144
11.
МҰНАЙ ӨҢДЕУДІҢ КАТАЛИЗДІК ПРОЦЕСТЕРІ
Мұнай өнімдері өндірісінің көлемінің ұлғаюы, оның ассортименттерінің
кеңеюі, күкіртті, жоғары күкіртті және жоғары парафинді мұнайларды өңдеу
үлесінің үздіксіз артуы екіншілік, әсіресе катализдік процестердің қарқынды
дамуын талап етіп отыр. Катализаторлар химиялық реакциялардың активтену
энергиясын
төмендетуге
және
соған
байланысты
реакциялардың
жылдамдығын арттыруға, сонымен қатар процестің
температурасын біраз
төмендетуге мүмкіндік береді. Оң жылу эффектісімен сипатталатын
реакциялар үшін (полимерлену, гидрлеу, алкилдеу және т.б.)
мұның ерекше
мәні бар, себебі термодинамикалық көзқарас тұрғысынан бұл реакцияларға
жоғары температуралар тиімді емес.
Сәйкесінше, катализаторлар бұл
жағдайда
процесті
әрі
жылдамдатады,
әрі
жоғары
тепе-теңдік
концентрациясына жетуді қамтамасыз етеді. Алайда,
катализаторлар тепе-
теңдік жағдайды ығыстыра алмайтынын, олар тура реакцияны да, кері
реакцияны да бірдей дәрежеде ығыстыратынын есте ұстау керек.
Достарыңызбен бөлісу: