БАРЛЫҒЫ: 300
Аралық бақылау (жазбаша) және емтихан өткізу формасы – жазбаша
Білімді бағалау шкаласы:
Әріптік жүйе бойынша баға
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
%-дық
құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
А
|
4,0
|
95-100
|
«Өте жақсы»
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
«Жақсы»
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
«Қанағаттанарлық»
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
«Қанағаттанарлықсыз»
|
I
(Incomplete)
|
-
|
-
|
«Пән аяқталмаған»
(GPA санағанда есептелмейді)
|
P
(Pass )
|
-
|
0-60
65-100
|
«Сынақ»
(GPA санағанда есептелмейді PA)
|
NP
(No Рass)
|
-
|
0-29
0-64
|
«Сынақтан өтпеді»
(GPA санағанда есептелмейді)
|
W
(Withdrawal)
|
-
|
-
|
«Пәннен бас тарту»
(GPA санағанда есептелмейді GPA)
|
AW
(Academic Withdrawal)
|
|
|
«Академиялық себептермен пәннен шығарылуы
(GPA санағанда есептелмейді)
|
AU
(Audit)
|
-
|
-
|
«Пән тыңдалды»
(GPA санағанда есептелмейді)
|
Академиялық мінез-құлық және әдептілік саясаты
Толерантты болыңыз, басқалардың пікірлерін құрметтеңіз. Қарсылықтар нақты формада тұжырымдалсын. Плагиат және басқа әділетсіз жұмыстарға жол жоқ. СӨЖ, аралық бақылау және емтихан тапсыру барысында көшіруге және басқадан көмек сұрауға, басқа адамдардың шығарған есептерінің көшірмесін алуға, басқа студенттің орнына емтихан тапсыруға жол берілмейді. Курстың кез келген мәліметін бұрмалаған студенттің қорытынды бағасы «F» болады.
Кафедра мәжілісінде қарастырылды
№ 1 хаттама «28» тамыз 2013ж.
Кафедра меңгерушісі , ф.ғ.к.,доцент Х.Ә.Қарабаева
Дәріс оқушы, ф.ғ.к., доцент А.Т.Аширова
Семинар тақырыптары
1 семинар Ресми іс қағаздары стилі
а) мазмұны мен мәні;
ә) қолданыс аясына қарай түрлері
2.Ресми құжаттар түрі, ерекшеліктері
Сөз тіркесі
Терминдер
2 семинар
Ресми құжаттардың стильдік ерекшеліктерін жазу, талдау Реттік сан есімдер арқылы жасалатын күрделі тіркестердің ерекшеліктері
Реттік сан есім
Қысқарған сөздер
Жалқы есімдер
Тасымал
5. Орфоэпия
3 семинар
Өмірбаян, өмірбаян-резюме жазу, талдау.
Өтініш , арыз, түсініктеме жазу, талдау
4 семинар
Хаттама үлгісін жазу, талдау
Хаттамадан көшірме үлгісін жазу, талдау
5 семинар
Ақпараттық хат, хабарлау, шақыру хат жазу, талдау
Қызметтік хат жазу, талдау
Постскриптум, бұрыштама қою үлгісі
6 семинар
Жеке іс парағын толтыру,талдау.
Жеке карточка, сауалнама толтыру,талдау
7 семинар
Мінездеме жазу, талдау
Анықтама, хабарландыру, аннотациялық парақ толтыру
8 семинар
Қолхат деректемелерін талдау, үлгісін жазу
Сенімхат деректемелерін талдау, үлгісін жазу
9 семинар М. Әуезовтың «Абай жолы» романының «Қайтқанда» тарауы
10 семинар Д.Исабековтың «Әпке» әңгімесі бойынша талдау
11 семинар М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
12 семинар М. Шахановтың «Отырар» дастаны
13 семинар Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі
14 семинар Д. Рамазанның «Алланың әмірі», «Келіндер», әңгімесі
15 семинар Баспасөз материалдарын талдау
сұхбат
мақала
хабарлама
жарнама
СОӨЖ тапсырмалары
1
|
Тілдік стильдердің қолданылу аясы ерекшеліктері (талдау, кестемен жұмыс)
|
2
|
Ресми құжаттардың дұрыс жазылу үлгілерін көрсету. Тәжірибеде қолдана білу.
|
3
|
Жеке адамға қатысты құжаттарды дұрыс жазып қолдану. Фразеологизмдерді қатыстыра отырып сөйлем құрастыру.
|
4
|
Хаттама мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірліктермен жұмыс. Фразеологизмдерді қатыстыра отырып сөйлем құрау. Тестпен жұмыс.
|
СӨЖ Тілдік стильдердің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін экстралингвистикалық факторлар тақырыбына реферат жазу
|
5
|
Қызметтік хат жазу мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірліктермен жұмыс. Тәжірибеде қолдану.
|
6
|
Жеке іс парағы мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірліктермен жұмыс. Фразеологизмдерді қатыстыра отырып сөйлем құрау.
|
7
|
Мінездеме мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірліктермен жұмыс. Фразеологизмдерді қатыстыра отырып сөйлем құрау.
|
8
|
Сенімхат мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірліктермен жұмыс. Фразеологизмдерді қатыстыра отырып сөйлем құрау.
|
9
|
«Кітап – алтын қазынам» тақырыбы бойынша презентация дайындау.
|
10
|
Д.Исабековтың «Әпке» қойылымына пікір жазу.
|
СӨЖ Стандарт тілдік бірліктер туралы түсінік реферат жазу.
|
11
|
М.Мақатаевтың өлең, поэмаларын талдау.
|
12
|
М. Шахановтың ақындық бейнесі туралы ой бөлісу.
|
13
|
Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қойылымына пікір жазу, пікірталас өткізу.
|
14
|
Өздеріне ұнайтын жас жазушылардың әңгімелерін талдау.
|
15
|
Ақпарат көздерімен (оқулықтар, баспасөз беттері, зерттеулер, интернет, т.б.)
Есеп беру.
|
СӨЖ Стандарттылық – ресми-іс қағаздар стилінің даралаушы белгісі
|
Дәріс тақырыптары
1 дәріс Ресми, іс қағаздар тілі - қазақ әдеби тілінің бір тармағы
2 дәріс Ресми құжаттардың кейбір стильдік ерекшеліктері және оларды жазуда ескерілетін емле қағидалары
3 дәріс Басқару органдарының басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттар: Өмірбаян-резюме, өмірбаян, өтініш, арыз, түсініктеме түрлері, ерекшелігі
1.Жіктеу есімдігі
2.Жалқы есім
3.Реттік сан есім
4.Етістіктің өткен шағы
4 дәріс Алқалық ұйым іс қағаздары: Хаттама құрылымы ерекшелігі
1.Изафеттік құрылым
2.Сан есім
5 дәріс Қызметтік хат: хаттың түрлері, құрылымы, ерекшеліктері
Жіктеу есімдігі
Сан есім
Қалау рай
Шартты рай
6 дәріс Жеке іс парағы, сауалнама, жеке карточка түрлері, ерекшелігі
Жіктеу есімдігі
Жалқы есім
Реттік сан есім
Модаль сөздер (бар, жоқ)
Өткен шақ
7 дәріс Басқару органдарының басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттар:
Мінездеме, анықтама, хабарландыру, аннотациялық парақ
Құрылымы, ерекшелігі
1.Жалқы есім
2.Өткен шақ --ған/-ген,-қан/-кен.
3.Сын есім
4.Ырықсыз етіс
5.Жедел өткен шақ
8 дәріс Азаматтық қарым- қатынастарды реттейтін құжаттар:
Қолхат, сенімхат құрылымы, ерекшелігі
Жалқы есім
Өткен шақ --ған/-ген,-қан/-кен.
Сын есім
Ырықсыз етіс
Сан есім
9 дәріс Кітап – алтын қазынам
Құрмалас сөйлем жүйесіндегі орын тәртібі, олардың семантикалық, функционалдық ерекшеліктері
10 дәріс Д.Исабеков шығармалары
Сөйлем құрылымындағы ой мен олардың айтушы мен тыңдаушы арасындағы қатынаста түсініктілігі.
