40
Кристалданудың басталу температурасы лайлану температурасы сияқты
мемлекеттік стандарт (ГОСТ 5066-91) бойынша анықталады.
Кристалданудың басталу температурасы деп бензинде немесе керосинде
ароматты
көмірсутектердің, әсіресе бензолдың кристалда-ры көзге көрініп
тұрған кездегі максимальды температураны қабылдайды. Мысалы, бензол 5,5
о
С кристалданады. Бұл кристалдар отынның ағын жылдамдығын
кемітпегенмен, эксплуатация кезінде сүзгілерді бітеп, отынның моторға
берілуін тежеуі мүмкін. Сондықтан техникалық шарттар бойынша
авиациялық
және
реактивті
отындарда
кристалданудың
басталу
температурасы -60
о
С аспауы керек.
3.5.3. Сүзгіден өтудің шекті температурасы
Сүзгіден өтудің шекті температурасы
отынның (әсіресе ауыр
фракциялық құрамды дизель отынының) төмен температурадағы қасиеттерін
сипаттайды.
Сүзгіден өтудің шекті температурасы ГОСТ 22254-92 бойынша былай
анықталады: сыналып отырған отын үлгісі салқындату жағдайында және
әрбір 1
о
С сайын стандартты сүзгі арқылы вакууммен сорылып алынады
(қалдық қысым 1,96 кПа).
Сүзгіден өтудің шекті температурасы деп отын сүзгіден өтпей қалған
кездегі температураны айтады.
Бұның себебі, белгілі бір температурада
парафин кристалдары өте көп түзіледі де, сүзгіні толық бітеп тастайды.
Әдетте сүзгіден өтудің шекті температурасы лайлану температурасынан 3-8
о
С төмен болады.
3.5.4. Қату температурасы
Қыс мезгілінде мұнай өнімдерін тасымалдау және қолдану үшін олардың
төменгі температурада қозғалғыштығының маңызы зор. Стандартты
жағдайда мұнай өнімдерінің қозғалғыштығын жойған кездегі температураны
қату температурасы
деп атайды. Мұнай
өнімдерінің қозғалғыштығын
жоюы заттың кәдімгі тұтқырлықтан құрылымдық тұтқырлыққа фазалық
ауысуымен байланысты. Төменгі температура кезінде парафинді мұнай
өнімдеріндегі фазалық ауысу парафиндер мен церезиндердің көптеген
кристалдарының пайда болуымен ұштасады, олар кристалды каркас – тор
құрайды. Мұнай өнімдерінің қатпаған
сұйық бөлігі тордың ішінде
орналасады, сөйтіп қозғалмайтын болады. Түзілген кристаллдардың түрі
көмірсутекті ортаның химиялық құрамынан, ал өсу жылдамдығы – ортаның
тұт-қырлығынан, парафинді көмірсутектердің мөлшері мен ерігіштігінен
және жүйені салқындату жылдамдығынан тәуелді. Кристалдардың өсу
жылдамдығы парафинді көмірсутектердің
концентрациясынан тура, ал
ортаның тұтқырлығынан кері пропорционал болады.
Шайырлы және кейбір беттік-белсенді заттар (ПАВ) кристалдардың
бетіне адсорбцияланып, парафиндердің кристалдану кристалдану процесін
41
тежейді.
Сондықтан
шайырлардан
тазартылғаннан
кейін
майлы
дистилляттардың қату температурасы жоғары болады. Кейбір
заттарды
минералды майларға қосқан кезде, олардың қату темпера-турасы төмендейді,
мұндай заттарды
депрессорлы қосымшалар
немесе
депрессаторлар
деп
атайды.
Құрамында парафинді көмірсутектері аз немесе мүлдем жоқ мұнай
өнімдері
коллоидты
(шыны
тектес)
күйге
өтуіне
байланысты
қозғалғыштығын жояды, бұл олардың тұтқырлығын шұғыл жоғары көтереді.
Мұнай өнімдерінің қату температурасы ГОСТ 20287-91 бойынша
анықталады. Алдын-ала қыздырылған және сүзілген мұнай өнімін
стандартты пробиркаға белгіге дейін құяды да, термометр кигізілген
тығынмен жабады. Пробирканы қатты шайырлы заттар балқығанша немесе
сұйық мұнай өнімдерінде ерігенше қыздырады. Алдын-ала қыздыру
нәтижесінде шайырлы заттарға бай мұнай өнімдерінің
қату температурасы
төмендейді, ал парафинге бай мұнай өнімдерінің қату температурасы
жоғарылайды.
Қыздырылған
пробирканы
арнайы
салқындатқыш
ыдысқа
орналастырып, шамамен қату температурасына дейін салқындатады. Осы
температурада пробирканы 45
о
қисайтып, қайтадан бастапқы қалпына қояды,
осы кездегі мұнай өнімі деңгейінің өзгерісін байқайды. Осылайша
пробиркадағы мұнай өнімі деңгейі біраз уақытқа өзгеріссіз қалғанша
салқындатуды жалғастыра береді. Осы кездегі температура-ны мұнай
өнімінің қату температурасы деп қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: