А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет33/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
3.7.1.
 
 Мұнай және мұнай өнімдерінің түсі 
 
Мұнайдың 
түсі 
ашық-сарыдан қою-қоңыр және қара түске дейін 
өзгереді. Жеңіл мұнайлардың (тығыздығы 780,0-790,0 кг/м
3
) түсі сары 
болады, орташа тығыздығы бар (790,0-820,0 кг/м
3
) мүнайлар янтарь түстес, 
ал ауыр мұнайлар қою-қоңыр және қара түсті болады. Мұнайдың түсі ондағы 
асфальтен-шайырлы заттардың, көмірсутектердің тотығу өнімдерінің, 
сонымен қатар кейбір қанықпаған және ароматты көмірсутектердің 
мөлшеріне байланысты болады. Шикі мұнайдың түсіне қарап, ондағы 
асфальтты-шайырлы заттардың шамасын салыстырмалы айтуға болады. 


45 
Әдетте мұнайдың түсі неғұрлым қою болса, соғұрлым онда асфальтты-
шайырлы заттардың мөлшері көп болады.
Мұнай өнімдерінің түсін анықтайтын құралды 
колориметр 
деп атайды. 
Мұнай өнімдерінің түсі екі стандартқа сәйкес анықталады: ГОСТ 2667-
82 (ЦНТ және КНС-1 колориметрлерінде ашық түсті мұнай өнімдері үшін) 
және ГОСТ 25337-82 (КНС-2 колориметрінде мұнай парафиндері үшін). 
 
3.7.2. Сыну коэффициенті 
Мұнай өнімдерінің 
сыну көрсеткішін 
(
n
D
20
) жарық сәулесінің ауадан 
мұнай өнімдері арқылы өтуі кезінде анықтайды, сондықтан оның шамасы 
әркезде 

1 жоғары болады. Мұнай фракциясының қайнау температурасы 
жоғары болған сайын, оның тығыздығы мен сыну коэффициенті жоғары 
болады. Сыну көрсеткіші арқылы мұнай өнімдеріндегі көмірсутектердің 
топтық құрамы туралы болжам айтуға болады, ал тығыздық пен молекулалық 
массаны қосып алғанда мұнай фракциясының құрылымдық-топтық құрамын 
есептеуге болады. 
3.7.3. Меншікті рефракция 
Сыну коэффициенті мен тығыздықты байланыстыратын көрсеткіш 
меншікті рефракция 
деп аталады. Меншікті рефракцияны майлардың 
құрылымды-топтық көмірсутекті құрамын анықтауда қолданады. 
Көмірсутектердің меншікті рефракцияларын салыстыру арқылы олардың 
мына қатарда өсетінін көруге болады: 
нафтендер 

парафиндер 

арендер 
Қоспаның меншікті рефракциясы құрамындағы компоненттердің 
меншікті рефракцияларының орташа арифметикалық шамасына тең болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет