А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді



бет33/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Светлана: Жоқ.
Сұлтан: Қалайша? Обьективті пікірді жоққа шығарғың келе ме?
Светлана: Жоққа шығарғым келмейді. Өйткені ол болған емес. Обьективті пікір деген – субьективті пікірлердің жиынтығы.
Сұлтан: Ал, әйтпесе, жиырма бірінші ғасырдың жойқын нигилисі арамызда жүр екен ғой. (Гауһарға қарап). Бұған сіз қалай қарайсыз, қарындас?
Гауһар: Мен бейтаныс адамдардың алдында пікір айтпаймын.
Сұлтан: Бұл да өзінше жаңалық екен. Қалыс қалудың сәтті табыла кеткен түрі ғой.
Темірбек: Жолдастар, айтысты тоқтатуларыңды өтінемін.
Светлана: Жо-оқ, жалғастыра берсін. Мен үшін өте қызық. Меніңше, дастарқан басындағы адамдардың сөзінен-ақ бүтін бір қоғам мәдениетінің даму деңгейі көрінеді. Білімді жастардың айтысы да, тартысы да әлеуметтік биіктен басталуы керек. Обьективті және субьективті пікір дегенді мен күнде естіп, сол сөзді өзім қолданып жүрсем де, анығына жете алмаймын, Сұлтан, ол жөнінде сенің ойың қалай?
Сұлтан: Сен өз сұрағыңа өзің жауап беріп отырсың. Мен өз пікірімді айтсам, демек ол субьективті пікірім, ал көпшілікке ұнайтын ойымды айтсам, ол обьективті пікір.
Кәмила: Бұл – слишком арифметикалық жауап. Екіні екіге қосқанда төрт болады деген сияқты. Бұлай бастауыш мектептің оқушысына ғана түсіндіру керек. Айтпақшы, жақында бір бала мұғалімнің: «Екі алмаға үш өрікті қосқанда қанша болады?» - деген сұрағына ойланбастан: «Компот болады», - деп жауап беріпті. Мен сенің жауабыңа толық қанағаттана алмадым. Әлгі баланың жауабы сияқты жаңа мотивириовка жоқ.
Сұлтан (гитарасын қағып-қағып жіберіп): Мен үшін бұл соншалық маңызды мәселе емес.
Кәмила: Неге? Біздің әрбір құбылысқа деген өз пікіріміз болуы керек. Онсыз адам болудан қаламыз. Өз пікірі, өз ойы болмаған адам алдына ешқашан мақсат қоя алмайды. Демек, ол өз бақыты үшін қалай күресуді, өз ғұмырын қалай құруды да білмейді.
Нәзила келіп, столға ыдыс-аяқтар қояды.
Сұлтан: Ал, сен сол «бақыт» дегеннің не екенін білемісің?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет