104
арилмеркаптандар (фенилмеркаптан,
-нафтилмеркаптан) жатады. Сонымен
қатар, арилалкилмеркаптандар да анықталған, мысалы бензилмеркаптан.
Барлық меркаптандардың, әсіресе төменгі
гомологтарының өткір
жағымсыз иістері болады. Сондықтан этилмеркаптанды тұрмыстық газға
арнайы иісі біліну үшін қосады.
300
о
С дейін қыздырғанда меркаптандар ыдырап сульфидтер түзеді, ал
500
о
С жоғары температурада алкен және күкіртті сутек түзіледі:
Әлсіз тотықтырғыштардың әсерінен дисульфидтер түзіледі, ал күшті
тотықтырғыштар меркаптанды сульфоқышқылға айналдырады:
Меркаптандардың тиол тобы әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді,
сондықтан олар ауыр металдар оксидтерімен және сілтілермен меркаптидтер
түзеді:
Меркаптандардың
молекулалық
массасы
жоғарылаған
сайын
меркаптидтер оңай гидролизденеді, сондықтан оларды бөліп алу қиындайды.
Сульфидтер немесе тиоэфирлер
мұнайда көп кездеседі, әсіресе жеңіл
және орташа дистилляттарда көбірек (барлық күкіртті қосылыстардың 50-
70%). Алифатты сульфидтер бірдей (RSR) немесе әртүрлі (RSR
)
радикалдардан тұруы мүмкін, мысалы этилизопропилсульфид және
диэтилсульфид,. Ароматты сульфидтердің
радикалдары таза ароматты
(АгSАг)
немесе
алкилароматты
(RSАг)
болып
келеді,
мысалы
дифенилсульфид, этилфенилсульфид. Тұйық тізбекті сульфидтерге – тиофан
(тетрагидротиофен, тиоциклопентан), тиоциклогексан, тиоциклогептан,
олардың алкилтуындылары және т.б. жатады.
Бициклді радикалдары бар
сульфидтер – тиобициклооктандар және тиогидриндандар анықталған.
Трициклді сульфидтерден әзірге белгілісі – тиоадамантан.
Сульфидтер бейтарап қосылыстар, сондықтан оларды сілтілердің
көмегімен мұнайдан бөліп алуға болмайды. Олар күкірт қышқылында жақсы
ериді, галогеналкилдермен, металдар галогенидтерімен (АlВг
3
, SnCl
4
, TiCl
4
,
HgCl
2
), фторлы сутекпен, бор фторидімен және басқалармен көмірсутектерде
ерімейтін комплекстер түзеді. Сульфидтер қыздыру кезінде 350
о
С
дейін
меркаптандарға, ал одан жоғары температурада күкіртті сутекке және
алкенге ыдырайды:
105
Дисульфидтер мұнайда аз мөлшерде кездеседі. Олардың реакциялық
қабілеті сульфидтерден күштірек.
Қыздырғанда олар меркаптан, күкіртті
сутек және көмірсутектер түзіп оңай ыдырайды.
Тиофендер мен олардың туындылары мұнайдың орташа және жоғары
фракцияларында кездеседі. Бұлар химиялық активтілігі төмен,
қыздыруға
тұрақты қосылыстар.
Бұлар негізінен 2-, 3-метил-, 2-, 3-этил, 2-пропил-, 2-изопропил-, 2,3-,
2,4-, 2,5-, 3,4-диметилтиофендер. Үш радикалмен байланысқан өкілдеріне –
триметил- және этилдиметилтиофендер жатады.
Тиофеннің арилді және гибридті туындылары мұнайда көбірек таралған,
мысалы:
бензотиофен дибензотиофен нафтотиофен
3,5-диметилтетрагидробензотиофен
Достарыңызбен бөлісу: