Қамажай
Омар – інісі
Тим, Тимур – інісі
Ермек – інісі
Наз, Назила – сіңлісі
Гауһар – Назиланың құрбысы
Кама, Кәмила – Тимурдың сүйген қызы
Сұлтан – Тимурдың досы
Сұлухан, Светлана – Сұлтанның қасындағы қыз
Қабен
Көрші әйел
БІРІНШІ АКТ
Сахна төрінен Қамажай мен Қабеннің тұлғалары көрінеді. Қараңғыдан шығып, олар бері жақындайды.
Қабеннің даусы.
«Мен сені үш күн бойы күттім. Адамды осылай қорлауға бола ма? Балалар оянып кетеді деп, телефон соқтырмайтын өзің. Сондықтан, бір парақ қағаз жазып отырмын. Қымбаттым-ау, күтудің де, шыдамның да шегі болады ғой. Неге келмейсің? Мені ұнатпайтын болсаң, күндіз телефонмен сөйлескенде оныңды ашып айт. Кісіні әуре-сарсаңға салып қойғаның не? Бүгін тағы да күтем. Екеуміз әуелгі келіскен жерде. Өтнемін, жүздесіп кет. Бүгін, сөз жоқ келгейсің. Өтінем, асыға күтем. Соңғы рет».
Қамажай:
Бір алапат сезім кіріп кеудеме,
Жұлқынғанда айта алмадым деп «неге»?
Өмір деген жалғыз сенің үйің бе?
Халат тастап, далаға жүр киін де, -
Деді маған ыдыс жуып жатқанда.
Ән естілді,
Көктем кеткен жақтан ба?..
Дала кезген самал болып кеттім мен,
Оралдым ба баяғы бір шақтарға,
Толқын болып тулап шықтым далаға.
Екеуі қол ұстасады. Бірақ ұстасқан қолдары еріксіз ажырай береді.
* * *
Қамажайдың үйі. Шашылған, бей-берекет көрініс. Қамажай,Омар, Тимур, Нәзила, кішкентай Ермек. Ортада Тимур отыр. Ол ішкенге ұқсайды. Алдында бөтелке.
Тимур: Кетіңдер. Бәрің де кетіңдер. Маған ешкімнің де қажеті жоқ. Өйткені, мен ешкімге де қажет емеспін. Анам болса бүйтпес едіңдер.
Қамажай: Саған не болған? Не айтып тұрғаныңды білемісің өзің?
Нәзила: Білмейді. Ол бүгін тұңғыш рет азамат болып, арақ ішіп келіп отыр. Азамат болғаныңыз құтты болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |