А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді



бет25/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Батыр Кебек пен батыр Есен
Батыр Кебек. ...Өз көңілімді барласам, дүние бәрі дос. Жарқыраған күн де дос, тұнжыраған түн де дос. Бәріне де жаным шат!... Сүйерім мен сүйсінерім мүлде көп. Саусақ құрам – ән сүйем, жалын ұрам – жар сүйем. Қазірде, міне, сүйгендеймін, ынтығамын. Бірақ қайда сол, кім сол өзі, кезікпедім, таппадым. Тек алдымда нәркес қана қара көз. «Ізде мені, тап мені!» – деп, тұнжырап қана бір қарап, наз тастап қана бір кетеді!..
Бұл сөздер жалғыз Кебек сөзі емес, Кебек сияқты жас адамның ішкі толғанысы, жан сыры екені толық көрініс береді. Пьесада батырдың жігіттік адамдық қасиеттері, ақыл-парасаты Еңлік сөзіне берілген жауаптан анық байқалады. Драманың барысы халық поэзиясының дәстүрлі ізімен астасып жатыр. Еңліктің ата-анасымен қоштасу өлеңінен мұң боп төгілген көздің жасын көреміз. Жылап тұрса да ертеңіне үміт артқан Еңліктің жүрек жарды сырын танимыз. Мысалы:
Ата-анам ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім.
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан,
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.
Туған ел, амандасам жас-кәріне,
Бірге өскен құрбы-құрдас, дос – бәріңе.
Жарасқан әзіл-сауық аға, жеңге,
Аласың мені не деп естеріңе!
Аман бол, Найза шоқы, тоғайлы өзен,
Өрістен қой асатын тұмсық кезең.
Бөрлі мен батыр шыққан Қарауылым,
Ен дала көркі болып жалғыз бізбен.
Білмеймін қандай асу жолда жатыр.
Құз бе екен, қиял ма екен таңдай татыр.
Сиынып аруақ пен бір құдайға,
Ұстадым етегіңнен баста, батыр!
Енді бірде жас ару:
Жар көрсе сүйінеді сағынған жас.
Толқытпай ауған көңіл ерікке қоймас.
Сұраймын уәдені ұстап келді ме деп,
Бауырына, жан батырым, айтшы жартас! –
дей келе, өз құпиясын білдіреді.
...Мен төкпеген жас, шертпеген шер бар ма еді бауырыңда. Игілік пен сәті сәскеде келтір жалғыз арман жанымды...жалғыз тірек жарымды!..
Алып ұшқан, асқақ албырт сезімді танып, қыз жүрегінің лүпілін естігендей әсерге бөленеміз.
Еңлік мінезінің ұстамдылығы, аз күндік қызыққа қызығу емес, баянды сүйіспеншілікті аңсаған жүрек дүрсілі, арман-тілегі Кебек пен арадағы диалогте жақсы ашылған. Осының бәрін жазушы мейлінше көркем бейнелейді. Сөз сиқыры, суреткерлік шеберліктің құдіретті күшін тани түсеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет