А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Кәмила: Оны да білем. Бақыт деген... бақыт деген мына сендер түсінетіндей ылғи сәттілік емес. Бақыт деген – азап. Темірбек



бет34/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Кәмила: Оны да білем. Бақыт деген... бақыт деген мына сендер түсінетіндей ылғи сәттілік емес. Бақыт деген – азап.
Темірбек: Аза-ап?.. (Күледі).
Кәмила: Иә, азап. Бірақ, ол бос сергелдең, күйбең тіршіліктің азабы емес, үлкен мақсатқа барар жолдағы азап. Шоқан, Абай, Махамбет... Қалай ойлайсыңдар, солардың бәрі рақат тұрмыс кешті дейсіңдер ме? Олардың бүкіл ғұмыры азаппен өтті. Азаттық үшін, ғылым үшін азап шекті. Міне, бақыт деген сол.
Сұлтан: Дұры-ыс. Олар артына өшпес із қалдырды. Ал, сен ше? Сен қандай із қалдырмақсың?
Кәмила: Мен ешқандай із қалдырмаймын.
Сұлтан: Құдайдың мұнысына да шүкір.
Кәмила: Иә, құдайға шүкір.
Сұлтан: Сондағы сенің айтпағың не? Жаңалық ашпайсың, диссертация қорғамайсың, демек азаптанбайсың. Сөйте тұрып, өз бақытым үшін күресе алам дейсің. Ол қандай бақыт, ол қандай күрес?
Кәмила: Ол - өз дегенімізше өмір сүру. Адам адам болып жаралғалы сол үшін күресіп келеді. Олар не үшін күресті, не үшін құрбан болды: сол күрес атаулыны – қарулысы бар, қарусызы бар – бәрін жиып-теріп келесі ұрпаққа қалдыру үшін ғана ма? Жо-жоқ. Сол күрестер мен жеңіс атаулының жемісі – мына, бізбіз. Алдыңғы ұрпақ соңғы ұрпақтың бақыты үшін мәңгі күресіп келді ғой, солардың тыныш ұйқысы үшін, солардың бейбіт тіршілігі үшін, керек болса, солардың бейғам өмірі үшін де күресті ғой. Окоптан жазылған хаттар солай дейді. Оны осы отырған бәрің де білесіңдер. Сол бақытты ұрпақ мына біздерміз. Біз қалауымызша өмір сүруге тиіспіз.
Сұлтан: Тырнақтап жиғанды етектеп төгіп алмаймыз ба?
Кәмила: Төкпейміз.
Нәзила: Өмір көрсетер оны. Жалпы, жалынды сөйлеген адамнан күдіктенемін. Өйткені, олар көп ретте жалған айтады. Меніңше, бақыт деген – сөз бен істің бірлігі, демек жалған сөйлемеу. Біз дастарқан басында ғана ақылдымыз, дастарқан басында сұлу сөйлеуді әбден меңгергенбіз. Ал, өмірде сол айтқанымыздың бірде-біреуін орындай алмаймыз. Сөзіміз бен ісіміз алшақ. Бұл – бақыт емес, сор.
Светлана: Бұл сіздің өмірден түйген философияңыздан гөрі бізге деген күдігіңізге көбірек ұқсайтын сияқты. Кама дұрыс айтады. Әңгіме жаңалық ашуда емес. Менің арғы атам, 18-жылы ақтармен шайқаста қаза тауыпты. Баламның бақыты үшін депті. Баласы Отан соғысында Сталинград түбінде белгісіз төмпешік болды. Балаларымның бақыты үшін деп мерт бопты. Ал, менің өз әкем Ауған соғысынан оралмады. Енді... енді біз неге бақытты тұрмыс құрмаймыз. Бүтін бір үш ұрпақ ғұмырын қиғанда келмейтін ол не деген бақыт.
(Осы кезде Қамажай тамақ әкеп столға қояды). Келіңдер, жолдастар, бәріміздің бақытымыз үшін бокалдар шарапқа толсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет