А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Филология факультетінің Ғылыми кеңесінде



бет2/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Филология факультетінің

Ғылыми кеңесінде

бекітілді № хаттама « » 2013 ж.


Факультет деканы _________Қ. Әбдезұлы







Негізгі элективті модуль 2 «Қазақ тілі мен әдебиеті» 3 кредит бойынша


СИЛЛАБУС
(kaz 1002) « Қазақ тілі мен әдебиеті » _3__ кредит бойынша
2 курс, орыс/қазақ бөлімі, көктемгі семестр
Пән оқытушысы: филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Аширова Анар Тишибайқызы
Байланыс телефондары: 3773339, 3773330*1325, мемлекеттік тіл кафедрасы
e-mail: anara_314@mail.ru
кафедра: 326 фил.фак.
Модульдің МАЗМҰНЫ:
Мақсаты:.


Коммуникативтік мақсат: Студенттердің сөйлеу дағдысын қалыптастыру, мәтіндерді түсініп, талдай білуге үйрету. Кәсіби-іскери сөйлеу шеберлігін меңгертіп, өз ойын ауызша және жазбаша жеткізе білуге машықтандыру. Іскери кездесулерге қатысып, өз көзқарасын дәлелдей алуға, шағын шығарма, эссе, іскери хаттар жаза алуға үйрету. Әрбір ресми-кеңселік құжаттың заңдық күші бар екендігін ескере отырып, олардың практикалық қажеттілігін, өзара айырмашылығы мен ұқсастықтарын ажырата білуге және оларды тіркеу, құжаттау ресімдерінің ережелерін қатаң сақтауға үйрету. Оқу курсының мазмұнында қарастырылатын теориялық материалдарды практикалық-лабораториялық жұмыстар жүргізу арқылы үнемі бекітіп отыру.


Міндеттері:

  • Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету;

  • Белгілі бір тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алатын дәрежеге жеткізу;

  • Мәтінмен жұмыс істеу барысында көлемді мәтінді оқып түсінуге, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуге дағдыландыру;

  • Естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуге үйрету т.б.

  • Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге байланысты білімін тереңдетіп, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыт беру.

Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикалық даму деңгейі, басқа елдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықта ықпалының артуы біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, өз елінің тарихи құндылықтары тілі мен тарихына, мәдениетіне құрметпен қарап, ғаламдану үдерісінде мемлекетіміздің жедел дамуына үлес қосатын мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Сондықтан мемлекеттік тілді меңгерген білікті мамандарды қалыптастыру, даярлау оқу мазмұнының негізгі міндеті болып табылады.
Бағдарламаның мазмұны тіл үйренушінің қарым-қатынасқа түсу салаларын ескере отырып, сөйлеу әрекетінің 4 қағидатына (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) негізделген тіл үйренушінің мақсаты, тілді қолдану саласы, коммуникативтік жағдаяттар компоненттері, контекспен байланыстылығы тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметіне сай анықталады. Модульде тілдік құзіреттілікті қалыптастыру коммуникативті-функционалдық грамматикаға негізделеді.
Осы тұрғыдан алғанда, ең басты мақсат – тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет