А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді



бет9/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Пайдаланылған әдебиеттер


Ляззат Дүйсембекова Қазақ ресми-іс қағаздары. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2005 ж.
Құжаттар жинағы. Сборник документов. – Алматы: Алматы қаласы әкімдігі тіл басқармасы, 2004.
Саурықова К.Д., Қарымсақова Р.Д., Омарова Б.А. Қазақ тілі: Ресми іс қағаздар тілін оқыту. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Ресми-іс қағаздары. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2001.
Әбілқасымов Б. Көне қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары//Қазақ әдеби тілінің тарихи көздері. – Алматы: Ғылым, 1989.
Дәріс – 2
Тақырып 2. Ресми құжаттардың кейбір стильдік ерекшеліктері және оларды жазуда ескерілетін емле қағидалары


Лекцияның мақсаты: Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің ерекшеліктері мен қағидалары.
Негізгі сұрақтар:
1. Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің жанрлық түрлері мен нормасы
2. Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары

Қазіргі қазақ тілі-бұл көркем әдебиет тілі, ғылым тілі, іс қағаздар тілі, газет-журнал тілі, біз күнделікті қарым-қатынаста қолданатын ауызекі сөйлеу тілі. Бұлардың барлығында қолданыста бірдей емес. Көркем әдебиет тілі ғылым тілінен өзгеше, ресми-іс қағаздар тілі ауызекі сөйлеу тілімен бірдей емес, газет-журнал тілі өз алдына ерекше. Нені айтуымызға, мәселенің не жайлы екендігіне, қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты тіл ерекшеленіп, өзгеріп отырады. Ғылым тілі-қатаң түрде баяндау, сипаттау, ойды негіздеп жеткізумен ерешелінсе, көркем әдебиет тілі мәнерлілігімен, бейнелілігімен, ал ресми-іс қағаздар тілі дәлдігімен, анықтығымен, ресмилігімен ерекшеленеді. Яғни тіл, белгілі бір мақсатқа қарай жұмсалу, белгілі бір талаптарды орындау барысында түрленіп, ерешеленіп отырады. Белгілі бір сөздер грамматикалық құрылымдар ғылым тілінде ғана қолданылса, енді бірі тек көркем әдебиетте, енді бірі тек ресми-іс қағаздар тілінде қолданылады. Яғни бір тілдің негізінде түрлі тілдік арналар, нақтылай айтсақ түрлі тілдер қалыптасады. Себебі мәселе әр түрлі тілдер туралы емес,бір қазақ тілінің түрлі арналары, ерешеліктері, түрлері туралы. Лингвистикада бұл стиль терминімен де аталады. Әрине ол стильдің айырмашылықтары өте елеулі, маңызды. Тіліді терең білу- оның барлық стильдерін игеру. Тілдегі осындай стильдердің қызметінің арқасында тіл байып, мәнерленіп, түрленіп отырады. Егер жазушы да, публицист те, ғалым да ортақ бір ғана мәнермен, бірдей құрылымдармен жазса әрине тілдің өзіндік көркемділігі, ерешелігі, мәнері, байлығы көрінбес еді. Тіл стильдері тілдің байлығы ғана емес, оның өзіндік заңдылығы да. Себебі тіл стильдері тіл дамуымен бірге, жүздеген жылдар бойы қалыптасады. Олар тілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіншілігін анықтайды.


VI-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштер тілінде қазіргі қазақ іс қағаздар тіліне тән элементтер мен құрылымдық ұқсастықтар, ресми-іс қағаздар стилінің өзіндік белгілері, қазіргі іс қағаздар тілінде қолданылатын кейбір реквизиттер бар. Қазір қолданылып жүрген іс қағаздарының аттары аталмаса да құрылымдық, мағыналық, прагматикалық аспектіде қарастырғанда қазіргі іс қағаздар үлгілерінің терең тамыры VI-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерінде жатқандығын байқауға болады. Оның арғы тегі сонау хун, көне түркі дәуірінен басталып, түп-төркіні көне үйсін, қаңлы, қыпшақ тайпаларының тілдік дәстүрінен өрбіп, орхон-енисей ескерткіштер тілімен ортақтығын сақтай келе, М. Қашғаридың «Диуаны» мен Ю. Баласағунидың «Құтадғу білігі» тілімен жалғаса түсіп, туыстығын кейінгі дәуірдегі қыпшақ тілдерінен тапқан-дербес түркі тілдерінің бірі. Сондықтан қазақ тілін әрі көне, әрі жаңа тілдер санатына қосуға толық негіз бар. Көне түркі ескерткіштерін түрколог-ғалымдар В.Томсон,В. Радлов, Ғ. Айдаров,М. Томанов, А. Аманжолов т.б зерттеп, оның дыбыстық, құрылымдық ерекшеліктерін жан-жақты талдаған. Жоғарыда айтылған Орхон-Енисей ескерткіштер тілінде іс қағаздарының жеке түрлері кездеспегенімен, оларға тән тілдік бірліктер мен стильдік ерекшеліктер кездеседі.
Іс қағаздарын жазу стилінде, безендіруде жоғарыда сөз болған XVIII ғасыр іс қағаздар стиліндегі XIX ғасырдың I жартысындағы ресми-іс қағаздар стиліндегі ерекшеліктер сақталады. Мысалы, жоғары лауазымды атайтын стандарттар: патша хазратлары, генерал-губернатор хазратлары т.б. Бұл дәуірде де араб сөздерінің көбірек қолданылғанын атауға болады.
Бұл кезеңге тән тағы бір ерешелік-ресми-іс қағаздар стиліне тән стандарт сөздер мен тұлғалардың пайда болып, тұрақтала бастауы. Мысалы, бұйрық-жарлықтардағы міндеттеу ұғымын білдіретін етістік тұлғасы көбінесе шартты рай мен керек сөзінің тіркесі арқылы берілген.
Бұл кезеңдегі ресми-іс қағаздар стилінің тағы бір ерекшелігі қазақ сөздерінен жасалған терминдердің қалыптаса бастауы. Мысалы, приказ-бұйрық, распоряжение- жарлық, положение-ереже, прошение-арыз,подпись-қол, начальник-ұлық, тюрьма-абақты, кибитковладелец-үй иесі т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет