А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет36/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
3.9.2. Жылу өткізгіштік 
Жылу өткізгіштік 
деп газ күйіндегі, сұйық және қатты денелерде 
жылудың таралу процесін айтады. Процесс заттардың денелерін 
араластырмай, конвекциясыз және сәулелі жылу алмасусыз жүреді.
Мұнай өнімдерінің жылу өткізгіштігі олардың химиялық құрамынан, 
фазалық кезеңінен, температурадан және қысымнан тәуелді. Ең төмен жылу 
өткізгіштікті газдар мен булар, ең жоғарғыны – қатты мұнай өнімдері, аралық
өткізгіштікті сұйықтықтар көрсетеді.
Сұйық жеке көмірсутектердің 0,1 МПа қысымда және 273 К 
температурада кезіндегі жылу өткізгіштік коэффициентін мына формула 
бойынша есептеуге болады: 
3
273
0,1717 0, 385 10
М






мұндағы М – көмірсутектің молекулалық массасы. 
Температураның өсуіне қарай көптеген сұйық мұнай өнімдерінің жылу 
өткізгіштігі төмендейді. Көмірсутекті газдар мен мұнай өнімдері буларының 
жылу өткізгіштігі керісінше температураның өсуімен артады. Қатты мұнай 
өнімдерінің жылу өткізгіштігі газ күйіндегі және сұйық өнімдерге қарағанда 
аз зерттелінген. 
3.9.3. Энтальпия 
Химиялық реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу 
реакцияның жылу эффектісі 
деп аталады. 
Егер реакцияның жылу эффектісі тұрақты көлемде анықталса (
Q
v
), ал 
атқарылатын жұмыс А = P

V тұрақты көлемде нольге тең болса, онда жылу 
эффектісі ішкі энергияның өзгерісіне тең болады
Q
v


U
. Алайда, 
химиялық реакцияларды іс жүзінде жүргізу кезінде көлемді тұрақты ұстау 
өте қиын, әсіресе газ күйіндегі заттардың қатысындағы рекциялар кезінде. 
Себебі, реагенттен өнімге өту кезінде олардың мөлшері мен көлемі өзгереді. 


49 
Егер химиялық реакцияның жылу эффектісі тұрақты қысымда 
анықталған болса (
Q
р
), онда 
Q
р 


U + A = 

U + P

V
Реакцияның тұрақты қысымдағы жылу эффектісі 
реакцияның 
энтальпиясы 
(

Н
) деп аталады: 

Н = 

U + P

V
Энтальпияның СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі джоульмен (Дж) белгіленеді. 
Химияда көбіне еселі бірлік килоджоуль (кДж) қолданылады. 
Мұнай өнімдерінің бу фазасындағы этальпия мөлшері сұйық мұнай 
өнімдерін 0 
о
С бастап қайнау температурасына дейін қыздыруға, 
буландыруға және түзілген буды қайнау температурасынан бастап, 
белгіленген температураға дейін қыздыруға жұмсалған жылу мөлшерлерінің 
қосындысынан тұрады. 
Термодинамика бойынша қысым идеал газдардың энтальпиясына әсер 
етпейді. Қысым жоғарылаған сайын мұнай өнімдері буларының энтальпиясы 
төмендейді. Мұнай өнімдерінің жоғары қысымдағы энтальпиясын анықтау 
үшін алдымен олардың атмосфералық қысымдағы энтальпиясын анықтайды, 
содан кейін анықталған өлшемнен жоғары қысымның түзетулерін 
(анықтағыштан алынады) алып тастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет