А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет68/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   153
Байланысты:
S4

9.
 
МҰНАЙДЫҢ ГЕТЕРОАТОМДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ 
 
Барлық мұнайлардың құрамында көмірсутектермен қатар гетероатомды 
қосылыстар кездеседі. Гетероатомдар көбіне күкірт, азот, оттек, шайырлы-
асфальтендер және кейбір металдар болып келеді. Бұл элементтердің 
мөлшері мұнайдың жасы мен пайда болу жағдайына байланысты. 
Мұнай фракцияларындағы гетероатомды қосылыстардың мөлшері 
біркелкі емес. Әдетте олардың негізгі бөлігі ауыр фракцияларда және 
шайырлы-асфальтенді қалдықта жиналады. Шайырлар мен асфальтендер жас 
мұнайларда көп болады, сондықтан олардың арасында гетероорганикалық 
қосылыстардың мөлшері де жоғары болады. 
Бір кенорнының мұнай қабаттары орналасқан орны мен тереңдігіне 
байланысты, олардың элементтік құрамы және физика-химиялық 
қасиеттерінде айырмашылықтар болады. Мысалы, ромашкин кенорнының 
девон периодына жататын қабаттағы мұнайдың тығыздығы 0,8620 г/см
3

күкірттің мөлшері 1,61% (масс.), ал осы кенорнының карбон қабаты 
мұнайының тығыздығы 0,8909 г/см
3
және күкірттің мөлшері 3,5% (масс.) тең. 
Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. 
9.1. Күкіртті қосылыстар
Қазіргі кездегі мұнайдың әлемдік қорының көпшілігі күкіртті және 
күкірті көп типке жатады. Мұндай мұнайларды өңдеу және отын есебінде 
пайдалану көптеген қосымша шығындарды талап етеді. Бензиннің 
құрамында күкірттің мөлшері 0,033-0,15% (масс.) жоғары болса, мотордың 
қуатын 10,5%-ға төмендетеді, отын шығынын 12%-ға арттырады, моторды 
жөндеу 2 есе көбееді. Мұндай шығындармен қатар қоршаған ортаға тигізетін 
зияны да мол. Сондықтан мұнайдың күкіртті қосылыстарының құрамын, 
қасиеттерін, оларды жою әдістерін және пайдалануды терең оқып-үйрену 
керек. 
Мұнайдың күкіртті қосылыстары химиялық құрамы жағынан өте 
әртүрлі. Мұнайдың құрамында еріген немесе коллоидті күйдегі бос күкірт, 
еріген күкіртті сутек, меркаптандар, сульфидтер және полисульфидтер, 
циклді сульфидтер кездесуі мүмкін. Сонымен қатар, оттекпен аралас 
сульфоқосылыстар – сульфондар, сульфоксидтер мен сульфон қышқылдары 
болады. Мұнайдың шайырлы-асфальтенді бөлігінде құрамында бір мезгілде 
күкірт, азот және оттек атомдары бар күрделі қосылыстар да кездеседі. 
Мұнайдың 250-ден астам күкіртті қосылыстары анықталған. 9.1-Кестеде 
мұнайдың құрамынан анықталған кейбір күкіртті қосылыстар келтірілген. 
Күкіртті сутек мұнайда жиі кездеседі. Күкіртті сутектің кейбір мөлшері, 
сонымен қатар, мұнайды қыздырғанда тұрақсыз күкіртті қосылыстардың 
ыдырауы нәтижесінде түзіледі.
Күкіртті қосылыстардың тұрақтылығына қарай мұнайды өндірістік 
сұрыптау кезіндегі көрсеткіш ретінде 
күкіртті сутек саны 
деген шама 


103 
енгізілген – қалыпты жағдайда қыздыру кезінде күкіртті сутектен немесе 
меркаптаннан бөлінетін күкірттің мөлшері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет