Жалпы құзырет:
құралдық:
– мемлекеттік тіл - қазақ тілін өзара қарым-қатынас пен мәдениетаралық қатысымда қолдана алу;
- қазақ тіліндегі ғылыми және публицистикалық мәтін мазмұнындағы ақпараттарды түсіну; алған мәліметтерді кеңейту; өз көзқарасын дәлелдеу мақсатында немесе түрлі мәселелерді шешуде қолдана алу;
- қазақ тілін меңгертуге арналған мультимедиалық, электронды оқу кешендерін тіл үйрену барысында ұтымды қолдана білу;
- БАҚ, сайттардан алынған материалдарды сұрыптап, өңдей алу, қатысымда қолдана алу дағдысын қалыптастыру.
тұлғааралық:
– мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілін құрметтеу және толеранттық негізінде тұлғааралық және мәдениаралық қатысымға қабілеттілік, ұлтаралық, мәдениетаралық қарым-қатынас ережелерін сақтай отырып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайтатын ресми шараларға қатысуға, қолдануға, іске асыруға қабілетті болуы.
жүйелік:
– қазақ тілінің лексикалық және грамматикалық жүйесі арқылы ойды жеткізу, әңгімелесушіге әсер ету, қазақ тілінде мәтінді сипаттау, хабарлау, талқылау үшін пайдалану,
- тілдер мен әдебиет үдерісін Қазақстандағы, әлемдегі әлеуметтік‑экономикалық, мәдени‑тарихи, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық‑құқықтық негіздерімен үйлестіруге бейімділік
Пәндік құзірет:
- тіл білімі мәселелерін: олардың негізгі лексика-грамматикалық түсініктерін, олардың басқа ғылымдармен байланысын, қазақ тілінің даму тенденциясы мен қазіргі жағдайын, Қазақстандағы тарихи‑мәдени және тарихи‑әдеби үдерісті меңгеруге қабілеттілік.
- қазақ тілінің жүйесін пысықтау, қазақ тіл бірліктерінің құрылымы мен қолданылуы барысында халықтың тарихы мен мәдениетімен байланыстыру, ауызша және жазбаша мәтіндерді құрастырғанда берілген коммуникативті жағдаяттарға байланысты іргелі білімдерді қолдану қабілеті
- компьютермен өңделген мәліметтерді; түрлі типтегі мәтінді редакциялау, тілдік әдіс-тәсілдерді қолдану, филологиялық ақпараттарды жинауға, сақтауға және өңдеуге арналған ақпараттық технологияларды жүзеге асыруға қабілеттілік.
- филология ғылымындағы жаңа жетістіктерді өз мамандығына бейімдеп тиімді меңгеруге дайындық.
Достарыңызбен бөлісу: |