А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді



бет11/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Ауызекі сөйлеу тілінің стилі. Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда тікелей қатынас стилі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты. Ауызша сөйлеудің еркіндік басым келеді. Сөйлеу лексикасының өзіндік ерекшеліктері бар. Оған қатысты сөздер 1) адамның күнделікті тікелей қрым-қатынасы кезінде, емін-еркін сұхбат, әңгіме үстінде қолданылады,2) алдын-ала сұрыпталмай, сөйлеу үстінде әңгіменің желісіне қарай туып отырады, 3) тақырыптың аясы өте кең, яғни тақырып жағынан шек қойылмайды, қоғам,табиғат, адам өмірінң барлық жағын да қамтуы мүмкін.
Ресми-іс қағаздар тілінің стилі. Ресми-іс қағаздар стилі кейде кеңсе стилі, ресми стиль, іс қағаздар стилі деп те айтыла береді. Ресми-іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен, жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені іс қағаздары да, ресми құжаттар да ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты. Іс қағаздары бейтарап тонмен, ресми түрде жазылуы керек, дегенмен де кейбір іс қағаздарында экспрессивті, эмоционалды бояуы бар тілдің құралдар да қолданылады.
Көптеген сөздер белгілі бір стильге телулі болады да, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы, тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау, түсініктеме сияқты сөздер ен сөз тіркестері ресми-іс қағаздар стиліне тән.
Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, акт. Мәлімдеме т.б жатады. Қатынас құралдарының бұл түрлері де күнделікті өмір қажеттілігімен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздер мен сөз тіркестері, сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады. Іс қағаздарын жазу-жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі. Сөйлем баяндауышы ашық райда (пайдаланылады, қаралады, қолдануда ескертілді), я бұйрық райда (орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, іске қосылсын) тұрады. Көнерген сөздер, диалект сөздер, қазіргі қазақ тілінде ескіріп, айналымнан шыққан тіркестер қолданылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет