107
9.2-кестенің жалғасы
Фенолдар
Моноциклді
фенол
о-
және
п
-крезолдар
2,3-, 2,4-, 3,4-, 3,5- ксиленолдар
Бициклді
2-нафтол
С
6
С
7
С
8
С
10
1
3
4
1
Орташа және жоғары температурада қайнайтын мұнай фракцияларының
қышқылдары негізінен нафтен қышқылдары болып келеді. Химиялық
құрамы жағынан нафтен қышқылдары әртүрлі. Олардың радикалдары
полиметиленді бес- немесе алтымүшелі сақиналар.
Сонымен қатар,
сақинаның өзі метил тобымен байланысқан болуы мүмкін. Нафтен
қышқылдарының молекулалық массалары артқан сайын, олардың би- және
полициклді сақиналары болуы мүмкін. Барлық
карбон қышқылдары сияқты
нафтен қышқылдары да – галогенангидридтер, амидтер, күрделі эфирлер
түзуге және басқада да тән реакцияларға түсуге қабілетті.
Нафтен қышқылдары тұздарының өндірістік маңызы бар. Олардың
көпшілігі кристалданбайды,
коллоидты, кейде май тәрізді консистенцияда
болады. Сілтілік металдардың тұздары суда жақсы ериді, өндірісте
техникалық сабын (мылонафт) ретінде қолданылады.
Кальций және
алюминий нафтенаттары пластикалық майлар алуда қоюландырғыш ретінде
қолданылады, қорғасын нафтенаты жоғары қысымда жұмыс жасайтын жағар
майлар компоненттерінің құрамына кіреді. Қорғасын, кобальт және марганец
нафтенаттары
лактар-бояулар
өндірісінде
сиккативтер
(олифаның
полимерленуін тездететін заттар) есебінде қолданылады, мыс нафтенаты
ағаштар мен маталарды бактериалогиялық ыдыраудан қорғайды.
Керосинді фракцияларда нафтен қышқылдары моноциклді болып келеді,
ал майлы фракцияларда екі және үш циклді нафтен қышқылдары кездеседі.
Нафтен қышқылдарынан басқа кейбір мұнайларда алифатикалық қышқылдар
кездеседі, мысалы Техас және Луизиана штатындағы
газды конденсатты
кенорны газынан сірке қышқылы (
𝑡
қайнау
118,5
о
С) анықталған. Көптеген
мұнайлардан әртүрлі карбон қышқылдары анықталған – құмырсқа қышқылы
(
𝑡
қайнау
100,8
о
С) және арахин қышқылы
С
19
Н
39
СООН
(
𝑡
қайнау
200,0
о
С).
Мұнайдың құрамындағы оттекті қосылыстардың ішінде нафтен
қышқылдарынан кейінгі орынды фенолдар алады. Мұнайдан бөлініп алынған
және анықталған фенолдар, негізінен С
6
–С
8
.
Күрделі эфирлер мұнайдың құрамында анықталғанымен, әлі күнге дейін
бөлініп алынған жоқ. Эфирлер 370
о
С жоғары фракцияларда жинақталған.
Кетондар, лактондар және фуран қосылыстары мұнайда өте аз таралған,
сондықтан оларды бөліп алу және зерттеу өте қиын.
Газ конденсаттарының
108
құрамында анықталған алкилкетондар (С
3
–С
6
). Орташа фракциялардан
циклопентил кетондар анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: