А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді



бет37/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Нәзила (ішкі жақтан дауыстап): Мен аспирантураны бітірмей тұрмысқа шықпаймын. Ал, қазір институттың екінші курсында ғана екенімді білетін шығарсың.
Қамажай: Нәзила, жетеді ғой, сөз таластыра бермесейші.
Тимур: Мұндай боларын білгенде, мен жолдастарымды үйге ертіп келмей-ақ, кафеге апарып сыйлайтын едім. Енді олардың бетіне қалай қарамақпын. (Киімін киеді).
Қамажай: Қайда бармақсың?
Тимур: Кеттім. Әлгілерді қуып жетуім керек.
Есікті тарс жауып кетеді. Ішкі үйден Нәзила шығады.
Нәзила: Гауһар, кешірші. Сен әбден жалғызсырап қалдың ғой. Қазір екеуіміз Феодосия шарабын ішеміз.
Қамажай: Нәзила-ау, мұның қалай? Өз ағаң ғой. Сонша қарсыласпасаң нетті.
Нәзила: Білмеймін. Мен дұрыс жасамаған да шығармын. Бірақ, әлгі қыздың тым еркінсіп, ұят-аятты естен шығарып бара жатқаны жаныма тиді. «Я так хочу» , - деп Тимурды құшақтап апты. «Котенок мой», - деп бұл да өліп бара жатыр.
Қамажай: Әйткенмен, ренжіп кетті-ау. Қазіргі жастарға ескерту жасасаң да жақпайсың.
Ыдыстарын алып, ас үйге кіріп кетеді.
Гауһар: Біраз уақыт боп қалды. Мен қайтайын.
Нәзила: Қона кетсеңші.
Гауһар: Басқа бір уақытта... Қызық болды-ау,өзі. Осының бәріне мен кінәлі сияқты сезіндім де отырдым.
Нәзила: Бөлмелеріңде бәрібір бүгін ешкім жоқ қой. Екеуіміз әңгімелесейік.
Гауһар: Бүгін жалғыз жатқым кеп тұр.
Қамажайдың інісі, аспирант Омар кіреді. Гауһармен бас изеп амандасып, портфелін қояды.
Қамажай: Түу, Омар-ау, таңертең кеткеннен енді келдің бе? Әбден қарның ашқан шығар. Жуған матадай боп-боз боп кетіпсің ғой.
Омар: Дұрыс айтасыз. Таңертеңнен бері дым сызған жоқпын. Кітапханадан шығуға мұршам болмады.
Қамажай: Денсаулығыңды бұзып алмасаң жарар еді. Тамақ ысытайын.
Омар: Жо-жоқ, сіз олай әуре болмаңыз. Байқауымша, бұл үйде қонақтар боп кеткен сияқты. Демек, сіз менсіз де шаршаған болуыңыз керек. Маған екі стакан... тіпті, бір стакан ыстық сүт болса жетеді. Қалғаны осы жерден де табылатын сияқты.
Қамажай шығып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет