2-топ: Мәтінді оқып, «Сүзіп алу» стратегиясын
пайдаланып, ашық және жабықтұқымды өсімдіктердің
тіршілік циклінің сызбасын жасайды.
Дескрипторлар:
– Мәтінді толық меңгеріп, топтық жұмыс тапсырмасын
толық орындайды.
– Терминдердің мәнін ашады.
– Ашық және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік
циклін талдайды.
Сергіту сәті. «Австарлия жалыны» сағат тілімен қол
және аяқпен жұмыс
1. Ысқылау
2. Шыртылдату
Оқулық
276
3. Шапалақтау
4. Аяқты ұру
5. Марш жасау
Рефлексия.
Аяқталуы
«Суреттер сөйлейді»
Қарағай мен гүлді өсімдіктердің тіршілік циклін
суретке қарап, түсіндіріп беріңдер.
Дескрипторлар:
– Суретке қарап өсімдіктердің тіршілік циклін түсіндіріп
бере алады.
– Санмен, сызықпен берілген өсімдік мүшелерін дұрыс
белгілейді.
– Қосарлана ұрықтанудың биологиялық маңызына баға
береді.
«Көңіл күй рефлексиясы»
Қосымша ақпарат. Мамыр-маусым айларында қарағайдың жас өркендерінің ұшынан
сарғыш бүрлерді көруге болады. Әрбір бүрде қабыршақ тәріздес түрі өзгерген жапырақтар –
микроспорофилдер болады. Әрбір микроспорофилдің астыңғы жағында екі тозаңы бар
микроспорангий (тозаң қапшығы) орналасқан. Пісіп-жетілген тозаң екі қабықшамен
қапталған: сыртқы – экзина, ішкі – интина. Экзина интинаның екі жерінен алшақтап, ауа
қапшықтарын түзеді. Тозаңның қабықшасы астында цитоплазма және онда вегетативті және
генеративті жасушалар орналасады. Осындай күйде тозаң тозаң қапшығынан шығып, жел
арқылы таралады. Екінші бір өркенде, көбінесе жоғары жағында қызыл түсті ұсақ бүрлер
дамиды. Ол осьтен және қабыршақтан тұрады. Сыртқы – қабыршақ және ішкі тұқымды
қабыршақ болады. Тұқымды қабыршақта екі тұқым бүрі орналасады. Алғашқы кезде
кабыршақтың негізінде шағын түйір пайда болады. Бұл болашақ тұқым бүрдің ішкі құрамы –
нуцеллус. Нуцеллусті жан-жағынан тұқым бүрдің жабыны – интегумент қоршайды.
277
Нуцеллустің жоғарғы жағында тозаң саңылауы немесе микропиле болады. Нуцеллусте
микропилеге жақын археспориалды жасушалар ерекшеленеді, редукциялық бөлінуі
нәтижесінде мегаспора пайда болады.
Саралау – Сіз
қосымша
көмек
көрсетуді
қалай
жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті
жоғары
оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді
қалай
жоспарлайсыз?
Қосымша көмек керек оқушылар үшін:
Гаметалар қандай бөліну жолымен пайда болды,
өткен тақырыпты еске түсіре отырып, жауап
беріңдер.
Қабілеті жоғары оқушы:
Салыстыру кестесін сызыңдар.
Өкілдері
Гамето-
фит
Спорофит
Тіршілік
циклінде
қай кезең
басым?
Мүктер
Қырықжа-
пырақтар
Ашық-
тұқымды-
лар
Жабық-
тұқымды-
лар
Пәнаралық
байланыс
Қауіпсіздік және
еңбекті қорғау
ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия.
Сабақ / оқу
мақсаттары шынайы
ма?
Бүгін оқушылар не
білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт
ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім және
неліктен?
Рефлексия. «Сауалнама»
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
278
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас
ерекшеліктеріне қарай жасақтау
САБАҚ: §49. Мүшелер
жүйесінің дамуы –
эмбриогенездің сатылары
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабаққа
негізделген оқу
мақсаттары
8.2.3.1 – эмбрионалдық даму кезеңдерін сипаттау
8.2.3.2 – әртүрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасатын ұлпалар мен
мүшелердің дифференциалдануын сипаттау
Барлық оқушылар:
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, онтогенездің жеке даму екендігін
біледі, сатыларын ажыратады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Эмбриогенездің сатыларын талдайды, салыстырады, ерекшеліктерін
табады.
Эмбриогенездің әр кезеңін сипаттап береді.
Ұрық жапырақшаларынан дамитын мүшелердің кестесін жасайды.
Кейбір оқушылар:
Биогенетикалық заңның негізгі қағидасын зерделейді.
Сабақтың
құндылығы
Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Бағалау
критерийлері:
– Онтогенездің кезеңдерін еске түсіреді.
– Кезеңдердің өзіне ғана тән ерекшеліктерін айқындайды.
– Кезеңдердегі өзгерістерді сипаттап береді.
– Органогенез кезіндегі ұрық жапырақшаларынан пайда болған мүшелерді
топтастырады, жүйелейді.
– Биогенетикалық заңның негізгі қағидасын дәлелдейді.
Тілдік мақсат
Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті
айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы,
топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және
пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестер)
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Онтогенез, филогенез, эмбриогенз, постэмбриогенез, бластула, гаструла,
нейрула, бластомер.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Жүйке түтігі қай мүшенің бастамасы болып есептеледі?
Қандай үдерістің нәтижесінде біржасушалы ағза көпжасушалы ағзаға
айналады?
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Аналық жасуша және аталық жасушадан зигота несімен ерекшеленеді?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Эмбриогенез кезеңдерін дәптерге түсіреді.
279
Алдыңғы оқу
«Сұрыптау» жаттығуы
Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінде
кездесетін терминдерді сұрыптап жазып шығыңдар.
Мегаспорангий
Мегаспорофит
Сорус
Таллом
Өскінше
Эндосперм
Хромотофор
Спермий
Орталық жасуша
Бүр
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Топқа бөлу әдісі: «Ортақ қызығушылықтар»
Сынып осы әдіс арқылы «Бластула», «Гаструла»,
«Нейрула» топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің атының
сабаққа байланысын болжайды.
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, Жер-ана!
Амансың ба, құрбым (досым)!
Мынау менің қолым,
Жылуымды сезін, –
дей отырып, бір-біріне жылу сыйлау.
Гүл
өсірушілер
Қолөнермен
айналысатын-
дар
Ортасы
І. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді меңгеру «ДЖИГСО-2»
Топпен жұмыс жасау: Оқушылар көлемді мәтінді
әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып, топпен
талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында
әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа
(сарапшылар тобы) топтар құрады. Құрылған сарапшы топ
берілген тапсырмаларды бірге талқылап, орындайды.
Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің
бұрынғы топтағы достарына кезекпен түсінген
материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйретулері керек.
Дескрипторлар:
– Мәтінді толық меңгеріп, топтық жұмыс тапсырмасын
толық орындайды.
– Әр топ өзіне бөлінген тақырыпшаларын түсіндіріп бере
алады.
Оқулық
280
Сергіту сәті. «Табиғат сыйы»
Жел тұрды,
Жапырақтар тербелді.
Жаңбыр сіркіреді,
Жаңбыр құйып кетті.
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.
Рефлексия. «Менің көңіл күйім»
Бұлтты, сұрағым бар
Жайдары, түсінікті
Түнеріп тұрмын, түсінбедім
Аяқталуы
«Он сұрақ!» стратегиясы
Мұғалім әр топтан бір оқушыны таңдап алады және оның
маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады –
қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап «иә»
немесе «жоқ» деп беріледі. Стикердегі сөзді тез табу керек.
Дескрипторлар:
– Жасырылған сөз туралы сұрақты дұрыс қоя алады.
– Жасырған сөзді тез табады.
Рефлексия. «Табыс сатысы»
Қосымша ақпарат. Ұрықтың даму сатуларының жүйелілігінің сызбанұсқасы:
Зигота Бөлшектену Бластула Гаструла Нейрула Органогенез
Бір қабатты ұрықтың – бластуланың түзілуі.
Ұрықтанған жасуша, алдымен екіге, одан соң төртке бөлінеді. Бұдан кейінгі бөліну көлденең
281
бағытта жүріп, сегізге, одан кейін бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде
16, 32, 64, 128 т. б. бластомерлерге айналады. Бір қабатты іші қуыс бластулаға айналады.
Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы
Гаструла – іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары
деп те аталады. Гаструла сатысындағы сыртқы қабатты – энтодерма немесе сыртқы ұрық
жапырақшасы деп атайды. Энтодерманың ішкі қуысы бірінші реттік ішектің, ал оның сыртқа
ашылатын тесігі бірінші реттік ауыздың бастамасы болып есептеледі.
Нейрула.
Нейрулла сатысы кезінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами
бастайды.
Саралау – Сіз
қосымша
көмек
көрсетуді
қалай
жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті
жоғары
оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді
қалай
жоспарлайсыз?
Қосымша көмек керек оқушылар үшін:
Суретті түсіндіріп бер.
Қабілеті жоғары оқушы:
Кейіпкерге хат: К.Бэр мен Э.Геккель, Ф.Мюллерге
не жазар едің, қандай сұрақ қояр едің?
Пәнаралық
байланыс
Қауіпсіздік және
еңбекті қорғау
ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не
білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары тиімді
болды ма?
Мен берілген уақыт
ішінде үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма қандай
түзетулер енгіздім және
неліктен?
Рефлексия. «Өзіме сараптама»
– Не істедім?
– Қандай мақсатпен?
– Неге олай жасадым?
– Қандай нәтижеге жеттім?
– Не жасауым керек еді?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас
ерекшеліктеріне қарай жасақтау
282
САБАҚ: §50.
Тұқымқуалаушылық және
өзгергіштік заңдылықтары
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабаққа
негізделген оқу
мақсаттары
8.2.4.1 – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы рөлін
дәйектеу
Барлық оқушылар:
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, тұқымқуалаушылық, өзгергіштік
терминдерінің мәнін ашады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Өзгергіштіктің түрлерін талдайды, оларды салыстырады, бір-бірінен
айырмашылықтарын зерделейді.
Өзгергіштіктің пайда болу себептерін анықтайды.
Кейбір оқушылар:
Өзгергіштіктің эволюциядағы маңызына баға береді.
Сабақтың
құндылығы
Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Бағалау
критерийлері:
– Тіршіліктің қасиеттерін еске түсіреді.
– Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің мәнін ашады;
– Өзгергіштіктің түрлерін айқындайды, салыстырады, пайда болу
себептерін негіздейді.
– Эволюция үшін өзгергіштіктің мәнін болжайды.
Тілдік мақсат
Oқушылaрдың тілдік дaғдының төртеуін де түрлі әрекeттерде
(мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым,
тыңдалым-жазылым т.б.) әртүрлі мaқсаттарға қол жeткізу үшін
қолдану
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Мутация, мутаген, модификация, өзгергіштік, тұқымқуалаушылық
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Өзгергіштікке әсер ететін факторларды талдаңдар.
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Неліктен модификация тұқым қуаламайды?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Өзгергіштіктің түрлерін дәптерге түсіру.
Алдыңғы оқу
Тест жұмысы
1. Онтогенез бұл –
а) ағзаның жаңа дамуы б) ұрықтың дамуы
ә) ағзаның жеке дамуы в) ұрықтан кейінгі даму
2. Бластула –
а) үш қабатты ұрық б) бір қабатты ұрық
ә) бластомерлер в) төрт қабатты ұрық
3. Гаструла –
а) бір қабатты ұрық б) төрт қабатты ұрық
ә) бес қабатты ұрық в) үш қабатты ұрық
4. Нейрула –
283
а) жеке мүшелердің дамуы б) сыртқы мүшелердің дамуы
ә) ішкі мүшелердің дамуы в) жүйке жасушаларының дамуы
5. Эмбриогенез дегеніміз
а) түрленіп даму б) ұрықтың дамуы
ә) толық түрленіп даму в) ұрықтан кейінгі даму
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Топқа бөлу әдісі: «Пәндік категориялар»
Сынып осы әдіс арқылы «Мутация», «Модификация»,
топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің атының сабаққа
байланысын болжайды.
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:
«Сенің есімің»
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Кез келген бір
оқушы өз есімін айтады. Кейінгі ойыншалар кезекпен
бірінші ойыншының есімін допты шеңбер бойымен
жылжыта отырып, түрлендіре айтады. (Сәуле, Сәулетай,
Сәулежан, Нұрсәуле т. б.) осылай барлық баланың есімі
түрлендіріле айтылып шығады. Ойынға қатысушылар өз
аттарын түрлендіре естігенде қандай сезімде болғандарын
айтады.
Мұғалім: Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең
керемет әуен секілді естіледі. Сондықтан да бір-бірімізбен
қарым-қатынас жасағанда, әңгімемізді міндетті түрде
есімімізді айтудан бастайық.
Биология:
аққу,
көгершін,
қарға, ұзақ
дегелек,
бүркіт
Физика:
атом,
молекула,
күш, қысым,
оптика,
тербеліс,
инерция,
тартылыс
Ортасы
І. Оқулықпен жұмыс.
«Идеялар себеті» стратегиясы
Жұмыс алгоритмі
Сабақтың тақырыбымен танысады.
Жеке жұмыс. Әр оқушы мәтіннен өзіне белгілі мәліметті
тезис түрінде жазып шығады. 2 минут беріледі.
Топтық жұмыс. Оқушылар өз ақпараттарымен бөліседі,
талқылайды. 3 минут беріледі.
Сыныппен жұмыс. Әр топ тақырып бойынша өзінің
көзқарасын айтады, білімдерін көрсетеді.
Мұғалім айтылған көзқарастар мен түйінді сөздерді
«себетке» салып отырады. /тақтаға жазу/
Дескрипторлар:
– Мәтінді толық меңгеріп, жеке, топтық жұмыс
тапсырмасын толық орындайды.
– Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің анықтамасын
айтады.
– Өзгергіштіктің түрлерін салыстырады, ерекшелігін
зерделейді.
Оқулық
284
Сергіту сәті: «Жаңбыр»
Тәулiк бойы тынбайтын,
Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған
жауын тырсылын жасайды).
Астан-кестен жауатын
Өткiншi ендi бiз жаңбыр (Тез-тез жауған
жаңбыр тырсылын келтiредi).
Рефлексия. «Сауалнама түріндегі рефлексия»
1. Бүгінгі сабақта мен
• білдім _________________________
• түсіндім _________________________
• үйрендім __________________
2. Сабақ кезінде ең жақсы өткен...
__________________________
3. Негізгі қиындықтар менде …
_____________________________
4. Менде өзгерістер болды...
а) Пәндік білімімде
ә) Сезіну қасиетімде
б) Шығармашылық қабілетімде
в) Өз іс-әрекетімді сезінуде
Аяқталуы
«Серпілген сауал» стратегиясы
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау
дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы
оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы,
«Самат, Рахаттың жауабы туралы не ойлайсың?»
«Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны
қалай дамытуға болады?»
«Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге
болады?
Дескрипторлар:
– Сұрақтарға барынша кең жауап береді.
– Тақырыптағы негізгі идеяны ары қарай дамытады.
Рефлексия ағашы
Жасыл жапырақ – өзіме қанағаттандым.
Сары жапырақ – белсенділігім төмен болды.
Қызыл жапырақ – көмек қажет болды.
Қосымша ақпарат.
Мутация (лат. mutatio – өзгеріс) – ағзаның белгілері мен қасиеттерінің
өзгерісінің фенотиптік жағынан көрінуіне әкелетін хромосомалар мен гендердің өзгерісі.
Алғаш рет бұл құбылысты 1901 жылы голландиялық ғалым Г. Де. Фриз (1848–1935)
285
сипаттаған және де мутациялық теорияның негізін қалаған. Уақытқа және кеңістікке
байланысты мутация процесінің түзілуін мутагенез деп атайды. Мутация процесі барлық тірі
ағзаларға (адамға да) тән.
Мутация процесін тудыратын заттарды мутагендер деп атайды, табиғаттағы мутагендерді үш
үлкен топқа бөледі.
1) физикалық мутагендер (рентген сәулесі, гамма сәулесі, нейтрондар, протондар, температура,
центрифугалар және тағы басқалар); 2) химиялық мутагендер (этиламин, диэтилсульфат,
колхицин, аценафтен, чай, кофе, арақ, спирт және т.б.);
3) биологиялық мутагендер (адамзат баласының қартаю процесі биологиялық мутагендердің
ең бастысы болып есептелінеді.
Саралау – Сіз
қосымша
көмек
көрсетуді
қалай
жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті
жоғары
оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді
қалай
жоспарлайсыз?
Қосымша көмек керек оқушылар үшін:
Достарыңызбен бөлісу: |