11 дәріс Сөз өнері – өлеңде. Ақиық ақын М. Мақатаев
Анықтауыштық қатынастың берілуі.
12 дәріс Ақын өлеңдері толғантады. М. Шаханов
Салыстыру қатынастарының берілуі
13 дәріс Қазіргі танымал жазушылар. Р.Мұқанова
Себеп-салдарлық қатынастың берілуі.
14 дәріс Қазіргі танымал жазушылар. Д. Рамазанның «Алланың әмірі» әңгімесі
Күрделі сөйлемдер жүйесі
15 дәріс БАҚ материалдары қызықтырады
сұхбат
мақала
хабарлама
жарнама
Күрделі сөйлем құраудағы жалғаулықтардың рөлі мен маңызы. Сөйлемнің функционалдықсемантикалық ерекшеліктері.
Дәріс – 1
Тақырып 1. Ресми, іс қағаздар тілі - қазақ әдеби тілінің бір тармағы
Лекцияның мақсаты: Ресми-іс қағаздар тілінің қалыптасу тарихы мен зерттелуі.
Негізгі сұрақтар:
1. Қазақ ресми-іс қағаздар тілінің қалыптасу тарихы.
2. Қазақ ресми-іс қағаздары тілінің зерттелуі
Қазақ ресми-іс қағаздар тілінің қалыптасу тарихы
Қандай құбылыстың болмысын өткенін, тарихи даму жолын білмей тұрып, оның қазіргі күйін жете білу мүмкін емес. Мәселеге ғылыми тұрғыдан қараудағы ең маңызды нәрсе – негізгі тарихи байланыс, яғни белгілі бір құбылыс өзінің дамуында қандай басты-басты дәуірлерді өтті деген тұрғыдан қарау. Р.Сыздықова «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты еңбегінде: «Тіл тарихындағы жеке кезеңдер, соның ішінде әдеби тіл сипатын алу кезеңі ешқашан тұтқиылдан, тақыр жерден пайда болмайтыны белгілі. Олардың бастауы, қайнар көздері болуы шарт» - деп жазды. Жұмыстың бұл тарауындағы қазақ ресми-іс қағаздар тілінің қалыптасу тарихына қатысты көне түркі жазба ескерткіштеріндегі ресми-іс қағаздарына тән тілдік элементтер, орта түркі жазба ескерткіштеріндегі ресми-іс қағаздар, жаңа түркі дәуіріндегі ресми-іс қағаз үлгілері, ХІХ ғасырдағы қазақ іс қағаздар тілі, ХХ ғасырдың басындағы ресми-іс қағаздар тілі, қазіргі қазақ ресми-іс қағаздар тілі қарастырылады. Қазақ іс қағаздары тілінің тарихы сол тілдің иесі болып табылатын халық тарихымен, іс қағаздарын қатынас құралы ретінде қолданған қоғам тарихымен тығыз байланысты екендігі даусыз. Сондықтан қазақ іс қағаздар тілінің тарихын зерттеуде екі принцип басшылыққа алынды. Бірінші принцип-қазақ іс қағаздар тілінің тарихын, оны туғызған, тілдік қатынас ретінде пайдаланған қоғам тарихымен тығыз байланыста, бірлікте қарау принципі. Өйткені тілдің дамуы қоғамның дамуына, оныңэкономикалық, мәдени өміріндегі елеулі өзгерістер тілдің негізін өзгертпегенімен оған өз әсерін тигізбей қоймайды. Ал ол әсердің мәнін жете түсіну үшін қоғам өмірінде пайда болған құбылысты білудің маңызы бар. Ресми-іс қағаздар тілі тарихын қоғам тарихымен байланыстыра қараудың қажеттігі де осыдан келіп шығады. Екінші принцип – қазақ іс қағаздар тілінің қалыптасу кезеңдерінде кездесіп отыратын түрлі тілдік фактілерді, тілдік ерекшеліктерді қазіргі қазақ тілімен салыстыра қарау принципі.
Достарыңызбен бөлісу: |