статистикалық сараптама жүргізу үшін санға айналдыруға болатын ақпарат іріктеледі. Ал сапалық ол негізгі тәсіл деп қарастыруға болады, себебі қадағалаушы өз көзімен не көрсе, соны өз қолымен жазу арқылы хронологиялық түрде жазып алады.
Мысалы келтірсек, алгебра сабағында статистика тақырыбын алсақ кесте, жүйе тағы да басқа тапсырмаларды сан мәнімен анықтаса, ал сапалық ауызша немесе мәтіндік деректер алынады. Яғни ережелер, теоремаларды ұғынуға қатысты.



  • Оқушылармен сұхбаттасу оқыту мен оқытудың сапасын ашуға қалай ықпал етеді?

Жалпы сұқпаттасуды кері байланыс ретінде түсіндім. Оқушылардың ненің тиімді болғаны, нені үйренгенін, меңгергенін , сонымен қатар оның тиімділігін білуге болады. Ол сабақты тиімді жоспарлауға және ары қарай зерттеуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.





  • Жұмыс тобының қорытындылары қандай мақсатта қолданылады?


Жұмыс тобының қорытындысы өткен сабақты талқылау мен қатар келесі жаңа сабақ циклін жоспарлауға тиімді. Қорытынды барысында оқушылар оқумақсатына жетті ме, сабақты қалай жетілдіруге болады және бұл тәжірибеден қандай сабақ алуға болады деген мәселелерге назар аударылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет