А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет118/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   153
Байланысты:
S4

15.4.2. Толуолды тотықтыру 
Кобальттың немесе марганецтің органикалық тұздарын катализатор 
ретінде қолданып 150-170 
о
С және 1 МПа қысымда толуолды тотықтырып 
бензол қышқылын алады. Бензол қышқылының шығымы 85-90
%.
Бензол 
қышқылын гидрлеп, түзілген циклогексанкарбон қышқылын нитрозилкүкірт 
қышқылымен өңдеп капролактам алынады: 
Сонымен қатар, бензол қышқылын 220-250 
о
С тотықтыра декарбоксилдеу 
арқылы 85
% шығыммен
фенол алуға болады: 
15.4.3. Ксилолдарды тотықтыру 
п
-Ксилолды тотықтыру реакциясы терефталь қышқылын алу процесінде 
қолданылады. Терефталь қышқылы полиэтилентерефталат өндірісінің 
шикізаты болып табылады.
п
-Ксилолды тотықтыру сірке қышқылдық ортада 
Со және Mn тұздарының қатысында 195-205 
о
С және 1,5 МПа қысымда 
жүреді: 
Терефталь қышқылының шығымы 94-95
%
, ал тазалығы – 99
%
болады. 
м
-Ксилолды 160 
о
С және 1,5-2 МПа қысымда марганец ацетаты мен 
кобальт бромиді қатысында сірке қышқылдық ортада тотықтырғанда 
изофталь қышқылы түзіледі. 
о
-Ксилолдың тотығуы нәтижесінде фталь ангидриді түзіледі. Фталь 
ангидриді алкидті және полиэфирлі шайырлар, пластификаторлар өндірісінде 
қолданылады. 
15.4.4. Три- және тетраметилбензолдарды тотықтыру 
Псевдокумолды, мезитиленді, гемиметиллитолды тотықтыру арқылы 
бензолтрикарбон қышқылдары түзіледі. Дуролды, изодуролды, пренитолды 
тотықтырып тетракарбон ароматты қышқылдар алынады. Мысалы, 
псевдокумолдан триметиллит қышқылы, ал дуролдан пирометиллит 
қышқылы түзіледі: 
триметиллит қышқылы пирометиллит қышқылы 


203 
Бұл қышқылдар пластификаторлар, термотұрақты полимерлер
қосымшалар, эпоксидті шайырлар, бояулар алу үшін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет