А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары



бет10/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары

Әдеби тіл-жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің ең жоғары формасы болып есептеледі. Қоғамның, мемлекеттің дамуына байланысты, сол мемлекет тілінің байлығы, мәдениеті артып, қолданылуы аясы да кеңейе түседі. Мемлекет тілі-ресми қарым-қатынастың, көркем әдебиеттің, ғылымның, іс қағаздарының, өнер-білімнің, баспасөздің тілі. Тілдің қалыпқа түсуі, дамуы халықтың жазба мәдениетімен тікелей байланысты. Яғни тілдегі сөздердің бір ізге түскен айтылу нормасы, жазылу нормасы, қолданылу нормасы болу керек. Қоғам дамуына байланысты тілдің тек грамматикалық құрылысыы жетіліп, лексикасы молығып қана қоймай, сонымен бірге, қазақ әдеби тілінің стильдер жүйесі, функционалдық стильдері де дамиды.


Стиль-латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда жазу құралы деген мағына береді. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Лингвистикада «стиль» жазу мәнері сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданылып келді. Қзіргі қазақ әдеби тілінің мындай стильдік тармақтары бар:
Ресми-іс қағаздар стилі;
Публицистикалық стиль;
Ғылыми стиль;
Көркем әдебиет стилі;
Ауызекі сөйлеу тілінің стилі;
Ғылыми- көпшілік әдебиеттер стилі. Бұл стильдің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тікелей байланысты. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады.
Публицистикалық стиль. Публицистика-көпшілік, әлеумет мағынасын беретін латын сөзі. Қазір қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стильге газет-журнал тілінің, әдеби сын мақалалар тілінің, әлеуметтік памфлет, очерктер тілінің стилі жатады. Қазіргі әдеби тіл жүйесінде публицистикалық стиль өзіне тән дербестік, ерекшеліктерімен қалыптасып, дамып келеді.
Көркем әдебиет тілінің стилі. Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда көркем сөз стилінің аясы кең. Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатқа жүмсалады. Образды сөздер жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекшелігі, қолдану тәсілі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет