Қамажай: Омар жүретін еді, Мәскеуге. Диссертациясы жөнінде шақыртып жатқан көрінеді.
Көрші әйел: Ә-ә. Айтпақшы, сол інің, тіпті, көп созып кетті-ау. Тезірек бітірмей ме?
Қамажай: Өз қалауы білсін. Менің міндетім – солардың қас-қабағына қарау. Бір білгендері бар шығар.
Көрші әйел (сағатына қарап): Ойбүй, жарайды. Мен қайтайын.
Ол есікке беттей береді. Қамажай (батылсыз): Айтпақшы... сенде...
Көрші әйел: Иә, айта бер.
Қамажай: Артық-ауыс ақша жоқ па?
Көрші әйел: Өткен жолы беріп едім ғой.
Қамажай: Иә, есімде ғой. Тағы қажет боп тұрғаны. Інім бес күнге жүріп бара жатыр. Ақшасының жол қаражатынан артылмайтын түрі бар.
Көрші әйел: Ол жағынан ұяттымын. Әлгі командір қақпас ақшаға қатал боп алды. Машина ауыстырам деп шапқылағанына біраз болды емес пе? Командировкасынан келе сап ақшаны дайындау керек деп отырған. Әлі мың доллардай жетпейді. Өзіміз қарыз сұрағалы отырмыз. Әйтпесе, сенен аямайтынымды білесің ғой.
Қамажай: Иә, иә... мейлі, жоқ болса, қинап қайтемін. Бірдеңе етіп барып қайтар.
Көрші әйел: Солай боп тұр. Ал, сәлют!
Қамажай (жай ғана): Салют...
Көрші әйел: Әй, концертке бармағаныңды айтсайшы (Әндетіп шығып кетеді).
Телефон шырылдайды. Қамажай: Алло.
Қабен: Мен ғой. Саламатсың ба?
Қамажай: Ә-ә... Сен бе едің. Саламат па?
Қабен: Даусың сынық қой, ауырып тұрған жоқсың ба?
Қамажай: Жоқ. Үй тіршілігінен шаршағандық шығар.
Қабен: Өткен жолы неге келмедің?
Қамажай: Мен бе?.. Мен... келдім.
Қабен (күліп): Неге алдайсың? Мен екі сағат күттім ғой.
Қамажай: Мен келсем, сен ұзап кетіп қалыпсың.
Қабен: Шынымен бе? Шынымен, сен келдің бе?
Қамажай: Иә, мен барсам, сен жоқсың.
Қамажай: Жоқ, сен жоқсың.
Қамажай: Сен жоқсың.