Тақырып 1. Салық менеджментінің теориясы және оны ұйымдастыру Лекция мақсаты: Салық менеджмент інің теориясаы мен оны ұйымдастыру бойынша оқып үйрету.
Лекцияның жоспары: 1. Салық менеджментінің теориясы және оны ұйымдастыру
2.Салық менеджментінің экономикалық мәні, табиғаты және оның қажеттілігі
3.Салықтық жоспарлау салық механизмінің негізгі элементі ретінде.
4.Салық менеджментінің түрлері.
Лекция мазмұны: Салық менеджментінің теориясы және оны ұйымдастыру
Салық менеджменті – бұл нарықтық экономиканы басқарудың жалпы жүйесінің бір бөлігі, яғни жалпы менеджменттің бір бөлігі. Салық менеджментінің негізінде экономиканы айналымға алумен байланысты болса,ал екінші жағынан адамдарды басқаруды атқаратын қызметтің маңызды түрі.
Салық менеджменті қаржы менеджментінің бір бөлігін құрайды. Қаржылық ғылым және тәжірибесінің объектісі болып, мемлекеттің қаржы шаруашылығы және кәсіпорын табылады. Салық мемлекет қаржысының маңызды бөлігі. Бюджеттік ағымның 90 пайызын салықтар құрайды.
Сонымен қатар дәстүрлі түрде қаржы және салық менеджменті,салық қатынастарының субъектісі және оларды басқаруда кәсіпорын салық төлеуші және мемлекет уәкілеттіктер, салық процесін әр деңгейде ұйымдастыра, жоспарлай және бақылай отырып, кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ортасында ғана шектеледі. Сондықтан салық менеджменті туралы қаржы шаруашылығын және салықтарды нарықтық әдістермен басқарады деп айтса болады. Олай болса, «Салық менеджменті» ұғымында қаржы менеджментінің салық бөлімін салу қажет, кәсіпорын деңгейіндегідей, мемлекеттің қаржы шаруашылығының деңгейінде де. Жалпы қаржыны мемлекеттік қаржы;кәсіпорын қаржысы деп бөлгендей салық менеджментінің де 2 деңгейін бөліп көрсетуге болады:
Макродеңгей – мемлекеттік салықтық менеджмент;
Микродеңгей – кәсіпорынның салық менеджменті немесе бірлескен салықтық менеджмент.
Салық менеджменті ғылыми – тәжірибелі процесс түрінде көрсетіледі, салық механизмін белгіленген заң тәртібімен қызмет етуін, өзінің мазмұнына қарай бір қалыпты және көп жақты, ұйымның мақсатты құрылымы және шарты түрде болуы.
Салық менеджментінің көпжақтылығы мынадай принциптермен анықталады:
Басқару объектісінің күрделілігі;
Басқарудың көптеген функциясының айналымы;
Көпсатылық және көпаспектілі жүйенің несиелік процессін басқару
Белгілі бір кәсіпорындағыдай, жалпы мемлекетте де осындай түрде болады. Салық менеджменті бір жағынан, ғылыми білімді қолданудың қорытындысы болса, екінші жағынан, тәжірибелік қызметтің ортасы. Бірінші жағдайда, салық менеджментінің концептуалдық негізін, оның пәні және объектісін, принциптердің өзіндігін, құрал - жабдықтарды жасап шығару екінші жағдайда, әр түрлі деңгейде салық салу және салық ағындарының, салықты басқару жөніндегі шешім қабылдаудың нақты формада әдісі және қабылдау.
Салық менеджментi - бұл макро және микродеңгейдегi салық табыстары және салық шығындарының ғылыми қисынды нарықтық формалар және әдiстердiң қолдануы және басқарудың төңiрегiдегi шешiм қабылдауы, мемлекеттiк және салық ағындарының бiрлескен басқару жүйе жолы.
Салық менеджментінің басқару жүйесі сияқты өзінің объектісі және субъектісі бар.
Салық менеджментінің субъектісі - болып заң шығарушы және орындаушы уәкілет ретінде мемлекет, сонымен қатар салық төлеуші заңды тұлғалар.
Салық менеджментінің объектісі - салық ағымдар болып табылады, салықпен өзінің қызметін орындау қорытындысында қозғалысын аяқтау, сонымен қатар макро – микродеңгейдегі салық процесстері. Бір мезгілде салық ағымы мемлекет үшін табыс, кәсіпорын – салық төлеуші үшін шығын болуына қарамастан, бірлескен қызмет үшін де және мемлекеттік салық менеджментінің де объектісі - кіріс және шығыс салық ағымдары болып табылады. Кіріс және шығыс салық ағымдарын жалпы және әр деңгейде жиынтық басқару арқылы ғана қажетті мақсатқа жетіп,салық менеджментінің тиімділігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік және кәсіпорын салық менеджментінің мақсаттары әртүрлі; мемлекет салық түсімдерінің өсуін көздесе, кәсіпорын салық төлемдерінің төмендеуін көздейді. Бірақ, әртүрлі деңгейге қарамастан, салық менеджментінің жалпы мақсаты: қаржыны тұрақтандыру, экономикалық тиімділіктің жоғарылауы және экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
Салық менеджментінің мақсаты және тиімділігі, макро және микро деңгейдегі салық ағымдарының қозғалысы ұйым және салық процессінің қызметі арқылы қамтамасыз етіледі. Макроэкономикалық деңгейде салық менеджменті өзіне мыналарды құрылымдық қосады: салық заңы, салық салу, салық саясаты,салық жүйесі және салық механизмі. Микродеңгейде салық менеджменті тек, бір ұйымның салық процессінің жеке бір элементтерін ғана қосады, олар мынадай: салық саясаты, салықтық жоспарлау және салықтық бақылау.
Салықтық менеджмент салық қатынастарын нарықтық басқарудың маңызды түрі бола отырып,тек, нарықтық ортада ғана қолданыла алады.
Салық менеджментінің субъектілері үшін нарықтық орта мынадай:
Экономика, тұтыну және нарық жағдайының қалпына байланысты құрылуы;
Тұтынушы сұранысы және нарық қажеттілігіне байланысты бағыт;
Қаржы – шаруашылық дербестік және шешім қабылдаудағы жауапкершілік;
Салықты басқарумен байланысты қызметтің тиімділігі.
Сонымен, салықтық менеджментті мемлекет жіне кәсіпорын тұрғысынан алғанда нарықтық ортада 2 түрде қарастырса болады:
басқару шешімдерін қабылдау процессі;
Басқару жүйесі түрінде.Экономикалық өсуге өту стратегиясын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда нарықтық қарым-қатынастарына жауап беретін салық жүйесі болу керек. Қазақстан Республикасында салықтарды басқарудағы әдістерді толық пайдалану қиыншылықтары елдегі белгілі бір салық жүйесі атрибуттарының жеткіліксіздігінен туындайды. Олар: салық потенциалы және салық менеджменті.