А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Нәзила: Сіз конференцияда лекция оқып тұрған жоқсыз, сондықтан нақты сөйлеңіз. Омар



бет47/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Нәзила: Сіз конференцияда лекция оқып тұрған жоқсыз, сондықтан нақты сөйлеңіз.
Омар: Ғылымға негізделмеген дәлел әлсіз болады, сондықтан сіздерге түсініктірек болсын деп...
Нәзила: Иә, әйтеуір, тез айтып болшы.
Омар: Бұл кісінің жұмысқа орналасуы заңды, бірақ біз үшін тым күтпеген жай. Демек, біздің семьяда шығын көп те, кіріс аз деген сөз. Бұл кісі финанс тапшылығын ескеріп, ұлттық табысқа өз үлесін қосуды ойлаған. Өзіміздің әлсіздігімізді, финанс тапшылығын сезіну – бізге рухани соққы. Ал, бұл кісінің әйтеуір бір кезде қоғам өміріне араласуы тиіс екенін ескеріп, кәсіп таңдау жағына өз басым қарсы екенімді білдіремін. Бұл мәселені өз қабырғамызбен кеңірек ойласып, жедел шешім қарастыру керек.
Нәзила: Болдың ба, әйтеуір.
Омар: Болдым.
Нәзила: Онда тезірек отырыңыз.
Қамажай: Е-е, міне, гәп қайда? Сендер менің жұмысқа орналасуымды намыс көріп отыр екенсіңдер ғой. Бұларың дұрыс емес. Сонда, мен үйде қол қусырып отыра бермекпін бе?
Нәзила: Жоқ, сіздің кондуктор боламын дегеніңіз ұнамайды.
Гауһар: Иә, иә.
Омар: Иә, иә.
Қамажай: Бұларың дұрыс емес. Жұмыстың жаманы жоқ. Ермекжан есейді. Үйде өзі қала тұрады.
Үйге Тимур мен Сұлтан кіреді.
Сұлтан: Саламатсыздар ма?
Бәрі: Саламатсыз ба?
Қамажай: Түн жарымында қайда жүрсіңдер? Түрлерің қату ғой, тыныштық па?
Сұлтан: Тыныштық. Өткен жолы ұятты боп қаппыз. Сіздерден кешірім өтінемін.
Қамажай: Иә, айып бізде де бар. Үйге келген қонақты қуып шыққандай болдық. Қарындасың балалық жасаса кешірерсің. Отырыңдар, неге состиып қалғансыңдар? Қазір шай қоямыз.
Нәзила: Сіздің ерте тұрып жұмысқа баруыңыз керек қой. Ұйықтамайсыз ба?
Қамажай: Жұмыссыз-ақ ерте тұруға үйренгенмін ғой.
Тимур: Жұмыс? Ол не жұмыс?
Нәзила: Сіздің мамуляңыз, құрметті тақсыр, ертеңнен бастап жұмысқа шығады. Автобустың кондукторы. Айлығы отыз мың теңге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет