Сабақ Өзін-өзі тану Даярлық топ Тақырыбы мен бақытты баламын мақсаты: "Бақыт", "қуаныш", "сүйіспеншілік" құндылықтарының



Дата25.06.2017
өлшемі7,79 Kb.
#19970
түріСабақ
  • Ашық сабақ
  • Өзін-өзі тану
  • Даярлық топ

  • Тақырыбы
  • МЕН
  • БАҚЫТТЫ
  • БАЛАМЫН
  • Мақсаты: "Бақыт", "қуаныш",
  • "сүйіспеншілік"
  • құндылықтарының
  • мағынасын түсіндіру
  • Кел, балалар күлейік!
  • Күлкіменен түлейік!
  • Қабақ түйген не керек?
  • Күліп өмір сүрейік!
  • Кел, балалар, күлейік!
  • Күлкіменен түлейік!
  • Кұлкі көңіл ашады,
  • күліп өмір сүрейік
  • Шаттық шеңбері
  • Сендер ғажайып Бақыт әлеміне келдіңдер. Жан-жақтарыңа қараңдаршы, қандай керемет. Айнала жұпар иісі аңқыған әсем гүлдерге толы.
  • Сендердің көңіл-күйлерің өте жақсы, жүздерің күліп, тамаша сезімге бөленіп жатырсыңдар.
  • Алдарыңнан Бақыт періштесі шығып,менің әлеміме қош келдіңдер, балақайлар!
  • Сендер өте ерекше баласыңдар. Қане, алақандарыңды жайыңдар, мен сендерге бақыт сәулесін сыйлаймын.
  • Бұл сәулені мәңгілік жүректеріңе сақтаңдар. Өйткені ол сендерге қуаныш пен бақыт әкеледі. Бақытты болыңдар! Көздеріңді ашыңдар.
  • Бақыт деген – сенің бала кездерің.
  • Бақыт деген – сенің бала күндерің, Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің. Бақытын да, басқасын да білмеуің, Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.
  • Бақыт жайлы менің мынау білгенім. Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң. Бақыты сол – тәрік етіп түндерін, Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
  • Бақыт деген – әркімдерде бір арман, Сол арманның шыққан жері құмардан. Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір – Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
  • Бақыт іздеп, мал бақ, мейлің тас қала, Бірақ, балам, мынаны естен тастама: Бақыттысың, бақыт іздеп сорласаң, Бақытты боп сорлап жүрсең, масқара!
  • Бақытың – мен, бақытым деп біл мені, Мені білсең, бақытыңды білгенің. Ал мен үшін ең бақытты күндерім – Балам, саған бақыт іздеп жүргенім. М.Мақатаев
  • Бақыт деген не?
  • Назерке: Айтшы, білсең егер де,
  • Аға бақыт деген не?
  • Айзат: Бақыт деген, шырағым,
  • Мына әсем тұрағың.
  • Ну ормандар,
  • Гүл бағы,
  • Күннің күліп тұрғаны.
  • Сымбат: Бақыт - дәні далаңның,
  • Алақаны анаңның.
  • Ботам" деуі әжеңнің,
  • Тыныштығы әлемнің!
  • Аружан: Қайда бақыт мекені?
  • Қалай оған жетеді?
  • Сымбат: Адал еңбек етесің.
  • Сонда ғана жетесің!
  • Назерке: Көрінбейтін көзіңе,
  • Сонда оның өзі не?
  • Мен бақытты баламын, өйткені....
  • Шығармашылық жұмыс

  • Менің анам бар
  • Менің әкем бар
  • Менің әжем бар
  • Менің отбасым бар
  • Менің достарым көп
  • Менің денсаулығым мықты

Сергіту Сәті

  • Орнымыздан тұрайық,
  • Екі қолды созайық.
  • Құс боп қанат қағайық,
  • Жоғары, төмен қарайық.
  • Бір отырып, бір тұрып,
  • Орнымызды табайық.

Зеңгір көктен,

  • Зеңгір көктен,
  • Нұрын төккен,
  • Ортақ біздің күніміз
  • Жайнап өскен,
  • Жайдарлы өскен
  • Біз өмірдің гүліміз
  • Бал достыққа,
  • Жолдастыққа
  • Шақырады әніміз.
  • Тыныштықта,
  • Жолдастықта
  • Бақыттымыз бәріміз.
  • Жүректен жүрекке
  • Біз өмірдің гүліміз


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет