204
Mycobacterium
және
Nocardia
бактериаларымен тотығады. Candida
ашытқысы мүлдем әсер етпейді.
Барлық алифатты көмірсутектердің тотығуы
оттегінің қатысында ғана
(аэробты жағдайда) жүреді. Микроорганизмдердің оксигеназа ферменттері
көмірсутекке оттегіні жеткізіп, оны спиртке айналдырады, одан әрі альдегид,
май қышқылдары түзіледі. Май қышқылдары А коферментінің қатысында
тотығады:
Көміртек атомдары жұп санды алкандардан сірке қышқылы, ал тақ
санды алкандардан пропион қышқылы түзіледі.
Аралық өнімдерден
реакциялық ортада эфирлер және майлар болады.
Микроорганизмдер ароматты көмірсутектерге де әсер етеді. Бензол мен
толуолда
Bacterium benzolicum
және
Bacterium toluolicum
бактериялары
дамиды. Полициклді арендер – нафталин, фенантрен, антрацен және т.б.
микроорганизмдердің әсерінен оңай тотығады. Оларды
Pseudomonas,
Мусоbacterium, Bacillus, Flavobacterium, Nocardia, Aspergillus, Penicillium
бактериялары пайдаланады.
Барлық көмірсутектердің арасында бактериалардың
әсеріне төзімдісі
нафтендер болып келеді. Нафтендерге қарағанда нафтен қышқылдары
микроорганизмдердің әсеріне жеңіл беріледі. Олар
Pseudomonas
және
Micrococcus
бектериаларымен тотығады.
Нафтенді көмірсутектердің тотығуын циклопропан мысалында мына
механизм бойынша көрсетуге болады:
Көмірсутектердің микроорганизмдермен тотығуының соңғы өнімі –
көмірқышқыл газы және су, алайда аралық өнімдер – спирттер, органикалық
қышқылдар, эфирлер және басқа қосылыстар да кездеседі.