А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет31/35
Дата30.10.2019
өлшемі11,94 Mb.
#50823
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Биология 8 сынып. Оқыту әдістемесі


Кестені толтыр. 
ВЕНН диаграммасы. «Өзгергіштік түрлері» 
 
Қабілеті жоғары оқушы: 
«Мутацияның эволюциядағы рөлі» – эссе. 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары шынайы 
ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен? 
Рефлексия.  «Таңдау» 
1. Мен сабақта жұмыстандым 
2. Өз жұмысыма 
3. Сабақ маған 
4. Сабақта мен  
5. Менің көңіл күйім 
6. Сабақ материалдары маған  
Таңдалатын сөздер: 
белсенді,   енжар 
ризамын,   риза емеспін 
тез,  ұзақ өтті 
шаршадым,  шаршамадым 
жақсарды, нашарлады 
түсінікті,       түсініксіз 
қызықты,      қызықсыз 
пайдалы,        пайдасыз 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ барысында менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін сынып немесе жекелеген 
оқушылар туралы  не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
286

 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §51.   Қолдан 
сұрыптау 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
8.2.4.2 – ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау 
 
Барлық оқушылар: 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, селекция ғылымы туралы мәлімет алады, 
сұрыптаудың түрлерін біледі. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Сұрыптаудың түрлерін талдайды, қолдан сұрыптаудың түрлерін 
ажыратады, оларды сипаттап береді. 
Кейбір оқушылар: 
Селекцияның рөлін айқындайды. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
–   Сұрыптау, эволюция терминдерінің мәнін ашады. 
Табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптауды салыстыру. 
– Қолдан сұрыптау түрлерін салыстырады, ерекшеліктерін айқындайды. 
– Селекцияның рөліне баға береді. 
Тілдік мақсат 
 
Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті 
алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу 
дағдылары) 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Селекция, табиғи сұрыптау, қолдан сұрыптау, жеке сұрыптау, жалпы 
сұрыптау, әдістемелік сұрыптау. 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Әрбір қолтұқым мен іріктеменің ататегі бір ме немесе бөлек пе? Талдап 
жауап беріңдер. Тіршіліктің қандай қасиеттері жаңа іріктеме мен қолтұқым 
шығаруға негіз бола алады? 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен өсімдіктер мен жануарлардың түрлері өте көп? Соншама көп 
түрлер қалай пайда болды? 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Қолдан сұрыптау түрлерін дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
«Сөйлемді толықтыр» 
Тұқымқуалайтын өзгергіштікті... деп атайды. 
Тұқымқуаламайтын өзгергіштікті... деп атайды. 
Мутацияны... тудырады. 
Модификация... жағдайынан пайда болады. 
Мутация эволюцияның негізгі... күші. 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
287

 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Топқа бөлу әдісі: «Ұқсас ерекшеліктер» 
Сынып осы әдіс арқылы «Қолтұқымдар», «Іріктемелер» 
топтарына бөлінеді. Әр топ өз атының сабаққа 
байланысын болжайды.  
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Мен өзімді мадақтаймын»  
Мақсаты: Өзін-өзі бағалауды көтеру, өзіне деген 
сенімділікті арттыру. 
Нұсқау: Мен әрқайсың өзіңді бір нәрсе үшін мадақтауыңды 
сұраймын. Сондықтан басталық, мен бастайын, сендер 
қостаңдар: «мен өзімді еңбекқорлығым үшін 
мадақтаймын»... 
1-топ: 
Сөмкелерінде 
қызыл, жасыл 
түстер бар 
оқушылар 
2-топ: 
Сөмкелерінде 
қара, сұр 
түстер бар 
оқушылар 
 
 
 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен  жұмыс.  
Материалдарды сынау бағдарламасы  бойынша мәтінді 
меңгерту. 
Жұптасып: 
 
1. Қолдан сұрыптауды сипаттау үшін жазылған сөздерді 
тауып алыңдар (2 минут).        
2. Қолдан сұрыптаудың түрлерін айқындайтын сөздер бар 
ма? ( 1 минут) 
3. Қолдан сұрыптаудың ерекшелігін сипаттайтын сөздер бар 
ма? (1 минут) 
Енді басқа жұппен бірігіңіз: 
 
4. Ақпаратпен бөлісіңдер (2 мин). 
5. Қолдан сұрыптаудың табиғи сұрыптаудан 
айырмашылығын тауып көріңдер (2 мин). 
6. Сұрыптау түрлерінің арасында  байланыс бар ма? 
Талқылаңдар (5 мин). 
Барлық сыныппен: 
 
7. Қолдан сұрыптау селекцияның негізгі әдісі екендігін 
дәлелдеңдер. Талқылаңдар (3 мин). 
8. Селекция қалай пайда болды?  (4 мин) 
Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгеріп, жеке, топтық жұмыс 
тапсырмасын толық орындайды. 
– Сұрыптаудың түрлерін біледі, салыстырады. 
–  Қолдан сұрыптаудың түрлерін сипаттап береді. 
 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
288

 
Сергіту   сәті   «Алақан» 
Жаттығу жұп-жұппен жүргізіледі. Жұптар алақандарымен 
шапалақтай отырып, максималды жылдамдыққа жету керек. 
Сөйлеуге болмайды. Қателескен жұптар қарсыласын 
ауыстыруы тиіс (алақанмен шапалақтап ойнағанда 
жалықпай, ұзақ уақыт өзін жақсы, еркін ұстай алады). 
Кері байланыс «Өз жұмысыма талдау» 
– Не істедім? 
– Қандай мақсатпен? 
– Неге солай жасадым? 
– Қандай нәтиже алдым? 
 
 
 
 
 
 
 
Аяқталуы 
Қолдан сұрыптау туралы бес сөйлем жаз. 
Дескрипторлар: 
– Сұрақтарға барынша кең жауап береді; 
 – Тақырыптағы негізгі идеяны ары қарай дамытады. 
Кері байланыс: 
1.  Топта бірлесіп жұмыс жасағанда не қызық болды? 
2. Бірлескен жұмыс барысында жағымды ахуал болды ма?  
 
 
 
Қосымша  ақпарат.  Ч. Дарвин ауылшаруашылығы практикасында ағзалардың жаңа 
формалары (жануарлардың қолтұқымдары мен есімдіктердің іріктемелері) қалай 
шығарылатынын зерттеді. Содан соң табиғатта қандай себеп шарттардың әсерінен жаңа 
түрлердің пайда болатынын талдауға кірісті. Адамның қолдан сұрыптауы мен табиғатта 
болатын табиғи сұрыпталудың арасында үлкен айырмашылық бар екендігін ажырата білді. 
Нәтижесінде, Ч. Дарвин қолдан сұрыптау және табиғи сұрыпталу ілімінің негізін салды. 
Дарвин 1868 жылы шыққан «Үй хайуанаттары және мәдени өсімдіктердің өзгеруі» деген 
еңбегінде қолтұқымдардың шығуын және көптүрлілігін толық сипаттады. Ірі қараның 400-ге 
жуық қолтұқымдарын зерттеді. Қолтұқымдар бір-бірінен бас сүйегі, дене пішіні, реңі, қаңқасы 
мен бұлшық еттерінің дамуы, мүйіздерінің пішіндері арқылы ажыратылады. Осындай көп 
айырмашылықтарына қарамастан қолдан сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдар мен 
іріктемелердің жабайы тегі болатынын атап көрсетті. «Түр тұрақты, өзгермейді» деп 
санағандар «әрбір іріктеме мен қолтұқымның өзіне тән жабайы тегі болады» деп есептеді. 
Мұндай теріс көзқарасқа Дарвин қарсы шығып, көптеген мысалдар келтірді. 
Мысалы, тауықтардың барлық қолтұқымдарынын тегі – жабайы банкив тауығы; үй 
үйректерінің жабайы тегі – барылдауық үйрек; үй қояндарыныкі – жабайы еуропалық қоян 
екендігін дәлелдеді. Мүйізді ірі қараның тегі – жабайы еуропалық тур, иттің тегі –  қасқыр деп 
көрсетті. 
Саралау – Сіз 
қосымша 
көмек 
көрсетуді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Сұрыптау нәтижесі берілген өсімдіктердің қай 
мүшесін өзгертеді? Әр мүшесінің тұсына «+–» 
белгісін қойып белгілеңдер. 
– – – – – – – – – – – – – – –  Тамыры – – – – –  
Түйнегі – – – –  Сабағы – – – –  Жапырағы – – – –  
Жемісі – – – –  Тұқымы 
1.  Пияз 
2. Картоп 
3. Қызанақ 
4. Қарақат 
5. Қарбыз 
6. Көкнәр 
7. Сәбіз 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
289

 
8. Қырыққабат 
9. Бұршақ 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Қолдан сұрыптаудың нәтижесі қандай? 
Көгершіндердің қолдан шығарылған түрі жабайы 
түрінен қалай ерекшеленеді? 
 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары шынайы 
ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен? 
Рефлексия.  «Кемпірқосақ» 
 «Кемпірқосақ» тәсілі: оқушыларға «Бүгінгі сабақты қай түр-түспен 
бағалайсың?» деген сұрақ қойылады. Түр-түстер мағынасы: • қызғылт 
сары –  көңілді, шаттанған көңіл  күй;  • қызыл –  күйгелек, озбыр 
көңіл  күй;  • көк – көңілсіз, шаршаңқы;  • жасыл – белсенді;  • сары –
 қуанышты;  • күлгін – абыржу, беймаза, үрейлі. 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §52.  Мәдени 
өсімдіктер мен үй жануарлары- 
ның шығу орталықтары 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
8.2.4.3 – мәдени өсімдіктер іріктемелері мен үй жануарларының шығу 
тегінің орталықтарын оқып білу 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, Н.И. Вавиловтың селекционер 
ғалым екендігін біледі. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
290

 
 
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтарын 
талдайды. 
 
Шығу орталықтарына байланысты жануарлар мен өсімдіктердің 
тізімдемесін жасайды. 
Кейбір оқушылар: 
Шығу орталықтарын анықтаудағы Н.И. Вавиловтың еңбегіне баға 
береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтайды, өсімдіктерді 
шыққан орталықтарына қарай жүйелейді. 
– Жануарлардың  шығу орталықтарын анықтайды, шыққан орталықтарына 
қарай жануарларды жүйелейді. 
– Н.И. Вавиловтың еңбегіне баға береді. 
Тілдік мақсат 
 
Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа 
 аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті 
терминология мен тіркестері бар лексика) 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Үй жануарларының шығу орталықтары, мәдени өсімдіктердің шығу 
орталықтары, Н.И. Вавилов  
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Қазір осы кезде мәдени өсімдіктердің шығуы әлі де мүмкін бе?  
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен бүгінгі сабағымыз географиямен байланысты екендігін айта 
аласың ба? 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Мәдени өсімдіктер мен жануарлардың шығу орталықтарын дәптерге түсіру. 
Алдыңғы оқу 
«Сұрыптау жаттығуы» 
Селекцияға қатысты сөздерді теріп, сұрыптап алыңдар: 
Модификация 
Мутация 
Қолтұқым 
Іріктеме 
Штамм 
Аутбридинг 
Зигота 
Гамета 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
291

 
Басталуы 
 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Сыныпты санамақ әдісімен «Мәдени өсімдіктер», «Үй 
жануарлары» топтарына бөлу. Топ мүшелері топ аттары 
бойынша ойларын ортаға салады. 
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Екі шындық, бір өтірік» 
Оқушылар өздері туралы (екі шындық, бір өтірік) айтады, 
кезек-кезекпен ауыса береді. Көңіл күйлері көтеріледі. Бұл 
әдіс оқушыларды тануға көмектеседі. 
 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
  Мәтінді оқи отырып, «Төрт сөйлем» стратегиясын 
қолдану. 
1.  Пікір. 
Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін бір сөйлеммен 
келтіру. 
2.  Дәлел 
Келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп шығу. 
3.  Мысал 
Енді келтірілген өзіндік пікірді тағы бір негіздеу үшін 
бір сөйлеммен мысал келтіру. 
4.  Қорытынды 
Қорытынды  шешімді бір сөйлеммен келтіру керек. 
 
  Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгеріп, мәдени өсімдіктер мен үй 
жануарларының шығу орталықтарын анықтайды. 
– Шығу орталықтарын түсіндіріп бере алады. 
–  Әр орталыққа сипаттама береді. 
Сергіту сәті: 
«Төрт құбылыс» 
Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші: «Су»,  –  десе 
қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» 
дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын 
түсіреді. 
ІІ. «Орнын тап». Картадағы  орталықтардың 
атын жаз.  
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
292

 
 
  
 
 
 
 
 
«Блоб» ағашы бойынша рефлексия. 
Мен қайда тұрмын? 
 
 
 
 
Аяқталуы 
 
«Селекция дегеніміз – адамның қолымен жасалған 
эволюция», –   деген Н.И. Вавиловтың сөзіне ойтолғау жазу. 
 
