А. Т. Аширова поәк эксперименттік білім беру бағдарламасы мен Элективті пәндер каталогінің негізінде әзірленді


Кама: Мамуля, скажи честно, сенің жігітің бар ма? Қамажай



бет53/77
Дата23.05.2023
өлшемі275,1 Kb.
#177485
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77
Байланысты:
Кешен каз.т.әдебиет Информатика каз.болими

Кама: Мамуля, скажи честно, сенің жігітің бар ма?
Қамажай (күледі): Оны қайтем?
Кама: Как қайтем? Қыдырасыз, көңіл көтересіз. А то. Үйде отыра бергеннен адам жалығады ғой.
Қамажай: Жо-жоқ, мен жалықпаймын. Сендермен қатар жүріп кісі жалығушы ма еді?
Кама: Сонан соң, қаладағы автобустар жақында кондукторсыз жұмыс істейді екен, сонда қайтесіз?
Қамажай: Тағы бірдеңе табылар. Есіңде болсын (Күліп), тұрғындарды еңбекке орналастыру бюросының белді қызметкері мені қамқорлығына алуды уәде еткен.
Кама: Жас па?
Қамажай: Жо-жоқ, қайдағы жас? Елуден асып қалған.
Кама: Біреу-міреуге алимент төлемей ме екен?
Қамажай: Онысын қайдам? Қайырымды кісі сияқты.
Кама: Білеміз ондайларды. Енді сіздің есіңізде болсын: елуден асқан еркектің жас әйелге деген қайырымдылығы қармаққа жем салып, ақ шабақты асырамақ болған балықшының пиғылымен тең (күледі).
Қамажай: Айтпақшы, сен бір... аяғым ауыр деуші едің. Қазір ештеңе демей кеттің ғой. Жүрегің айнығанын қойды ма?
Кама: Қойды ғой.
Қамажай: Онысы несі екен? Соған қарағанда, мінезі Теміржанға тартқан болды-ау. Онда аяқ киімнің жемірі болады. Бүгін лакталған туфли алдым. Жұмыстан келгенде бір қуанатын болды. Міне, көрдің бе?
Кама: Жақсы екен. Бірақ, ол енді ешкімге де тартпайды.
Қамажай: Ол қалай?
Кама: Мен оны... алдырып тастағанмын.
Қамажай: Не дейді?


Қамажайдың қолынан туфлиі түсіп, орнынан тұра беріп, сылқ етіп отыра кетеді. Кәмила ұшып тұрып, оның басынан сүйейді.
Кама: Мамуля, мамуля... сізге не болды? Дәрігер, дәрігер шақыртайын (Телефонды тере бастайды).
Қамажай: Керегі жоқ. Керегі жоқ (Орнынан қалтырай көтеріліп, Кәмилаға жақындайды). Мұның не, құлыным-ау... (жылайды).
Кама: Сіз... сіз соған бола ма? Бізге қазір баланың керегі не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет