111
Мұнайдың пайда болу кезеңі мен қабатының тереңдігі өскен сайын
ванадилпорфириндердің жалпы мөлшері кемиді, ал алкилпорфириндердің
үлесі артады.
Мұнайдың микроэлементтік құрамын зерттеу
оның генезисі туралы
түсінікті қалыптастыруда ерекше роль атқарады. Мысалы, порфириндерді
мұнайға өсімдіктер мен жануарларлардан ауысқан қалдық компоненттер деп
қарастырады. Порфириндегідей комплекс хлорофилл және гем сияқты
биологиялық заттардың құрамында болатындығы белгілі. Алайда, бұл
заттардың комплексінің құрамына Ni мен V емес, Mg мен Fe кіреді.
Содықтан, никель мен ванадий мұнайдың құрамына оның жаңа пайда болуы
кезеңінде – тұнбалық шөгінділерден енген деп есептейді.
Зерттеуші ғалымдар мұнай мен биологиялық денелердің құрамындағы
микроэлементтерді салыстырып зерттеулер жүргізген.
Жануарлар мен
өсімдіктердің кейбір элементтерді жинақтауға қабілетті екені белгілі. Көмір
химиясында көмірдің өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан пайда
болғандығы туралы дәлелдер, олардың күлінің құрамындағы кейбір
элементтердің қатынасы арқылы бұрыннан белгілі.
Өсімдіктер мен
жануарларға тән кейбір элементтердің мұнайдың құрамында болуы, олардың
генетикалық туыстығына дәлел бола алады.
Мұнайдың құрамында қандай микроэлементтер бар және олар қандай
мөлшерде екенін білу оны өңдеу кезінде өте маңызды. Мұнайдың жоғарғы
фракцияларында металлдардың болуы жақсы емес, себебі каталитикалық
өңдеу кезінде металлорганикалық
қосылыстар ыдырап, түзілген металлдар
катализатордың тесікшелеріне қонып, оның активтілігін қайтымсыз жояды.
Екіншіден, ауыр фракцияларды отын ретінде жаққан кезде күлдің құрамында
ванадийдің пентаоксиді (V
2
O
5
) түзіледі. Бұл коррозия туғызатын өте активті
зат.