50
Кейбір заттар қатты күйден бірден газ күйіне ауыса алады (нафталин,
антрацен т.б.). Бұл құбылысты
сублимация
(возгонка) деп атайды. Бұл
кезеңдегі мұнай өнімдерінің
сублимация жылуы
балқу
және булану
жылуларының қосындысына тең. Бензолдың сублимация жылуы 590,4
кДж/кг, нафталиннің сублимация жылуы 465,2 кДж/кг тең.
Жану жылуы (отынның жылу бөлу қабілеті)
деп 1 кг сұйық (қатты)
немесе 1 м
3
газ күйіндегі отынның қалыпты жағдайда толық жануы кезінде
бөлінетін жылудың мөлшерін айтады. Бұл кезде бастапқы отын мен жану
өнімдері бірдей қысымда және температурада болуы керек.
Отынның жылу
бөлу қабілетін жоғарғы және төменгі деп бөледі.
Жоғары жылу бөлу қабілеті деп
отынның толық жануы кезінде, жану
өнімдерін отын температурасына дейін салқындату кезінде және отынның
құрамына кіретін сутегінің тотығуынан түзілген су буларының
конденсациясы кезінде бөлінетін жылу мөлшерін айтады.
Төменгі жылу бөлу қабілеті деп отынның толық жануы кезінде, жану
өнімдерін отын температурасына дейін су буларын конденсацияға түсірмей
салқындату кезінде бөлінетін жылу мөлшерін айтады, немесе жоғары жылу
бөлу қабілетінен сутегінің жануы нәтижесінде түзілетін
судың булану
жылуын алып тастағанға тең.