Дескрипторлар: 
– Ойтолғаудың  талапқа сай жазылуы. 
 – Айтылған ойдың нақты, дәлелді болуы.    
Рефлексия. «Плюс, минус, қызықты»                  
Плюс – сабақ барысында қандай тапсырма ұнады, қызықты 
болды. 
Минус –  оқушыға не ұнамады, қызықсыз болып көрінді. 
Қызықты – бұрын естімеген жаңа ақпарат, қызықты 
фактілер туралы жазады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қосымша  ақпарат.  Сұрыптаудың маңызды бөлімдерінің бірі ататектер туралы ілім болды. 
Оны жете зерттеудегі жетекші рөл көрнекті орыс ғалым-генетигі Николай 
Иванович Вавилов еді. Ол ХХ ғасырдың 20–30-жылдарында қызметкерлерімен  
бірлесіп, Австралия мен Антрактидадан басқа барлық континенттерді қамтыған  
110 ботаника-агрономиялық экспедицияны ұйымдастырды. Нәтижесінде 1940 жылы 
250 мың мәдени өсімдіктер үлгілерінен құрылған топтама жасалды. Олар қазіргі 
кезде Санкт-Петербургте, Өсімдік шаруашылығы институтында сақталуда. Қазір де 
293

 
Ресейдің және дүниежүзілік көптеген селекционерлері мұны өз еңбектерінде генетикалық өте 
құнды материал ретінде пайдаланады. Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу 
орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние- 
жүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 
200-ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында 
мәдени өсімдіктердің 1 000-ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп, өсімдіктер сан алуандығының 
орталықтарын белгіледі. 
Саралау – Сіз 
қосымша 
көмек 
көрсетуді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша  көмек керек оқушылар үшін: 
Мәдени өсімдіктердің қайсысы ертерек пайда 
болған? Ойланып, жауап беріңдер. 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Сәйкестендіру тесті 
 
Мәдени орталықтар  
1. Оңтүстік Азия 
2. Шығыс Азия 
3. Оңтүстік-Батыс Азия 
4. Жерорта теңізі 
5. Абиссиния орталығы 
6. Орталық Америка 
7. Анд (Оңтүстік Америка)  
Өсімдік атаулары 
А. Картоп  
Ә. Мақта 
Б. Банан 
В. Зәйтүн ағашы 
Г. Бидай 
Ғ. Қарабидай 
Д. Соя, тары 
Е. Күріш 
Ж. Қант қамысы 
З. Үрмебұршақ 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен байланыс 
Құндылықтардағы 
байланыс 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары 
шынайы ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген 
уақыт ішінде 
үлгердім бе? Мен 
өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен?  
Рефлексия. «Бағалау парағы» 
Мен ойлаған нәрсені орындадым ба? 
_____________________________________ 
Мен жобаның басты нәтижесі ретінде жазғанды істеу қолымнан келді 
ме?__________ 
Барлығы мен ойластырғандай болды ма?__________________________ 
Не жақсы орындалды? 
_________________________________________________ 
Не жаман орындалды? 
_________________________________________________ 
Нені орындау жеңіл болды, ал не кенеттен қиынға соқты? ____________ 
Кім маған осы сабақ үшін РАҚМЕТ айтар еді? 
_________________________ 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
294

 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  мен  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды 
жетілдіруге көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §53. Қазақстандағы 
селекция жетістіктері 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары 
8.2.4.4 – маңызды мәдени өсімдіктер іріктемелері мен үй жануарлары 
қолтұқымын сипаттау 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді. Қазақстандағы селекция мақсатын 
біледі. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Қазақстандық селекционер ғалымдардың еңбектерін зерделейді, 
жетістіктерін талдайды. 
Кейбір оқушылар: 
 
Қазақстандық селекционер ғалымдардың еңбегіне баға береді. 
 
Қазақстан селекциясының болашағына көз жүгіртеді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Қазақстандағы селекцияның мақсатын, қай салада жақсы жүріп жатқанын 
біледі. 
– Қазақстандық ғалымдардың қол жеткен табыстарын сипаттайды. 
– Селекционер ғалымдардың еңбегіне баға береді. 
– Отандық селекцияның болашағына көз жүгіртеді.  
Тілдік мақсат 
 
Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа 
 аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті 
терминология мен тіркестері бар лексика) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет