А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Светлана: Онда, сіңлім, ревизия жүріп жатыр. Нәзила



бет52/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Светлана: Онда, сіңлім, ревизия жүріп жатыр.
Нәзила: Онда «Тастаққа» кетіңдер, тауға өрмелеңдер немесе айдалаға барып билеңдер. Ол жақта ревизия да, ремонт та жоқ.
Светлана: Қызғаныштан ішің өртеніп барады ғой, ә? Одан да бір жігіттің етегінен ертерек ұста. Сонда өзгелермен ісің болмайды.
Нәзила: Байқауымша, сіздер мықтап ұстаған болуларыңыз керек.
Светлана: Ол біздің шаруамыз. Айтшы, сіз неге далаға шықпайсыз? Әлде, сіз де әпкеңіз секілді үй бағуды жөн көрдіңіз бе?
Нәзила (тістеніп): Тым болмаса, шолақ ақылыңыз бар ма деуші едім, ол да жоқ екен ғой. Сізге сөз әуре қылмаймын (дауыстап). Шығыңыз үйден.
Светлана: Мына қыз бізді тағы да қуып шықты. Кетейік, жолдастар.
Бәрі шығады.
Тимур: Сұлтан, Светлана!
Кәмила креслоға отырып, солқылдап жылап жібереді.
Қамажай: Құдай-ау, маған бәрің де бірдейсіңдер. Қайсыларыңның сөзіңді сөйлерімді білмей басым қатты ғой.
Нәзила: Әпке, басыңызды қатырмаңыз. Ермектің қасына барыңыз.
Қамажай кетеді. Іштен Омар шығады. Қолында портфелі бар, киініп алған.
Нәзила: Иә, саған жол болсын?
Омар: Жұрт кетіп қалған ба?
Нәзила: Біз сені жұмыс істеп отыр екен десек, ұйықтап тұрғаннан саумысың?
Омар (таңданып): Кәмила неге жылап отыр?
Нәзила: Адам тек реніш-қайғыдан ғана жыламайды ғой, қуаныштан да жылайды.
Омар: Иә, ол не қуаныш?
Нәзила: День хорошего настроения!
Омар (иығын қомдап): Сенің сөзің мен шындық көріністің арасында байланыс жоқ сияқты. Жарайды, мен кеттім. Ертеңге дейін мақаламды бітіруім керек. «Ғылым академиясының хабаршысына» осы аптада бітірем деп уәде беріп едім.
Нәзила: Оған қарсылығымыз жоқ. Айтпақшы, Гауһар, сен де бірге қайт. Бүгін бәрібір бірігіп сабақ оқуға көңіл күйіміз соқпас.
Гауһар: Япыр-ай, мен құтты қонақ бола бермедім-ау...
Нәзила: Ом, Гауһарды үйіне дейін апарып салғаның жөн. Диалектикалық материализм тұрғысынан қарағанда...
* * *
Сахнада жарық сөніп, қайта жанады. Қамажай тамақ дайындап отыр, Кәмила журнал оқып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет