А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Қамажай: Қайда кеттің тағы? Қашан келесің? Тимур



бет44/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Қамажай: Қайда кеттің тағы? Қашан келесің?
Тимур: Мүмкін, келмеспін. Мені күтпей-ақ тамақтарыңды іше беріңдер.
Қамажай: Теміржан, байқа, төбелестен аулақ жүр...
Көрші әйел кіреді. Көңілді.
Көрші әйел: Қалай, бас қалай?
Қамажай: Қойған сияқты. Концерт жақсы өтті ме?
Көрші әйел: Айтпа дейім. Халық деген – жыш. Ана – ақ жалдар бар, қара жал – біздер бар. Қошқар көрген саулықтай, әй, маңырадық кеп. Дауыс... Дауыс деген, алла-ай, кеудең сыздайды-ей (Әндетеді).
Қамажай (Чемоданға заттарын салып жатып): Тағы да келетін шығар.
Көрші әйел: Қайдан келсін. Енді Римге кетеді. Одан Испания асады. Жұрттікі сол. Барам дейді – барады, алам дейді – алады. Біз сорлы ғой қоңырсыған қолаңсаның қасында «мияу-мияу» деп... Әй, мұндай өмірдің өлігінесс... Ойбай, астапыралла!
Қамажай: Амал қанша. Дарын деген баршаға бөліп шашылатын несібе емес.
Көрші әйел: Алла-ай, ылғи маған қарап айтты-ей. Тесіліп тұрып төккенде бүйрегіңнен қыл суырғандай болады. Әй, ит өмір-ай! Айтпақшы, әлгі жігіт дұғай-дұғай сәлем айтты. Сені келмейді дегенде, мәселен, менің алдымнан Киркоров шыға келсе, қандай болам, сол сияқты сілейді де қалды.
Қамажай: Сол күйі тұр ма екен байғұс.
Көрші әйел: Күлме досқа...
Қамажай: Келер басқа демексің ғой.
Көрші әйел: Иә, келмегенде не қалды. Алла-ай, түр мынау, кеуде мынау, ерін мынау... Сенің орныңда мен болсам, үий, шіркін-ай. Өзің де қызықсың. Қаңтарылып тұрмады деп... Қашанғы тұрсын.
Қамажай: Күте алмаған адамның маған да керегі жоқ.
Көрші әйел: Құдай біледі, Қамажай. Тән қиналса, ой тозады. Сенікі сол... Шіркін, жігіттің сұлтаны ғой. Киркоров емес, сенікін айтам. Концерттен шыққан соң кафе бардық. Әй, шампандаттық кеп. Қасымызда Алма болды.
Қамажай: Ә-ә, Алма бар екен ғой. Неге ерте қайттыңдар?
Көрші әйел: Ә-ә, қойшы. Сен болмағасын... А-а, мына чемоданың не? Бір жаққа жүргелі жатырсың ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет